Жануар физол



Pdf көрінісі
бет341/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Физиологиялық  тыныштық  деп  жеке  ұлпалар  мен  органдардың  өзіне 

тəн  əрекетін  атқармаған  күйін  айтады.  Мысалы,  ет  жиырылмаса  оны 

тыныштық  күйде  деп  есептейді.  Əрине,  бұл  тек  шартты  тыныштық,  оның 

себебі кез келген əретсіз органдарда күрделі зат алмасу процесі жүріп, оның 

қарқыны  өзгеріп  отырады.  Ал,  зат  алмасу  -  əртүрлі  органикалық  жəне 

бейорганикалық  қосылыстардың күрделі өзгерістері, ерекше қимылы. 

Органдар əрекеті екі түрде - қозу немесе тежелу түрінде байқалады. Қозу 

деп  тітіркендіру  салдарынан  тірі  ұлпалардың  əрекетті,  белсенді,  белгілі  бір 

қызмет  атқара  алатындай  жағдайға  келуін  айтады.  Қозу  түрлі  физика-

химиялық,  функционалдық  өзгерістер  жиынтығынан  тұратын  күрделі 

биологиялық  реакция.  Қозу  тек  тірі  ұлпаларға,  тірі  организмге  тəн  қасиет. 

Организмде  қозғыштық  қасиет  жойылса,  торшалардың  қызметі  бұзылып, 

тіршілік тоқтайды. 

Қозу  процесіне  əртүрлі  өзіндік  жəне  жалпылама  белгілер  тəн.  Қозған 

ұлпаларда  алдымен  жалпылама  белгілер  сезіледі.  Мысалы,  зат  алмасу 

процесі  күшейеді,  оның  химиялық  құрамы  мен  физика  -  химиялық 

қасиеттерінде сандық жəне сапалық өзгерістер  пайда   болады.   

Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембрана бетімен жайыла таралатын 

электр  тогы  пайда  болады.  Осымен  байланысты  мембрана  беткейінің 

электрлік зарядының өзгеруі қозу процесінің бір белгісі болып табылады. 

Қозудың  өзіндік  белгісі  əрбір  органның  өзіне  тəн  қызмет  əрекетімен 

бейнеледі. Мысалы, қозған ет талшықтары жиырылады, без ұлпасы - секрет 

бөледі, жүйке талшықтарында тітіркеніс (импульс) пайда болады. 

Қозу - толқын сипатта таралатын процесс. Ұлпаның бір жерінде пайда 

болған  қозу  оның  басқа  бөліктеріне  жайыла  таралады.  Ет  пен  жүйке 

ұлпаларында қозу электрлік жолмен, əрекет потенциалы түрінде таралады. 

Ұлпаның  бір  торшасында  немесе  бір  жерінде  пайда  болған  əрекет 

потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. 



Тежелу  -  тірі  құрылымдардың  ерекше  биологиялық  күйі.  Тежелу 

процесі  де  тірі  ұлпаның  тітіркендіргіштерге  белсенді  реакциясы 

нəтижесінде  қалыптасады.  Тежелу  кезінде  ұлпалар  мен  ағзаларға  тəн 

əрекеттер толастайды.  

Тежелу  процесі  өзінің  сыртқы  белгілері  жағынан  физиологиялық 

тыныштыққа ұқсас. Бұл екі жағдайда да органдардың əрекеті байқалмайды, 

тоқтайды.  Бірақ  бұл  екі  күйдің  арасында  күшті  ішкі  айырмашылық  бар: 

тежелу  кезінде  органдардың  қозғыштығы,  лабильділігі  күрт  төмендейді, 

теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу процесі қозу процесімен бірлесе 

отырып  тірі  құрылымдардың  сыртқы  орта  жағдайларына  бейімделуін 

қамтамасыз етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет