Жануар физол


 Көмірсулар, майлар жəне белоктар алмасуындағы



Pdf көрінісі
бет212/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

9.7. Көмірсулар, майлар жəне белоктар алмасуындағы 

ара байланыс 

Организмде  көмірсулардың,  липидтердің,  белоктардың  алмасуы  тығыз 

байланыста өтеді. Оның бірнеше себебі бар, атап айтқанда: əрбір зат алмасу 

процесінің  жеке  жолдары  өзара  байланыста  болады  да,  организмде  жалпы, 

барлық  органикалық  заттарға  ортақ  алмасу  арнасы  қалыптасады;  əр  түрлі 

органикалық  заттар  көптеген  ортақ  аралық  өнімдер  түзеді  жəне  денеде  бір 

заттан  екінші  түрлі  қосылыстар  синтезделе  береді  (мысалы,  көмірсулардан 

майлар,  белоктан  көмірсулар  т.с.с.);  денеде  əртүрлі  қосылыстардың  ортақ 

көзі бола береді жəне бір гормон бірнеше алмасу жолын өзара байланыстыра 

отырып,  əртүрлі  биохимиялық  реакциялар  тізбегін  реттейді.  Айта  кетер 

жайт,  əртүрлі  алмасу  жолдарының  арасындағы,  əртекті  заттардың  түрлену 

процестеріндегі  байланыс  шектеулі  қосылыстар  арқылы  қалыптасады  (14-

схема). Бұл қосылыстарға  

 

                                            Азық 



 

 

АҚЖ 



 

 

ҚАН 



 

 

 



 

Торша 


цитоплазмасы 

 

 



 

 

Митохондриялар  



 

 

 



 

                                                                      

                                                                  2Н                             

                                                                  2Н 

                                                                  2Н    

Áåëîêт-ð 

ʼìiðñóë-ð 

Ëèïèäтåð 

-ìèí 

ºûøºûëä-ð 



Ìîíîñ-õ-ðèäтå

ð 

Ãëèöåðèí 



Ì-é 

ºûøºûëä-ð

û 

Ïèðîæ¾çiì 



ºûøºûëû 

-öåтèëêîýíçèì-- 

¶øê-ðáî

í 

ºûøºûë 



-éí-ëûì

û 

Т



ûíûñ 

т

içáåãi 




 

283


                                                                  

 

14-схема.  Көмірсулар,  липидтер,  белоктар  алмасуындағы  ара  байланысты 

бейнелейтін схема 

пирожүзім  қышқылы  (пируват),  белсенді  ацетат  (ацетилкоэнзим-А),  3-

фосфоглицерин қышқылы жатады. Пируват амин қышқылдарының азотсыз 

қалдығынан,  глюкозадан,  глицериннен,  май  қышқылдарынан  түзіледі. 

Ацетилкоэнзим-А  (Ацетил  -  КоА)  тотықпалы  карбоксилсіздену  процесінен 

өткеннен  пируваттың    коэнзим-А-мен  қосылуының  нəтижесінде  жəне  амин 

қышқылдары мен  май қышқылдарының  тотығуы барысында  түзіледі.  Амин 

қышқылдарының  өзгерістері  кезінде  кетоқышқылдар  да  түзіледі.  Соңында 

белоктардың,  көмірсулардың,  липидтердің  алмасу  процестері  ортақ  алмасу 

арнасына  -  үшкарбонқышқылдар  айналымына  (Кребс  айналымына) 

тоғысады.  Бұл  айналым  митохондриялар  ферменттерінің  қатысуымен 

жүретін тұйықталған реакциялар жүйесінен құралады. 

Аталған айналымға көмірсулар мен майдың ыдырау өнімдері ацетил-КоА 

түрінде,  ал  амин  қықылдарының  ыдырау  өнімдері  негізінен  -  альфа–

кетоқышқылдар түрінде қосылады. Кребс айналымында ұлпалық тыныстың 

əсерімен қоректік заттар сатылы тотығу процесінен өтеді де, көмір қышқыл 

газы мен су бөлініп, АТФ түрінде энергия жинақталады.  

