«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет154/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   208
Байланысты:
6-2018

  
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қалиев Қ. Этнопедагогика. Астана. 2003 ж. 
2.С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында 2002 ж. 
3.Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992 ж. 
4.М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие.Ұлағат.2004 ж. 
 
 
ӘОЖ 541.124 
 
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ БІЗГЕ ҚАЛДЫРҒАН МҰРАСЫ 
 
Садуакасова М.Р.
1
, бастауыш сынып мұғалімі. 
«№ 12 ОМГ» КММ
1
, Талдықорған қ. 
 
E-mail: mainur1978@mail.ru 
 
Мақалада  ақын  шығармаларының  жанға  рух,  артымызға  мұра  қалдыратындығы 
айтылады. Ақынның шығармалары адам жанын тебірентеді. 
Кілт сөздер: прозаик, драматург, сатирик, табиғат, ақын, пейзаж, Жетісу. 
 
В  статье  говорится,  что  произведения  поэта  оставляют  на  душе  дух  и  наследие. 
Сочинения поэта обожают душу человека. 
Ключевые слова: прозаик, драматург, сатирик, природа, поэт, пейзаж, Жетысу. 
 


 
127 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
The article says that the works of the poet leave a spirit and heritage on the soul. The poet's 
works adore the human soul. 
Key words: prose writer, playwright, satirist, nature, poet, landscape, Zhetysu. 
 
Ілияс  Жансүгіров  тек  ақын  ғана  емес,  үлкен  прозаик,  драматург,  сатирик  және 
талантты аудармашы да. Ілияс Жансүгіровтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны үлкен. 
Ол  өзінің  шығармаларымен  әдебиетіміздегі  көркемдік  тәсілді  қалыптастыруға  елеулі  үлес 
қосты. Заман шындығын, оның өткен шырғалаңын нақты суреттей білген реалист қаламгер. 
Сөз зергерінің айшықты туындылары қазақтың көркем сөз мәдениетін дамытты, әдеби тілді 
байытты.  Жалпы  ақындық   қасиет   адамға   ерте     қонатындығы,  әдетте   өлең   шығару   жас 
кезден  басталатыны  дүйім  жұртқа   мәлім  факт. 
Ілиястың   өскен   ортасы  да,  өмір  кешкен  қоғамы  да  оның  ең  алғаш  қалам  тартып, 
ақындық   жолға  түсуіне  түрткі   болған,  дарынын,  ішкі  талант  құбылыс-қасиетін  ашқан, 
әсемдік  әлеміне  жетелеген  –  Жетісу   табиғаты  мен  өзінің  туып-өскен  жерінің  сұлулығы. 
Әдетте,  сұлулыққа  тәнті  болған  адам  ғана   құштарланады,  іңкәрлік   сезімге   бөленіп, 
толғанысқа,  қиял-сезімге  бой  ұрады.  Бұл  жайтты  Ілияс  та  басынан  кешірген.  Бойындағы 
 сезімтал   қасиеті  оның  ойын   сан-саққа   жүгіртеді,  қинайды,  әбден  қалжырап,  бәлкім 
қасындағы  өзін   сезетіндей  адам  табылмағасын  қолына   қалам   алуы  да   ғажап  емес. 
Алғашқы өлеңдерінің бірінде  былай деп  жырлайды: 
Ащы  көңіл, 
Тұщы өмір, 
Төсек –темір, бар  ма дос? 
Қайғы баптап, 
Ойды шақтап   
Сырғанақтап жүрмін бос. 
           ( «Шам-шырақ»)  
Немесе: 
«Жел жалауды желбірет!» деп, ішкі дерттті  қалай  шығаратын   білмей  дал  болады. 
Жоғарыда   айтып   өткеніміздей,  Ілиясқа   жас,  албырт  кезінде   табиғаттың   сұлу   көрінісі 
 ерекше   әсер   еткен.  Табиғатқа   іңкәрліктен   туған   балғын   жырлары   айналадағы   тылсым 
 сәт  пен жарқыл  қаққан  өмір көріністерінен туса, кейінірек эпикалық шығармаларға  батыл 
 ауыз салады. 
“Ілияс   поэзиясындағы   мөлдір   арнаның  бірі  –  табиғат   лирикасы”-  дейді,  академик 
Р.Нұрғалиев  өзінің  “Арқау”  атты     монографиялық   еңбегінде.  “Туған   жерін,  елінің   тау-
тасын   өзен  – көлін   беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап  сұлулығынан өз 
шабытына  нұр  алып,  сан  алуан  бояулары   буырқанған   ғажап   суреттер   салды.  Бұлардың 
ішінде нақты  географиялық  адресі  танылған (“Ағынды менің Ақсуым”),  табиғаттың  бір   
сурттегі  көрінісін   бейнелейтін  (“Ақшам”,  “Бұлт”,  “Желді  күн”,  “Жазғы  таң”),құбылысты 
 көз   алдыңа   әкелетін   (“Жауында  ”,  “Жел  ”,  “Тас”)  сан   алуан   үлгілері     бар.   Натюрморт, 
этюд,  эскиз  сипатындағы  туындылардағы  ойлар,  символдық  бейнелер,  ишарат  образдар 
философиялық идеяларға  жетелейді, көп  мағыналы  сарын- әуездерді  тудырады”. 
Шынында  да   ақынға   суреткерлік,  қылқалам  шеберлігі   секілді   қасиетке  ие  болмай, 
ірі  полотно  жазу  мүмкін  емес.  Ілияс  өз   бойындағы   осы   бір   буырқанған   қасиетті 
 ауыздықтай ала  алды  ма? 
-Жоқ ! 
Шынайы  дарын  тірі,  көрікті  табиғатты  сезіне  отырып  оның   тылсымынан   шыға 
 алмастан,  оны   мүмкін-қадірінше   одан  әрі   игергісі   келетіндіктен,  қаламын  сілтей  берді. 
Қазақ   ортасында   өлең  өнері  ертеден-ақ   ерекше   орын     алды  десек,  табиғатты   жырлау 
кенже  қалған  тақырыптардың  бірі.  Ілияс   мұны   сезінбеуі  мүмкін   емес.  Сезінді  де,  осы 
 тақырыпқа  ерекше  ден  қойды. 
Ілиястың табиғат лирикасына орай  жазылған қай  өлеңін алып  қарасаңыз да, ондағы 
стил өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы  айқындалып тұрады. 


 
128 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет