«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет12/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208
Концепт – халықтың дүниетанымын айқындайтын ерекше тілдік құбылыс. Әлемнің тілдік 
бейнесі  көрсетілген,  тілдік  ұғымда  тарихи  түрде  қалыптасқан  және  тілде  бейнеленген  әлем 
туралы  түсініктердің  жиынтығы.  Концептінің  негізгі  қасиеті  болып  оның  белігілі  бір 


 

«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
мәдениетпен,  белгілі  бір  халықтың  таным  табиғатымен  байланысты  болып  келуі.
 
Концепт 
сөздердің  беретін  мағынасын  түсіну  арқылы  қоғамның  бүкіл  бір  ұлттың,  дүниетанымын 
және  ерекшеліктерін  айқын  аңғаруға  болады.  Концепт  құрылымы  күрделі,  оның  сапына  
сөздің  алғашқы  мәні,  мазмұн  тарихы,  қазіргі  ассоциация,  коннатация  енеді.  «Біздің 
түсінігімізше  концепт  дегеніміз:  халықтың  мәдениетімен  тығыз  байланысты,  ақпараттық 
қызметтегі  жинақталған,  ортақ  мағыналық  түптен  тарайтын,  тұжырымдалған  білім.  Ол 
адамның  ойлау  қызметінің  нәтижиесі  бола  тұрып    біздің  санамыздың  бір  бөлігі  болып 
табылады.  Концепт  адамның  тәжірибиесіне  тәуелді  және  әлем  туралы  біздің  білімімізге 
байланысты қызмет етеді» [1, 17 б.].   
Енді  «әділет»  сөзінің  мағыналық,  концептілік  табиғатына  көңіл  аударайық.  Сөздің  түпкі 
мағынасы  ақиқат,  шындық  сөздерімен  мағыналас  екенін  атап  кеттік.  Сөз  тілімізде  алғашқы 
уақытта  кірме  сөз  ретінде  енгеннен  соң,  шындық  үстемдігі  мен  ақиқат  атаулы  мағынаны 
білдірді.  Кейіннен  ана  тіліміздің  қолданысына  түгелімен  енген  сөз  алуан-түрлі  мағына  мен 
мазмұнда  қолданыла  бастады.  Ендігі  де  сөз  тек  ақиқат  ұғымын  меңзейтін  мағыналық  ауқымы 
тар  сөз  болмай,  керісінше  мазмұнына  сан-алуан  ұғым  енген  күрделі  мағына  жиынтығына 
айналды. Түрлі мағынаны біріктірген сөздің мазмұны терең. Мысалы: Құлқын үшін, атаң үшін 
арын әділетін сатқан адам бір күні ата-анасын да, елін де сатады (Ғ.Мұстафин. «Көз көрген»). 
Берілген  контексттегі  мысалдан  әділет  сөзі  тек  қана  шындық  мазмұнында  қолданылып  қана 
қоймай, сонымен қатар, белігілі бір адамның жеке тұлғалық қасиет, құндылықтарын білдіретін 
аңғаруға  болады.  Одан  бөлек  әділет  сөзінің  тұлғаның  дербес  қасиетін  білдіретінін  мынадай 
мысалдардан байқаймыз: Көрінгенге қызықтым, ғаділетті жүректің әділетін бұзыппын. Қайрат 
пен ақыл жол табар қашқанға да қуғанға, әділет шапқат кімде бар сол жарасар туғанға (Абай). 
Сөздің  мазмұн  тарихына  зер  салар  болсақ  шындық  мағынасында  да  қолданылған: 
Сұлтанмахмұт:  Арманым  анау  отырған  Жаяу  Мұса  атамдай  әділет-шындық  жоқшысы  болу 
(Д.Әбілов «Ақын»).  
Жоғарыда концептінің мағынасы мен ұғымының мазмұны терең екенін әрі оның күрделі 
танымдық бірлік екенін атадық, кез келген сөздің ұғым шеңберінің артуы тікелей сол халықтың 
рухани  әлеуеті  және  ұлттық  болмысына  тәуелді.  Концептінің  негізгі  құрылымы  мен  жүйесіне 
тоқтала отырып, сөздің соған сәйкес мағынасын талдау керек. Кез келген концептілік ұғымның 
мазмұнын түсіну арқылы жеке адамның және сол жеке адам қатысты қоғам мен өркениетті және 
ұлттың дүниетанымын  ұғуға болады. Осыдан  аңғарарымыз, концепт халық  санасымен тікелей 
қатысты  болып,  оның  тарихымен  тамырласып,  тұтастай  ұлттың  дүниеге  деген  көзқарасын 
айқындайды  және  осыған  байланысты  әрбір  күрделі  тілдік  бірлік  халықтың  ойынан  тыс 
талданбауы керек. концептке ұғымға қатысты дүниенің барлығы да тегіс ортақ, алайда концепке 
сөздің  мәдени  рөлі  мен  қызметі,  бастапқы  мағынасы,  мағына  тарихы,  қазіргі  қызметі  мен 
қолданысы  енеді.  Осындай  компоненттер  табылып,  сипатталар  болса,  сөзді  концепт  ретінде 
бағалауға  толыққанды  негіз  бар.  Концепт,  сонымен  бірге,  өзінің  даму  ретіне  байланысты  әр 
дәуірдің мәдени тұнбасы болып табылады. Сол арқылы ол өз бойына ғасырдан ғасырға мағына 
мазмұны түрлене, толыса отырып әртүрлі сан-алуан мағына жиып дами алады. 
Әділет сөзі тілімізге енген уақытында бірден кең мағынаны білдіретін мағына ауқымы кең 
сөзге  айнала  қойған  жоқ.  Алғашында  сөздің  мазмұн  тарихына  зер  салар  болсақ  тек  ақиқат, 
шындық,  жөнділік,  дұрыстық  мағынасында  жайттар  мен  жағдаяттарды  сипаттап  жеткізетін 
және мағыналық жағынан осындай сөздерге жуықтайтын сөздердің болмысын сипаттайтын сөз 
қызметін  атқарған.  Алайда  сөз  тікелей  тілдің  сан-түрлі  бағыт  алып  дамуына  және  тарихи 
жағдайларға да байланысты ұдайы өркендеу және тереңдеу жағдайында болды. Қолданысы да 
артып, жаңа  мағыналарды топтастыратын күрделі бірлікке  де  айналды. Заман алмасқан сайын 
сөзге  қосымша  мағыналар  да  үстеліп,  мағыналы  сөз  тек  бір  бағытта  ғана  қолданылмайтын 
болды.  Алғашында  тек  шындық  мағынасында  қолданылып  келген  сөз  адам  қасиетін,  рухани 
әлеуеті,  әлеуметтік  жағдайды  да  сипаттап  жеткізетін.  Бұл  сөздің  қолданысы  тіліміз  бен 
халқымыздың қолданысынан шығып қалмады. Қазіргі уақыттағы бұл сөздің қолданылу аясы да 
өте кең. Заңды және заң саласын немесе заң қызметін
 
«Өткен жұмада Әділет министірлігінде 
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, басқармаларының бөлімдері, түзеу мекемелері мен тергеу 


 
10 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет