Жануар физол


ЛИМФА ЖƏНЕ ЛИМФА АЙНАЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет99/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

ЛИМФА ЖƏНЕ ЛИМФА АЙНАЛЫМЫ 

6.1. Ұлпа сұйықтығы жəне оның маңызы 


 

127


Денедегі  қан,  лимфа  жəне  ұлпа  сұйықтығы  организмнің  ішкі  ортасын 

құрайды.  Ұлпа  сұйықтығы  əрбір  жеке  торшаларды  шая  отырып,  оларды 

қоректендіруде, зат алмасу процесін қамтамасыз етуде зор рөл атқарады. 

Дененің  бірлі–жарым  ағзаларының  ғана  торшалары  (бауыр,  өкпе)  қан 

капиллярларымен  тікелей  жанасады.  Көпшілік  ағзалар  мен  ұлпаларда 

капиллярлар  мен  торшалар  аралығында  дəнекер  ұлпалар  талшығымен, 

белокты  біртекті  заттармен,  ерекше  торша  аралық    сұйықпен  толған  қуыс 

орналасады. 

Ұлпа  сұйықтығы  мен  қан  арасында  алмасу  процестері  үздіксіз  жүріп 

отырады.  Оған  қан  мен  ұлпалық  сұйықтың  осмостық  қысымдарының 

айырмасы,  капиллярлардағы  гидростатикалық  қысым  деңгейі  əсер  етеді. 

Қанның онкостық қысымы сынап бағанасымен 25-30 мм, ұлпаларда ол 2 мм-

ге тең, сондықтан су ұлпалардан  қан тамырлары арнасына еркін өте алады. 

Онкостық  қысымға  капиллярлардағы  гидростатикалық  қысым  қарсы  əсер 

етеді.  Капиллярлардың  артериялық  бөлігінде  оның  деңгейі  сынап 

бағанасымен  25-35  мм  жетеді,  ұлпа  аралық  кеңістікте  ол  с.б.  1  мм 

шамасында  сақталады,  сондықтан  су  тамырлардың  бұл  бөлігінен  торша 

аралық  саңлауға  өтеді.  Ал  капиллярлардың  веналық      ұштарында 

гидростатикалық   қысым   осмостық   қысымнан төмен   болғандықтан, су 

ұлпадан  қанға  өтеді.  Демек,  ұлпа  мен  қан  арасында  үздіксіз  су  алмасу 

процесі  жүріп  тұрады.  Ұлпалық  сұйықтың  құрамы  тұрақсыз,  ол  органның  

əрекетінің белсенділігіне қарай өзгеріп отырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет