11.2. Гормондар, олардың қасиеттері мен ұлпаларға
əсерінің механизмі
Гормон деген терминді 1902 жылы ағылшын ғалымдары В.Бейлис пен
Э.Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлінуін реттейтін секретин деген затқа
байланысты енгізген. Табиғатына қарай гормондарды төрт топқа бөледі:
стероидтық гормондар, полипептидтік гормондар, амин қышқылдарының
туындылары, белок тектес гормондар.
Стероидтық гормондар холестериннің туындылары болып табылады.
Оларға бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің жəне жыныс бездерінің
гормондары жатады. Полипептидтік гормондарға окситоцин, вазопрессин,
амин қышқылдары туындыларына – тироксин, бүйрек үсті бездерінің боз
затының гормондары (катехоламиндер), ал белок тектес гормондарға
гипофиздің алдыңғы жəне ортаңғы бөліктері мен аралшық без (ұйқы безі)
гормондары жатады.
Организмдегі əсер сипатына қарай гормондар метаболиттік,
морфогенездік жəне үйлесімдік гормондар болып үш топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |