122
Жүректегі қан айналым
қарқыны артериядағы қан қысымының деңгейіне,
жүректің соғу жиілігі мен систолалық сиымдылығына, жүрек етінің ширығу
дəрежесіне байланысты өзгереді. Жүрек тамырларының тонусына
қанның
газдық құрамы мен жүрек етінде пайда болатын алмасу өнімдері үлкен əсер
етеді. Қан құрамында оттегі азайса, жүрек тамырларының тонусы төмендеп,
тамырлар кеңейеді де, қан айналымы күшейеді. Көмір қышқыл газы мен сүт
қышқылы да жүрек
тамырларын кеңейтіп, қан айналымын күшейтеді.
Адреналин мен норадреналин гормондары жүрек тамырларын кеңейтіп, қан
айналымын жақсартса, ацетилхолин мен вазопрессин тамырларды тарылтып,
қан айналымын нашарлатады.
Жүректегі қан айналымын реттеуде маңызды рөлді орталық жүйке жүйесі
атқарады. Жүрек тамырларының шартты рефлекс əсерімен тарылатыны
тəжірибе жүзінде дəлелденген. Симпатикалық жүйке жүрек тамырларын
кеңейтіп, ағзадағы қан айналымын жақсартады, ал кезеген жүйке –
тамырларды тарылтып, қан айналымын нашарлатады деген ұғым бар. Бірақ
бұл мəселе əзірше толық дəлелденбей келеді. Кейбір деректерге қарағанда
симпатикалық жүйке құрамында жүрек тамырларын тарылтатын, ал кезеген
жүйке құрамында – кеңейтетін талшықтар болатын көрінеді. Зерттеушілердің
қорытындыларындағы қарама қайшылық аталған жүйкелер əсерінің
күрделігімен байланысты болуға тиісті. Бұл жүйкелердің əсерімен алдымен
əртүрлі экстракардиалық (жүректен тыс) көрсеткіштер өзгеріп, олар
жүректегі қан айналымына ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: