Жануар физол



Pdf көрінісі
бет106/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Бақылау сұрақтары 


 

133


1. Ұлпа сұйықтығы дегеніміз не, ол қалай түзіледі? 

2. Лимфа дегеніміз не, оның құрамы мен қасиеттері қандай? 

3. Ұлпа сұйықтығының тұрақтылығын сақтауда   ұлпалық тосқауыл қандай 

рөл атқарады? 

4. Лимфа түйіндерінің қызметін атаңыз. 

6.

 



Лимфа айналымы қалай атқарылады? 

 

 



Тараудың қысқаша сөздігі 

Кəріз - дренаж 

Көкіректік өзек – грудной проток 

Лимфа айдағыш заттар – лифогонные вещества 

Лимфа түйіндері – лимфатический узел 

Сөл (лимфа) – лимфа 

Тосқауыл – барьер 

Ұлпа сұйықтығы – тканевая жидкость 

Ұлпа тосқауылы – гистогематический барьер 

 

 



7-ТАРАУ 

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІ³ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 

7.1. Тыныстың физиологиялық мəні. Тыныс ағзалары 

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегіні сіңіріп, көмір 

қышқыл  газын  бөлуі.  Организмнің  тіршілігі  үшін  қажет  энергия  сыртқы 

ортадан қабылданған қоректік заттардың тотығуы нəтижесінде алынады. Бұл 

күрделі процесті қамтамасыз ету үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу аз 

ғана  уақытқа  толастағанның  өзінде  организмде  күрделі  өзгерістер  туындап, 

тіршілік тоқтайды. 



Тыныс  алудың  мəні  организм  торшаларын  оттегімен  қамтамасыз  ету 

арқылы  қоректік  заттар  құрамындағы  знергияны  биологиялық  құнды  түрге 

айналдырып,  көмірқышқыл  газын  денеден  бөлуде.  Тыныс  алу  процесінің 

нəтижесінде  организмге  түскен  оттегі  торшаларға  жеткізіліп,  онда  ол  ірі 

молекулалы заттардан бөлінген көміртегі мен сутегіге қосылады да, ақырғы 

ыдырау  өнімдері  –  көмір  қышқыл  газы,  су  жəне  басқа  қосылыстардың 

құрамына енеді. 

Организм  үшін  тек  ауаның  құрамының  ғана  емес,  оның  физикалық 

күйінің  де  маңызы  зор.  Мысалы,  ауада  оттегі  иондары  болмаған  жағдайда 

мал тез өліп қалады. Демек, организмдегі тотығу процесіне оттегінің табиғи 

молекуласы  емес,  теріс  зарядталған  иондары  ғана  қатысады.  Тыныс 

жолдарының  шырышы  оттегі  молекулаларын  теріс  зарядтап,  олардың 




 

134


өкпедегі  газ  алмасуға  қатысуына  жол  ашады.  Оттегі  иондары  көп 

сақталмайды, 10 минут ішінде бұзылады, сондықтан организмде оттегі қоры 

жиналмайды

Бір  торшалы  қарапайым  жəндіктер  мен  төменгі  сатыдағы  көп  торшалы 

организмдерде  газ  диффузиялы  түрде  бүкіл  дене  беткейінің  қатысуымен 

алмасады.  Организмнің  күрделенуімен  байланысты    арнаулы  тыныс 

органдары  пайда  болады.  Мысалы,  насекомдарда  газ  алмасу  процесі 

тарамдала орналасқан  ерекше  түтікшелер жүйесі  арқылы  атқарылады.  Бұл 

түтікшелердегі  ауа  қоры  арнаулы  тыныс  қимылдарының  əсерімен  алмасып 

отырады. Суда мекендейтін жануарларда арнаулы тыныс органы - желбезек 

пайда болады. Бұл ағзаның тамырлары сумен үздіксіз шайылып отырады да, 

оның құрамындағы оттегіні сіңіреді. 

