«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет8/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   208
 
 
 
 
мемлекеттік  холдингтер  тікелей  бақылауға  алған  индустриялық-инновациялық  даму 
жоспарының негізгі нысандары топтастырылған. Жалпы құны 6,8 триллион теңге болатын 101 
ірі  жоба  республикалық  картаға,  жалпы  құны  580  миллиард  теңге  болатын  139  жоба  өңірлік 
карталарға топтастырылды. 
Павлодар  облысында  «Қазақмыс»  корпорациясы  Бозшакөл  кен  байыту  комбинаты, 
Шығыс Қазақстан облысында кен байыту комбинаты, Қостанай Ақтоғай облысында «Соколов-
Сарыбай  кен  байыту  өндірістік  бірлестігінің»  металданған  өнім  өндіру  жөніндегі  зауыт  және 
ауыл  шаруашылығы  жол  құрылысы  техникалары  мен  автобустар  шығару  зауыты,  Атырау 
облысында  ықпалдастырылған  газ-химия  кешені,  «Бейнеу-  Шымкент»  газ  құбыры,  Атырау 
мұнай өңдеу зауытын қайта құру және жаңғырту, Қарағанды облысында индустриялық парктің 
инфрақұрылымы,  құрғақ  әдіспен  цемент  өндірісі,  «БелАЗ»  көлігін  құрастыру  және  қосалқы 
бөлшектер  шығару  зауыты,  темір  кенін  өңдеу    және    өндіру    кешені,    Ақмола    облысында  
«Бурабай   арнайы экономикалық аймағының шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу», 
электровоз  зауыты,    Алматы  облысында  Мойнақ  ГЭС-і,  Ақтөбе  облысында  Бестамақ  мал 
шаруашылығы кешені, мыс-мырыш өндіру жөніндегі кен байыту комбинаты фабрикасы, үшінші 
Жаңа  жол  газ  өңдеу  зауыты,  Шығыс  Қазақстан    облысында      құрғақ  тәсіл  бойынша  цемент 
зауыты,  Өскемен  металлургия  кешенінің  мыс  қорыту    және    электролиз  зауыттары,  «Өскемен 
титан-магний  комбинаты»  АҚ  титан  кесектерін  және  қорытпаларын  өндіру  зауыты,  Өскемен 
қаласында  толық  циклді  автозауыт  және  автоқұрамдар  шығаратын  технопарк,  Жамбыл 
облысында  «Қазфосфат»  кен  байыту  фабрикасы  және  күкірт  қышқылы  цехы,  Оңтүстік 
Қазақстан  облысында  «Үшбас»  және  «Герас»  кен  орындары  базасында  моноаммоний  және 
диаммонийфосфат  шығару,  Шардара  ГЭС  -  ін  жаңғырту,  Қызылорда  облысында  «Байқоңыр» 
ғарыш  айлағында  «Бәйтерек»  ғылыми-зерттеу  кешенін  құру,  Астана  қаласында  ғарыш 
аппараттарын  құрастыру-сынау  кешенін  салу,  Қазақстан  Республикасында  Жерді  қашықтан 
зондылау ғарыш жүйесін құру жобаларын жүзеге асырады. 
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іс жүзіне асыруда өндірістік 
қуаттарды  тиімді  орналастыру  кестесі  айрықша  маңызды  болмақ.    «Индустрияландыру 
картасын»  ескере  отырып  еліміздің  инфрақұрылымдық  және  ресурстық  базасын  дамытудың 
ұзақ  мерзімді  жоспарын  үйлестіреді.  Ол,  біріншіден,  мемлекетке  бизнес  қауымдастығымен 
бірлесе  отырып,  дұрыс  инвестициялық  шешімдер  белгілеуге,  екіншіден,  еліміздің 
инфрақұрылымдық және ресурстық қуатын дамыту негізінде жеке меншік саланың жобаларды 
жүзеге  асыру  жөніндегі  жұмысын  ретке  келтіреді.  Бұл  кестеге  мынандай  маңызды  салалар 
енгізілген: 
-  инфрақұрылымды  дамыту:  энергетикалық  инфрақұрылым,  көлік  инфрақұрылымы, 
темір жол, автокөлік, әуе жолы, су жолы, құбырлар желісі. 
-  ресурстық  базаларды  дамыту,  минералдық-шикізаттық:  отын-энергетикалық,  руда 
базасы, табиғи ресурстар, жер, су, еңбек ресурстары, кадрларды даярлау. 
 «Бизнестің  жол  картасы  -  2020»  бағдарламасы  Қазақстанды  үдемелі  индустриялық- 
инновациялық  дамытудың  2014  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын 
жүзеге  асырудың  тетіктерінің  бірі  болып  табылады.  Бағдарлама  жеке  кәсіпкерлікті  дамыту 
тұрғысында  шағын  және  орта  бизнеске  қаржылық  қолдау  көрсету,  әкімшілік  кедергілерді 
төмендету, тауарлар сатып алу мен қызметтер көрсетуде қазақстандық мазмұнды ұлғайту үшін 
қажетті жағдайлар жасауды қарастырады. 
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары: жаңа 
бизнес-бастамаларға қолдау көрсету, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, экспортқа бағдарланған 
өндірістерге қолдау көрсету. 
Жаңа  бизнес  –  бастамаларды  қолдауды  мына  бағыттарда  жүзеге  асырылады: 
экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 
банктер берген несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау, жобаларды жүзеге асыру үшін 
банктер 
берген 
несиелерді 
ішінара 
кепілдендіру, 
өндірістік 
(индустриялық) 
инфрақұрылымдарды  дамыту,  бизнес  жүргізуге  сервистік  қолдау  көрсету,  кадрлар  даярлау, 
жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. 