Организмде  пируват  көмірсулар  мен  майларды  түзу  үшін  жұмсалады 

жəне  амин  қышқылдарын  қайта  аминдеу  процестеріне  қатысады.  Ацетил-

КоА  май  қышқылдарын,  көмірсуларды,  стероидтарды,  өт  қышқылдарын 

түзу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар ол организмдегі негізгі қуат көзі 

болып табылады.  

Глюкозаның аралық ыдырау өнімі – 3-фосфоглицеринді қышқылдан май 

құрамына  енетін  глицерин  түзіледі.  Альфа-  кетоқышқылдар  амин 

қышқылдарын (глутамин, аспарагин), ал сукцинил-КоА - гемді синтездеуге 

жұмсалады.  Глюконеогенез  процесі  үшін  негізгі  метаболит  ретінде 

қымыздық-сірке қышқылы пайдаланылады. 

Зат  алмасу  процесі  кезінде  қалыптасатын  байланыстың  арқасында 

қоректік  заттардың  бір  түрінің  тапшылығы  басқа  заттың  есебінен 

толтырылып отырады. Мысалы, организмде көмірсулар майға мына желімен 

айналады:глюкоза    пируват    ацетил-КоА                бутирил  -  КоА          май 

қышқылдары;  глюкоза        глюкозалы  -  6  -  фосфат    3-фосфоглицеринді 

альдегид      глицерин.  Майдың  көмірсуға  айналуы  мына  реакциялар  тізбегі 

арқылы жүреді: май қышқылдары    ацетил - КоА    ацетат    глюкоза; май 

қышқылдары     ацетил - КоА  пируват  глицерин. Белоктар ыдыраған кезде 

босаған  амин  қышқылдарының  бір  бөлігі  глюконеогенез  процесінің 




 

284


арқасында  глюкозаға  айналады.  Өз  ретінде  көмірсулар  ыдыраған  кезде 

түзілген  пируват  тотықсыздана  аминделу,  немесе  қайта  аминделу 

процестерінің 

нəтижесінде 

аланиннің, 

аспарагин 

жəне 

глутамин 



қышқылдарының негізі ретінде пайдаланылады. 

Амин  қышқылдары  май  қышқылдарына  көбінесе  глюкоза  түзу  арқылы 

айналады.  Дегенмен,  кейбір  кетогенді  қышқылдар  (лейцин,  изолейцин, 

фенилаланин, тирозин) аралық өнім ретінде ацетон-сірке қышқылын түзетін 

болғандықтан, 

бірден 


май 

қышқылдарына 

айнала 

алады. 


Май 

қышқылдарынан тікелей амин қышқылдары түзілмейді, себебі жануарларда 

алмастырылатын  амин  қышқылдарын  түзуді  қамтамасыз  ететін  қос 

көміртекті  фрагменттерді  үшкөміртекті  қосылыстарға  айналдыратын  тетік 

болмайды. 

Зат  алмасу  жолдарының  энергиялық  гомеостазды  сақтаудағы  ара 

байланысы  қандағы  глюкоза  деңгейінің  тұрақтылығын  сақтауда  жақсы 

байқалады.  Гипогликемия  жағдайында  инсулин  кереғарларының  түзілуі 

күшейіп, тек гликогенолиз процесі ғана жанданып қоймайды, сонымен қатар 

организмде  белоктар  мен  майлар  да  ыдырайды.  Осының  нəтижесінде 

денедегі  еркін  амин  қышқылдарының,  глицериннің,  эфирленбеген  май 

қышқылдарының мөлшері артып, глюконеогенез процесі есебінен  жəне май 

қышқылдарының ыдырауы салдарынан глюкоза түзу процесі күшейеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет