273
Жануарлар
Қандағы глюкоза
мөлшері, мг/100 мл
Жануарлар
Қандағы глюкоза
мөлшері мг/100 мг
Ірі қара
Қой
Жылқы
Шошқа
Ит
40- 60
40-60
65-95
60-90
70-100
Мысық
Қоян
Тауық
Қаз
60-95
80-100
160-200
140-160
Көмірсулардың алмасуында бауырмен қатар бұлшық еттер, ми, бүйрек,
желін зор рөл атқарады. Көптеген ұлпалар мен ағзалар энергия көзі ретінде
глюкоза мен май қышқылдарын, ал ми торшалары бұл мақсатта тек
глюкозаны пайдаланады.
Ұлпаларда көмірсулар фосфорлану процесінен өтіп, глюкозалы - 6-
фосфат түзіледі де, оның бір бөлігі тотығып, көмір қышқыл газы мен су
бөлінеді. Бұл реакция барысында босанған энергия АТФ түзуге жұмсалады.
Сонымен қатар глюкозалы-6-фосфат өзгерістері кезінде пайда болған
пируват пен ацетил-КоА альфа- кетоқышқылдар түзуге пайдаланылады.
Қандағы глюкозаның көп мөлшерін бұлшық ет сіңіреді. Анаэробты
ыдырау кезінде одан сүт қышқылының екі молекуласы бөлінеді. Бұл реакция
барысында босанған энергияның бір бөлігі жылуға айналып, қалқан бөлігі
АТФ түзуге жұмсалады. Айта кетер жайт, гликолиз кезінде сүт қышқылының
екі молекуласы мен АТФ-тің екі молекуласы босанса, гликогенолиз кезінде
сүт қышқылының екі жəне АТФ-тің үш молекулалары босайды.
Ұлпалардағы алмасу кезінде пайда болған сүт қышқылының
85 пайызы аэробты жағдайда қайтадан гликоген түзугеге пайдаланылып, тек
15 пайызы алдымен пируватқа айналады да, соңынан толық тотығып, көмір
қышқыл газы мен су бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесі торшаларында глюкоза қоры мол болмайды,
сондықтан олар қаннан қантты үздіксіз сіңіріп отырады. Ми қан
құрамындағы глюкозаның 12-15, ішек - 9, бүйрек - 5 пайызын сіңіреді. Мида
глюкоза тікелей аэробты жолмен тотығып, көмір қышқыл газы, су жəне көп
мөлшерде энергия бөлінеді. Бұл энергияның біраз мөлшері АТФ түзу үшін
жаратылады. Кейбір ағзалар (көк бауыр, өкпе) глюкозаны сіңірмей қан
құрамында аз мөлшерде кездесетін гликогенді пайдаланады.
Бүйректе бауырдағы сияқты глюкозаның аэробты тотығуы басымырақ
жүреді де, глюкоза фосфотриозаның екі молекуласына ажырап, олардан
пируват түзіледі. Пируват ацетил-КоА түрінде Кребс айналымына қосылады
да, тотығу нəтижесінде көмір қышқыл газы, су жəне энергия бөлінеді.
Көмірсулар алмасуы кезінде түрлі органдар арасында күрделі қатынас
қалыптасады (12-схема).