 

«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Кәсіпкерлік  секторды  сауықтыру  шеңберінде  мынадай  қолдаулар    көрсетілу  арқылы 
жүзеге  асырылады:  борышкерге  банктер  несиелері  бойынша  бұрыннан  бар  және  жоба  
қолдау  тапқаннан  кейін  пайда  болатын  бір  несиелік  желідегі  жаңа  борыштар  бойынша 
пайыздық  ставкаларды  субсидиялау,  борышкердің  салықтар  мен  бюджетке  төленетін  басқа 
да міндетті төлемдерді   (дербес   табыс  салығынан   өзге) 
төлеуін 
кейінге, 
яғни 
өсімақы есептеместен 3 жыл мерзімге қалдыра тұруды заңдық деңгейде қарау, кәсіпорынды 
қаржылық-экономикалық  сауықтыру  жоспары  шеңберіндегі  өзге  де  сауықтыру  шаралары, 
оның  ішінде  Қазақстанның  қор  биржасында  орналастырылған  облигациялар  бойынша  ішкі 
кредиторлар алдындағы борыштар [3]. 
Экспортқа  бағдарланған  өндірістерге  мемлекеттік  қолдау  бұрыннан  бар  банк 
несиелерінің        пайыздық        ставкаларын    субсидиялау      арқылы  жүзеге  асырылады. 
Бағдарламаның  бұл  бағытына  тау-кен  және  металлургия  өнеркәсібі  кәсіпорындарынан  тыс, 
экономиканың былайғы барлық секторларында өндірілген өнімдерінің 10 пайыздан астамын 
экспортқа шығаратын кәсіпкерлер қатыса алады[4].   
Экономикалық  өсу  орталықтарын  қалыптастыру  мақсатында  Астана  және  Алматы 
қалаларын  дамытуды  қолдау  экономикалық  белсенділікті  және  инвестициялық 
тартымдылықты  ынталандырудың  түрлі  тетіктері  арқылы,  оның  ішінде  қамтамасыз  ететін 
инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік инвестициялар тарту  есебінен жүзеге асырылатын 
болады.  Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  
стратегиясы – көп мақсатты бағдарлама, бағдарламаға енген әрбір  жоба  көп функционалды, 
сондықтан  да  Қазақстан  экономикасын  индустрияландыру  бойынша  айқындалған  барлық 
міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді. 
Экономикадағы  қайта  құрулар  көптеген  жағдайларда  мемлекеттің  экономикалық 
саясатының  ғылыми  тұғырнамасына  байланысты  болып  келеді.  Қазіргі  таңда  ғылыми 
негізделген  экономикалық  саясаттың  қажеттілігі  мемлекет  және  әртүрлі  нарық 
институттарының,  заң  шығарушы  органдар  мен  атқарушы  органдардың  қызметтерінде 
маңызды  орын  алып  отыр.  Мемлекеттің  әлеуметтік-  экономикалық  саясаты  мемлекеттілік 
институтының  пайда  болуымен  бірге  әрекет  етіп  келеді.   Мемлекеттік  бағдарламаның  бұл 
қатынастарда алатын орны ерекше. 
Қорытындылай  келе,  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесін  енгізуді  қамтамасыз  ету 
мақсатында  мемлекеттегі  әрекет  етіп  жатқан  стратегиялар,  тұжырымдамаларды,  мемлекеттік, 
салалық  бағдарламаларды  жаңа  жүйеге  сәйкестендіруге  бағытталған  жұмыстар  жүргізу 
міндеттерін бекітіп отыр. Қазақстанның НББ жүйесіне  тиімді көшуде  айтарлықтай  созылмалы 
уақыт қажет. Бұл жөнінде осы төңіректегі  әлемдік тәжірибе де куәландырады. Тағы айта кету 
қажет, әр түрлі елдерде НББ-ға ену жөнінде біргелкі тәсіл жоқ. Реформалар пакетінің мазмұны 
мен осы реформалардың іске асыру уақытын таңдау әрбір ел үшін бірегей. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет