51
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Осы пәнді оқу арқылы оқушылар зерттеушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым
саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен
құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді.
Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи
білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және
қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу
біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру
келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
- қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар
мен үрдістердің өзара байланысын;
- өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің
себептерін;
- жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін
маңыздылығын.
Атаулы пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы
білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу
әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқыту зерттеу, ойлау, коммуникативтік
дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
- гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер
негізінде қорытынды жасау;
- мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру,
бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмсысының нәтижесін бағалау және
сипаттау,
пайымдау,
қорытынды шығару;
- БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Ғаламтор ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік
әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру,
ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
- өлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара
байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін
қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
- өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі
формада ұсыну;
- жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін
түсіндіру.
«Жаратылыстану» пәнін оқытудың мақсаты негізгі мектептегі «Биология»,
«География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін
күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен
үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
Пән бағдарламасы келесі міндеттерді шешуді көздейді:
- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі
мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;
жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды
идеяларымен,
жетістіктерімен таныстыру;
- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және
ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік
маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін
қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты
қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін
өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті
тәрбиелеу;