Жануар физол



Pdf көрінісі
бет492/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   504
 


 

671


 

22.2. Жануарлардың қоршаған орта температурасына 

бейімделуі 

 

Сыртқы  орта  температурасы  жануарлардың  əлемде  таралуын  реттеп, 



шектеп  отыратын  маңызды  экологиялық  фактордың  бірі.  Жануарлар 

əлемінің  көптеген  түрі  өз  өмірінің  белгілі  кезеңінде  қоршаған  ортаның 

қолайсыз  температуралық  ауытқуларына  жолығып  отырады.  Оған 

организмді  бейімдеп  отыратын  арнаулы  механизмдер  болмаса  тіршілік 

тоқтаған болар еді. 

Үй  жануарлары  сыртқы  орта  температурасының  үлкен  ауытқулары 

жағдайында тіршілік етеді. Жер шарының ортаңғы полюсында сыртқы орта 

температурасының  деңгейі  -35  пен  +35

°

С  аралығында  жатады.  Мұндай 



жағдайда өнім беру үшін мал ызғарлы суықтық пен аптаған ыстықтылыққа 

төзімді  болу  керек.  Дене  температурасы  тұрақты  болған  жағдайда  ғана 

ұлпалар  мен  торшаларда  зат  алмасу  процесі  қалыпты  деңгейде  жүреді.  Ал 

дене  температурасының  тұрақтылығы  химиялық  жəне  физикалық  жылу 

реттеу  механизмдері  қызметінің  арқасында  сақталады.  Өз  кезегінде  олар 

организмнің тіршілік жағдайына байланысты өзгеріп отырады. 

Түлік  түріне,  төлдің  жасына  сай  ортаның  температуралық  оптимумы 

болады. Мысалы, жаңа туған бұзау үшін ол 16–18

°

С, бір-екі жасар торпақ 



үшін – 3–5

°

С, ал сауынды сиыр үшін 0



°

С. Сыртқы орта температурасының 

аз  мөлшерге  жоғарлауының  өзі  бейімделу  механизмін  іске  қосуға  түрткі 

болады.  Осының  нəтижесінде  организм  жылудың  артық  мөлшерінен 

құтылады.  

Ыстық  климат  жағдайында  ірі  қара  үшін  жылу  теңдестігін  сақтаудың 

маңызды  тетігі  -  тыныс  жиілігі.  Ауа  температурасы  жоғарылаған  сайын 

тыныс  жиілей  береді.  Ауа  температурасы  26,7  -37,8

°

С-ға  жеткенде  тыныс 



айтарлықтай  жиілеп,  37,8–40,6

°

С  аралығында  өзінің  ең  жоғарғы  шегіне 



жетеді.  Ірі  қара,  қой-ешкіде  полипноэ  (тыныстың  жиілуі)  тəуліктің  бүкіл 

ыстық  кезінде  байқалады.  Осы  ерекшелік  аталған  түлік  түрлерінің  ыстық 

күн  астында  ұзақ  уақыт  қала  беруіне мүмкіндік  береді.  Тыныс  жиілегенде 

организмде  жиналған  жылу  организм  жұтқан  ауаны  жылытуға 

шығындалады жəне тыныс жолының беткейінен буланады. Тыныс жолынан 

булану  процесінің  əсіресе  ірі  қара  үшін  маңызы  зор.  С.Броди  деректеріне 

сəйкес  сиырдың  джерсей  жəне  голланд  тұқымдары  ауа  температурасы 

35

°



С-ға жеткенде бөлген жылудың 26 пайызы тыныс жолдарынан буланған 

сұйық  арқылы  шығады.  Тыныс  жиілігі  сиреген  сайын  тыныс  жолдарынан 

булану  арқылы  шығарылатын  жылу  мөлшері  азая  түседі.  Ауа 

температурасы +10

°

С болса, жалпы бөлінген жылудың 10–11%, ал – 10



°

С-

да  –  шамамен  4%  тыныс  жолынан  булану  нəтижесінде  шығарылады. 



Денеден  жылу  шығаруда  тер  бөлу  процесі  де  маңызды  рөл  атқарды. 


 

672


Денеден  буланған  судың  əр  граммы  2,4  кДж  энергия  əкетеді.  Жылқы,  ірі 

қара, қой тер түрінде көп  мөлшерде су бөледі. 

Ірі  қарада  жылу  балансын  сақтау  үшін  дененің  жеке  бөліктеріндегі  қан 

айналым  қарқынының  өзгеруі  маңызды  рөл  атқарады.  И.Бикли  жылу 

реттеуде  құлақ  пен  аяқтардың  қан  тамырларының  маңызы  зор  деп 

тұжырымдайды.  Сыртқы  температура  ауытқуларына  желіннің  қан 

тамырлары күшті реакция береді. Сыртқы орта температурасы 12

°

С-ға дейін 



жетсе,  онда  құлақ  қалқаны  терісінің  температурасы  21

°

-тан  35



°

-қа  дейін 

көтеріледі.  Мүше  температурасындағы  мүндай  ауытқулар  құлақтағы  қан 

айналым қарқыны 20 есе артқан жағдайда ғана мүмкін болатын жəйт. Демек, 

құлақ  қалқанына  қанның  көп  келуінің  нəтижесінде  белгілі  дəрежеде  жылу 

бөлу қарқыны реттелінеді. 

Ыстық  климат  жағдайында  дене  температурасының  тұрақтылығын 

сақтауда малдың түсі де белгілі рөл атқарады. Түсі ақшыл мал күн сəулесінің 

20  пайызын  сіңірсе,  түсі  қара  мал  оны  толығымен  -  100%  сіңіреді.  Ыстық 

климатқа жақсы бейімделген жануарлардың түсі ақшыл, бозғылт келеді. Түгі 

қысқа жəне сирек жануарлар да ыстыққа шыдамды болады. Ыстық климатқа 

тап 


болғанда 

малдың 


европалық 

тұқымдарының 

физиологиялық 

көрсеткіштері  Орта  Азиялық  мал  тұқымдарымен  салыстырғанда  көбірек 

ауытқиды.  Қуаң  аймақтарға  бейімделген  жануарлардың  өкпесі  суды  аз 

буландырады. Олар сілекейді аз бөледі. Мұндай жануарлардың ащы ішегінде 

сөл көп бөлініп, тоқ ішегінде судың кері сорылу қарқыны күшейеді. Бүйрек 

қызметінде  де  елеулі  өзгерістер  байқалады,  иірімді  түтіктердегі  кері  сору 

процесі күшейіп, зəрдің концентрациясы жоғарылайды, қандағы несепнəрдің 

деңгейі артады, ұлпалардың оттегіні пайдалану қабілеті төмендейді. 

Кейбір  жануарлар  мен  малдың  жеке  тұқымдары  су  тапшылығына  өте 

төзімді келеді. Мұндай жануарлар денесінде май көп жинақталады (мысалы, 

түйе,  қойдың  құйрықты  тұқымдары).  Түйенің  өркешінде  100  кг  дейін  май 

жиналады.  Осы  май  су  жетіспеген  кезде  тотығып,  40–50  л  су  бөлінеді. 

Сондықтан  түйе  10–12  күн  су  ішпей  жүре  береді.  Балауса  азық  қабылдаған 

кезде  түйе  тіпті  су  ішпей  жүре  береді. Жазғы  жайлым  кезінде ол  3-4  күнде 

бір рет су ішеді. Су тапшылығы кезінде түйе денесінің температурасы 5

°

С-ға 



дейін  жоғарлайды  жəне  мұндай  мөлшердегі  ауытқу  олардың  ұлпаларының 

күйіне  айтарлықтай  теріс  əсер  етпейді.  Жылқы,  ірі  қара,  мəліш  қойлардың 

дене  температурасы  дəл  осындай  мөлшерге  жоғарласа,  олар  өліп  қалған 

болар еді.  

Жануарлар  суыққа  да  бейімделеді.  Мұндай  жағдайда  жылу  шығыны  ең 

алдымен тынысты сирету арқылы азаяды. Дене мұздаған кезде бұлшық еттер 

дірілдеп,  жылу  түзу  процесі  күшейеді.  Жылдың  суық  маусымында  түк 

ұзарып,  тығыздалады.  Суық  ауаның  əсерімен  терінің  тамырлары  тарылады 

да,  жылу  бөлу  кемиді.  Шошқада  тері  тамырларының  тарылуы  нəтижесінде 

жылу жоғалту 70 пайызға дейін кемиді. Суық кезде қан тері капилярларында 




 

673


іркіледі  де,  тері  бозарып,  көкшіл  тартады.  Мұндай  қанда  оттегі  мөлшері 

азаяды, қанның ағу жылдамдығы баяулайды. 

Шошқа терісінің барлық беткейінде температура бірдей болмайды жəне 

бұл көрсеткіш қоршаған орта температурамен байланысты өзгеріп отырады. 

Мысалы,  қоршаған  ауа  температурасы  5

°

С  тең  болса,  дененің  шығыңқы 



бөліктерінің (құлақ, құйрық) температурасы тік ішек температурасынан 18–

20

°



С  төмен  болады.  Дененің  басқа  бөліктерінде  бұл  айырма  10–12

°

С 



шамасында  сақталады.  Қоршаған  орта  температурасының  ауытқулары  аз 

болса, шошқа организмінде жылу жақсы сақталады, шошқа оған оңайырақ 

бейімделеді. 

Жылу балансын сақтауда күйісті малдардың мес қарны зор рөл атқарады. 

Мес  қарында  биохимиялық  жəне  микробиологиялық  процестер  өте 

қарқынды жүреді, сондықтан онда температура жоғарырақ болады. Осының 

нəтижесінде  сыртқы  орта  температурасының  төмендеуіне  күйісті  мал 

төзімдірек  келеді.  Керісінше  қоршаған  орта  температурасының  жоғарлауы 

күйіс малына (ірі қараға) ауырырақ əсер береді, үйткені мес қарында жылу 

түзу процесі ырықсыз жүреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет