нысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абай шығармашылығымен танысу сананы
оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді,
өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді. Ұлы ақын өз дәуірінің ар-ожданы, сол кезеңдегі
қазақ қоғамдық ойы мен әдебиеті Абай есімімен тығыз байланысты болды.
Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық
мәселелерін арқау еткен.
Рухани жаңғыру идеясы атамекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған
жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру –ұлттық
болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке
адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып
кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны
нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың
мемлекеттің тарихы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата
бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт
өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық
рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл
жаңашылдыққа бейім, өресі биік жастың ғана қолынан келмек. Бұл қазақтың ұл -
қыздарының ерте заманынан болашағын зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған
деңгейін көрсетеді.Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы
қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ
өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойындағы бар қабілетті,
қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының
жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу
деп түсінеді.
Жеке адамның, әлеуметтің рухани жаңғыруы өмірге, уақытқа ақыл парасатымен,
білімімен бейімделе білуде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға, уақыттқа ақыл парасатымен,
білімімен бейімдейтін ұлттық қасиетер мен құндылықтар. Атап айтсақ ұлттық сана, білім,
ғылым, ұлттық тәрбие, имандылық, тектілік және т.б. Бұлар жеке адамды қоғаммен, бүтін бір
ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген адам рухан ижаңғырудың биігіне
жете алмайды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Жаңа тұрпатты
жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.... Жаңғыру атаулы
бұрынғыдай тарих тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше,
заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрерді табысты жаңғырудың маңызды
алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр
ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі
плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» [2]
Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа
ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп
баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді,
мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекеті,
халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын
білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана.
Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен
үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте
түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін
атқарып отырған. «Мәңгілік Ел» болу идеясы ұлттың зердесінен туған дүние. Мемлекет
басшысы мақалада атап көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың
елегінен өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.
Адамның санасы күрделі иррационалды мәндерге толы дүние. Адамзат қанша
өркениет биігіне шығуға қол жеткізгенімен әлі осы күнге дейін сананың табиғаты толығымен
зерттеліп болған емес. Бірақ барлығына мәлім нәрсе сананың табиғаты үнемі жаңғыруды
133
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
қажет етеді. Адам баласының рухани жаңғыру қызметінің негізінде сананың дамуымен қатар
жүретін нәрселер еңбек, білім, адамгершілі және кісілік деңгейде ойлау. Әр ұлттың болмысы
мен мүддесінің қозғаушы күшіне айналған сана қашанда әлеуметтік және тарихи құбылысқа
ие болады. Бұндай деңгейдегі сананың түрін ұлттық сана дейміз. Сондықтанда ұлттық сана
қашанда рухани жаңғырудың негізі болып қала бермек.
Жеке адамның өзіндік санасының ұлттық санаға айналуы ұлттың руханяты арқылы
жүзеге асады. Ұлттың руханияты ұлт болмысының интеллектуалдық өрісі мен деңгейін
біріктіре отырып, ұрпақтың тулғалық қалыптасуы мен ел болмысының тұлғалануын
қамтамасыз етіп отырады. Ұлттық санамен қалыптасқан және ұлттық зердеге бағынатын
жеке адамның рухани ізденістерінің негізінде ел игілігіне ортақ, оның болашағына қызмет
ететін танымы, бойындағы қасиеттері, білімі, тәжірибесі мен идеясы қалыптасады. Жүсіпбек
Аймауытов жазып кеткендей, «Адам жанды нәрселердің ішіндегі ақылдысы, сезімдісі,
қайраттысы. Ішіп- жеу жанды нәрселердің бәрінде бар. Адам дүниеде ақылды зат болса, өмір
сүруінде де бір ақылды мақсат болуы керек. Тамақтану, нәпсісін ырза қылу, өсіп өнумен
хайуанғана қанағаттанады. Егер адам да осындай керекпен ғана қанағаттанып өмір сүретін
болса, адамның хайуандық жағы өсіп, ақылды адамшылық жағы өшкен болады». [3]
Рухани жаңғыру қоғамның барлық мүшесіне, ұлттың барлық өкілдеріне өз міндетін
жүктейтін құбылыс. Ұлттың мүддесі, тарихтың рухы, елдің болашағы халықтан, әрбір адамнан
ортақ қасиетті, ортақ құндылықтарды, ортақ дүниелерді ғана талап етеді. Ұлттық код жеке
адамды өзінің күшімен, рухымен, қасиетімен теңестіреді. Сондықтанда халық игілігін
зерделеген адамға алға қойған мақсат, өзі бағындырған белес, шыққан биігі қабілеті, білімі,
шығармашылығы арқылы келуі тиіс. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы, зиялы адам
ретінде танытатын қасиет жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі болып табылады.
Ұлттық код ұлттық болмыстың рухани көзі, тарихи негізі. Ұлттық код болмаса тарихи
ақпараттар, мәдени құндылықтар ұрпақ санасында бірікпейді. Ұлттың игілігіне негізделген
барлық тарихи және заманауи ақпараттар ұлттық код арқылы ұлттың зердесінде жинақталып,
таратылып, өңделіп жүзеге асып отырады.
Мемлекеттің тарихы ғасылар бойы қаланып отыратын қамал сияқты. Әр ғасырдың
ұрпаққа жүктелетін міндеті мемлекеттің қажеттіктерін өтеу мәселелерінен туындайды. Қазақ
хандарының заманында мемлекетті қалыптастырып нығайту, оны үнемі ел болып қорғап отыру
ұрпақ міндетіне жүктелді. Ата-бабаларымыз өздеріне жүктелген міндетті ұлттық парыз
деңгейінде түсініп қабілетті, білікті, есті, кемеңгер, ерік жігері мол жауынгер болуға ұмтылды.
Ата-бабаларымыздың батыр, би, шешен және тума талант өнер иесі болуында қазақ ұлтының
тарихи, қоғамдық санамен өмір мен уақыт талабына ілесе білген қабілеті жатыр.
Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды.
Абай айтқандай ұлттық сана болмаса «бас басына би болған өңкей қиқым» ұлттық рухы жоқ
адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухан кемелденуіне,
бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.
Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасиеттері мен рухан құндылықтарға тәуелді болса,
оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ
баласына білімнің рухын түсіндерген. Жеке адамның білімге деген құрметі оның толыққандың
білім алуына, рухани деңгейінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке
адам заманынан қалмайды, өз заманында алға ұмтылады, өз заманның жетістіктеріне қол
жеткізеді және оны ұлт игілігіне айналдыра алады. Әлихан Бөкейханов жазып кеткендей,
«Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен
іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз
аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» [4]
Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің
рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтанда елде туып, елде тұрып елге жаны
ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның
туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашырлығынан бастау алмақ.
Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақ-
134
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |