Эндокриндік бездер сығындысын жəне гормондар егу. Сығынды
дайындау үшін без ұлпасы майдаланып, езіледі де, əр түрлі ерітінділермен
шаймаланады (экстракцияланады). Бұл жағдайда сығындыда гормондармен
бірге басқа да биологиялық белсенді заттар болады, сондықтан тəжірибеде
таза гормондық препараттар қолданылады. Қазіргі кезде көптеген гормондар
таза күйінде алынады, немесе фармаколо- гиялық өндіріс мекемелерінде
синтезделеді.
5. Парабиоз, немесе организмді қосарлау. Арнаулы операция жасап, бір
түрге жататын екі организмнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ
қан айналым жүйесін қалыптастырады (129-сурет).
129-сурет.
Парабиоз
(қосарлау)
əдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |