Жануар физол


 Дəрмендəрілер (витаминдер) жəне



Pdf көрінісі
бет218/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

9.9. Дəрмендəрілер (витаминдер) жəне 

олардың маңызы 

 

Дəрмендəрілер  төмен  молекулалы  органикалық  қосылыстар,  ол 

өсімдіктен синтезделетін, адам мен жануарлар тіршілігі үшін аса қажетті зат. 

Маңызды  қоректік  заттар  -  белоктар,  көмірсулар,  липидтермен 

салыстырғанда дəрмендəрілер организмге өте аз мөлшерде ғана қажет, бірақ 

олар  зат  алмасуда  катализаторлық  қызмет  атқарады.  Азық  құрамында 

дəрмендəрілердің  болмауы,  немесе  тапшылығы  зат  алмасу  процесін  бұзып, 

түрлі ауруларға (рахит, полиневрит, ақшам соқыр т.б.) шалдықтырады. 

 Дəрмендəрілер  тек жануарлар  мен  адамдардың  қалыпты  қызметіне ғана 

емес,  жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  мен  микроорганизмдерге  де  аса  қажет. 

Өсімдіктердің  қалыпты  дамуы,  микроорганизмдердің  өсіп-жетілуі  де 

дəрмендəрілерге  байланысты.  Дəрмендəрілер  мен  ферменттер  арасында  да 

тығыз  байланыс  қалыптасқан.  Көптеген  дəрмендəрілер  белокпен  қосылып 

ферменттер түзеді. Демек, организмде дəрмендəрілер жетіспесе, құрамында 

осы  дəрмендəрі  болатын  ферменттің  белсенділігі  төмендейді,  белгілі  бір 

биохимиялық процесс бөгеледі, не бұзылады.  

Дəрмендəрілер ерігіштік қасиетіне қарай майда еритін жəне суда еритін 

топтарға бөлінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет