Бақылау сұрақтары
1. Қанның құрамы мен маңызы қандай? Плазма дегеніміз не, оның
құрамы қандай? Қан сарысуы дегеніміз не?
2. Гематокрит дегеніміз не? Организмдегі қан мөлшерін қандай
əдістермен анықтайды?
3. Эритроциттің құрылысы, құрамы қандай?
4. Эритроциттің қандай физика-химиялық қасиеттерін білесіз?
5. Лейкоциттерге физиологиялық сипаттама беріңіз.
6. Гемоглобин жəне миоглобин деген не, олардың маңызы қандай?
7. Тромбоциттің құрылым ерекшеліктері мен маңызын айтыңыз.
8. Қанның ұю процесінің механизмін түсіндіріп, желісін сызыңыз.
9. Адам қанының негізгі топтарына сипаттама беріңіз. Қанның
генетикалық жүйесі дегеніміз не?
10. Антикоагулянттар дегеніміз не, олардың маңызы қандай?
11. Гемопоэз деген не? Эритроциттер, лейкоциттер жəне тромбо-циттер
қалай түзіледі?
Тараудың қысқаша сөздігі
Жалған аяқшалар - псевдоподий
Жасуша - поры
Қан – кровь
Қан жүйесі- система крови
Қан кету – кровотечение
Қан торшалары – клетки крови
Қан түйіршіктері – форменные элементы крови
Қан түзу - кровотворение
Қан ұйық - тромб
Қан ұю – свертывание крови
Қан сарысуы – сыворотка крови
Қансырату - кровоиспускание
Қансырау - кровопотеря
Қарбу – пиноцитоз
Қорғаушы қызмет – защитная функция
Несепнəр – мочевина
Обыр торша – фагоциты
74
Секпілді қанталау – геморрагический диатез
Тасымалдаушы қызмет – транспортная функция
Торлы эндотелий жүйесі– ретикулоэндотелиальная система
Эритроциттердің тұнуы – оседание эритроцитов
Достарыңызбен бөлісу: |