Қос мекенділерде қарапайым өкпе пайда болады, бірақ газ алмасу процесі 

негізінен  (2/3)  тері  арқылы  жүреді.  Бауырымен  жорғалаушыларда,  құстарда 

жəне  сүт  қоректілерде  өкпе  жақсы  дамып,  оның  құрылысы  күрделенеді  де, 

тері дененің сыртқы жабындысына айналады. 

Сүт  қоректілердің  тыныс  аппараты  жоғарғы  (мұрын  қуысы  мен 

жұтқыншақ)  жəне  төменгі  (кеңірдек,  бронхы  жəне  бронхиолалар)  тыныс 

жолдары мен оң жəне сол өкпеден тұрады. 

Дем алу кезінде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан 

тазарып, жылиды, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді. 

Тыныс жолдарында жұтылған ауаның 30 пайызы қалады да, ол газ алмасу 

процесіне  қатыспайды.  Дем  шығарған  кезде  организмнен  алдымен  осы  ауа 

шығады.  Сол  себепті  мұрын  қуысынан  өкпе  көпіршіктеріне  (альвеолаларға) 

дейінгі  жолды  “пайдасыз  кеңістік”  деп  атайды.  Бұл  тек  шартты  атау  ғана, 

шын  мəнісінде  тыныс  жолдарында  ауа  тазарып,  жылынып,  ионданып, 

дымқылданады.  Мұрын  қуысының  кілегейлі  қабығында  тыныс  ауасының 

сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары орналасады. Тыныс 

жолдарының эпителийі шырышқа жабысқан тозаңдарды өздерінің түктерінің 

көмегімен аңқа қуысына қарай кері айдап, сыртқа бөлуге көмектеседі. Тыныс 

жолдарында  түрлі  қорғаныстық  рефлекстерді  (жөтелу,  түшкіру)  тудыратын 

сезімтал жүйке ұштары орналасқан. 

Өкпе ұлпасы альвеолалардан құралған. Өкпеде альвеолалар саны орасан 

көп,  сондықтан  өкпенің  тыныстық  аумағы  өте  үлкен.  Мысалы,  қойда 

альвеолалардың  жалпы  беткейінің  ауданы  50-80  м

жетеді  де,  дене 



беткейінен  100  есе  артады.  Альвеолалар  қабырғасы  бір  қабат  жалпақ 

эпителийден  түзіледі  де,  оның  сыртқы  жағында  аз  мөлшерде  серпімді 

талшықтар, көптеген қан капиллярлары орналасады (52-сурет). Альвеоланың 

ішкі  беткейі  сурфактант  деп  аталатын  ерекше  сұйықтықпен  шыланады. 

Альвеолалар мен капиллярлардың жанасу қабырғасының жалпы қалыңдығы 

0,004 мм ғана, сондықтан ол газ алмасуға айтарлықтай кедергі болмайды. 




 

135


 

 

Қанның  оттегімен  қанығуына  өкпедегі  қан  тамырларының  құрылым 



ерекшеліктері  де  ықпал  етеді.  Өкпе  капиллярлары  кең  (диаметрі  40  мкм-ге 

дейін)  жəне  тар  (диаметрі  11  мкм)  тұзақ  торларын  құрайды.  Альвеолалар 

кеңістігінің көп мөлшерін қамтитын кең тұзақ торларының капиллярларынан 

қан  толассыз  ағады.  Бұл  капиллярлар  тұзағы  бір-бірімен  жалғаса  келіп 

альвеолалық тор түзеді. 

 

Тыныс алу процесі бірнеше кезеңге бөліне ді: 1) сыртқы орта мен өкпе 



альвеолалары  арасындағы  ауа  алмасу,  немесе  сыртқы  тыныс;  2)  өкпе 

альвеолалары мен қан арасындағы газ алмасу, өкпедегі газ алмасу; 3) қанның 



газдарды  тасымалдауы;  4)  қан  мен  ұлпалар  арасындағы  газ  алмасу  (ішкі 

тыныс); 5) торшалардың оттегіні пайдаланып, көмір қышқыл газын бөлуі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет