Жануар физол



Pdf көрінісі
бет467/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   504
қасиеттері 

 

Анализатор- талдағыштар (грек тілінде аnalіsіs - жіктеу, талдау деген 

мағына  береді)  деп  сыртқы  жəне  ішкі  орта  тітіркендіргіштерін  қабылдап, 

талдау  жүргізетін  жүйкелік  құрылымның  күрделі  жүйесін  айтады. 

Талдағыштар  қабылдаушы  құрылымнан  -  рецептордан,  өткізгіш  бөліктен 

(жүйкелік  жолдан)  жəне  мидың  үлкен  жарты  шарларының  қыртысында 

орналасқан  орталық  бөлімнен  тұрады.  Демек,  кез  келген  анализатор 

сезімтал құрылымнан - рецептордан басталады. 

Тарихи  даму  процесінде  əрбір  анализатор  тітіркендіргіштің  белгілі  бір 

түрін  қабылдауға  бейімделеді.  Рецепторда  тітіркендіргіш  энергиясы 

электрохимиялық  потенциалға  айналады  да,  əр  түрлі  амплитудалы  жəне 

түрлі  тербелісті  импульстер  коды  пайда  болады.  Одан  əрі  бұл  импульстер 

жүйке  орталығына  (сенсорлық  құрылымдарға)  жеткізіледі  де,  ол  жерде 

талдау процесі жүріп, код шешіледі, түйсік пайда болады (237-сурет). 

 

 



 

630


 

237-сурет. Анализаторлардың құрылым принципінің схемасы: 

І – афференттік талшықтар (А) тоғысатын жұлын мен сопақша ми аумағы; ІІ 

– таламус аймағы; ІІІ – ми қыртысы аймақтары; 1-7 – рецепторлар. 

 

Физикалық  тұрғыдан  барлық  сезімдік  жүйелерде  туындайтын 



потенциялдардың  бір-бірінен  айырмасы  болмайды.  Хабардың  сапасы  мен 

пайда  болатын  түйсік  сипаты  рецепторлардың  өзіндік  қасиеті  мен 

импульстер  жеткізілген  сенсорлық  аймақ  табиғатына  байланысты. 

Рецепторларға күші жеткілікті инадекватты тітіркендіргішпен əсер еткенде 

сол сезім мүшесіне тəн түйсік пайда болады (мысалы, көз соққыға ұшыраса 

-  ұшқын  көрінеді).  Осымен  байланысты  неміс  физиологы  И.Мюллер  сезім 

мүшелері  «өзіндік  энергияң  заңы  негізінде  қызмет  атқарады  деп 

тұжырымдаған. 

Мюллердің  пікіріне  сəйкес  кез  келген  түйсік  (сəуле,  дыбыс,  дəм  т.б.) 

сыртқы орта заттарының қасиетін, сипатын бейнелемейді, ол сезім мүшесінің 

табиғатына  сəйкес,  оның  функционалдық  ерекшелігімен  байланысты 

туындайды. Мысалы, тітіркендіргіш əсерімен есту жүйкесі қозса, дыбыс, үн 

естіледі.  Иістік  жүйке  қозса  -  иіс  білінеді  т.с.с.  Демек,  бұл  заң  түйсіктің 

себептілігіне  күмəн  келтіріп,  қоршаған  ортаны,  болмысты  тану  мүмкіндігін 




 

631


жоққа  шығарады.  Осыған  байланысты  аталған  заң  «физиологиялық 

идеализмң деп аталған философиялық ағымның негізіне алынған. 

Диалектикалық  материализм  түйсікті  қоршаған  ортадағы  заттардың 

субúективті  бейнесі,  сыртқы  дүниенің  санада  бейнеленуі  деп  санайды. 

Сыртқы орта - түйсіктер көзі, сезім мүшелері - əсерді қабылдайтын қақпа, ал 

ми - қабылдау процесінің нақтылығын, дəлдігін қамтамасыз ететін мүше. 

Талдағыштар  организмде  орналасқан  орнына  қарай  сыртқы  жəне  ішкі 

болып екіге бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары 

контактық 

(түйіспелі) 

жəне 

дистанциялық 



(алшақтық) 

экстерорецепторлардан 

құралады. 

Контактық 

рецепторлар 

тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары 

(ауырсынту,  температуралық,  жанасу)  мен  дəм    рецепторы  жатады. 

Дистанциялық  рецепторлар  тітіркендіргішпен  тікелей  жанаспай-ақ 

алшақтан қозады. Оларға иіс, көру, есту талдағыштары жатады. 



Ішкі  талдағыштардың  қабылдаушы  аппаратын  интеро-  (ішкі)  жəне 

проприорецепторлар  (бұлшық  ет,  сіңір  рецепторлары)  құрайды.  Ішкі 

анализаторлар  организмнің  ішкі  ортасы  мен  ішкі  органдарынан  жеткен 

сигналдарды  қабылдап,  талдауға  арналған.  Олар  тек  түйісу  рецепциясына 

негізделген. 

Эволюциялық даму процесінде əрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі 

бір  түрін  қабылдауға  бейімделген.  Дегенмен,  барлық  талдағыштарға  тəн 

ортақ қасиеттер де болады. Олар мына төмендегілер. 



Жоғары  сезімталдық.  Талдағыштардың  қозу  табалдырығы  төмен 

болады.  Олардың  рецепторлық  аппараты  үйреншікті  тітіркендіргіштер 

əсеріне өте сезімтал, сондықтан оңай қозады.  

Анализаторлардың  келесі  қасиеті  -  арнаулылық,  талғамдылық,  тек 

белгілі  бір  тітіркендіргіш  түрін  қабылдауға  бейімділік.  Əрбір  анализатор 

рецепторы белгілі бір энергия түрінде ғана жауап береді. Көру анализаторы 

үшін  адекватты  тітіркендіргіш  -  сəуле,  есту  анализаторы  үшін  -  дыбыс 

толқыны,  т.с.с.  болып  табылады.  Бірақ  анализаторларда  қозу  өте  күшті 

инадекваттық  тітіркендіргіштер  əсерінен  де  туындайды.  Мұндай  жағдайда 

түйсік  əлсіз,  солғын,  көмескі  болады.  Мысалы,  көздің  торлы  қабығын, 

немесе  көру  жүйкесін  механикалық  жолмен  тітіркендіру  арқылы  жарық 

түйсігін туындатуға болады. 

Анализаторларға  реактивтілік  (əсерлілік)  қасиет  тəн.  Қозу  процесі 

туындап 


үлгермей 

тұрып-ақ 

анализатор 

тітіркендіргішке 

өзінің 

функционалдық күйін өзгертумен жауап береді. 

Анализаторлар  созылыңқы,  ұзаққа  созылған  тітіркендіргіштер  əсерін 

қабылдауға  бейім  болады.  Сезім  мүшесінің  рецепторлары  тітіркендіргіш 

əсері  тоқтағанға  дейін  орталыққа  сигналдар  жібере  береді.  Бұл  қасиеттің 

арқасында анализаторлар əсер мерзімінің ұзақтығы, оның жалғасуы жайлы 

ақпарат алады. 




 

632


Анализаторларға  сенсибилизация  қасиеті  тəн.  Тітіркендіргіш  əсері 

қайталанған  сайын  анализатордың  сезімталдығы  арта  түседі,  олардың  

қайталанған əсерді қабылдау қабілеті күшейеді. 

Сезім мүшелеріне тітіркендіргіш күшіне бейімделу қасиеті тəн. Мысалы, 

көру  мүшесі  қараңғылыққа,  есту  мүшесі  -  түрлі  дыбысқа,  иіс  мүшесі  - 

иістерге  бейімделе  алады.  Тітіркендіргіш  əсерінің  басында  рецепторлар 

күштірек  қозады  да,  соңынан  олардың  қозғыштығы  қажымай-ақ  біртіндеп 

төмендей  бастайды,  бірақ  олардың  сезімталдығы  шапшаң  қалпына  келеді. 

Сезім  мүшелерінің  бейімделгіш  қасиеті  тітіркендіргіш  күші  мен  оның  əсер 

ететін  мерзімінің  ұзақтығына  байланысты.  Тітіркендіргіш  күші  зор  болса, 

бейімделу  шапшаң  жүреді.  Адаптация  қасиеті  барлық  анализаторда  бірдей 

дəрежеде байқалмайды. Тітіркендіргіш сипатына тері рецепторлары шапшаң, 

ал ішкі ағзалар рецепторлары баяу бейімделеді. 

Талдағыштарға  контрастық  құбылыс  тəн.  Нақтылы  жағдайға 

байланысты  кез  келген  түйсік  күші  əртүрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы,  толық 

тыныштық жағдайында əлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі. 

Анализаторларға  түйсік  ізін  сақтау  қасиеті  тəн.  Белгілі  бір  түйсік 

тітіркендіргіш əсері (заттың бейнесі, əуен) тиылғаннан кейін де біраз уақыт 

жалғасады.  Демек,  үзілмелі  тітіркендіргіштер  үздіксіз  түйсік  тудырады. 

Мысалы,  жарқ  еткен  сəуле  оның  əсері  тоқтағаннан  кейін  де  біраз  уақыт 

сезіліп тұрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет