Қырықпышақ болды – араздасты, таласып-тартысты, ала ауыз болды.
Қыңыр жан қырық кісімен қырықпышақ боп,
Ел таппай өте берген неге арманда? [5, 297]
Іші өртену – ашулану, долығу, қызғану.
Құлагер Көкшетаудан кеп қалған соң
Қызғанып Батыраштың іші өртенген [5, 302].
Автор шығарманың мазмұн-желісіне қарай етістіктен жасалған психикалық күйді
көрсете отырып, шығарманың психикалық-эмоциялық күйін беру мақсатында қолданған.
Бұл күйді беруде келесідегідей бейнелеуіш еліктеуіш сөздер де кездеседі:
Дүрілдесу – дүр-дүр етіп ұрысу.
Жасауыл анау жерде ат аударып,
Мынау жер жесір дауы дүрілдескен [5, 284].
Күңкілдеу – реніш білдіріп міңгірлеп сөйлеу.
Ашу, кек,күңкіл басты елдің артын,
Ел шулап, қыр күйініп, қарғап қатын [5, 333].
Арс-ұрс етті – біреуді беттен алып, қарсы тұрды.
«Ел түссін, енді балуан болады»-деп,
Кәрі ояз тор қасқал арс-ұрс етті [5, 321].
Опыраңдау – аузы опыраңдау ренжу, ұрсу.
Кемпірі Сағынайдың опыраңдап,
«Кет-кет!» деп дуананы қуалап жүр [5, 284].
Кейіпкер мен сол сәттегі халықтың эмоциясын көрсету мақсатында қаламгер
бейнелеуіш еліктеуіш сөздер арқылы «ашу», «реніш» психикалық күйін бейнелі түрде, көз
алдымызға елестете отырып сипаттаған.
«Ашу» психикалық жай-күйінің тілдік емес (бейвербалды) белгілері
Психикалық күйлерді білдіретін амалдардың бірі- бейвербалды тәсілдер. Бейвербалды
амалдардың адамның көңіл-күйін білдіруде атқаратын қызметі зор. Бейвербалды амалдардың
өзін бірнеше топқа бөліп қарастырамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |