Жануар физол



Pdf көрінісі
бет180/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   504
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

98-сурет. Сіңіру процесінің схемасы: 

1-сіңетін  заттар;  2-  тасымалдағыш;  3-торшааралық  саңлау;  4-цитоплазмалық 

тордың микротүтіктері; 5- пиноцитоз; М – сіңіру процесін энергиямен қамта-

масыз  ететін  митохондрия;  Ф  -  сорылатын  затты  тасымалдаушыдан 

ажырататын фермент; БМ – базальдық мембрана; ДҰ - дəнекер ұлпа 

 

 




 

237


Қоректік заттардың иондық, концентрациялық градиентке қарсы сорылуы 

торша  мембраналарының  белсенді  қызметінің  арқасында  жүретін  процесс. 

Сіңу  кезінде  қоректік  заттар  молекуласы  үш  мембраналық  тосқауылдан 

өтеді:  энтероциттің  ішек  қуысына  қараған  апикальдық  мембранасынан, 

торшалардың  цитоплазмалық  торының  микротүтіктерінен,  осы  торшаның 

капиллярларға  қараған  базальдық  мембранасынан  жəне  капиллярлардың 

базальдық  мемб-ранасынан  (98-сурет).  Кейбір  заттар  торша  аралық 

саңлаулар арқылы өтеді.  

Қазіргі кездегі деректерге қарағанда қоректік заттарды сіңіру процесі үш 

жолмен  жүреді.  Кейбір  заттар  ішек  қуысынан  қанға  не  лимфаға  ықпалды 



тасымалдау 

нəтижесінде 

өз 


концентрацияларының 

айырмасына 

байланысты  (осмос,  сүзілу,  диффузия  негізінде)  өтеді.  Қоректік  заттар 

молекулаларының  біраз  бөлігі  пиноцитоз  нəтижесінде  сіңеді.  Бұл  жағдайда 

оларды жеке торшалар сіңіреді де, одан əрі өзімен бірге ішек қабырғасынан 

алып  өтеді.  Пиноцитоз  құбылысы  жаңа  туған  төлдерде  жақсы  байқалады. 

Мысалы,  құлын  ішегінің  кілегей  қабығынан  алғашқы  36  сағат  ішінде  уыз 

құрамындағы  жоғары  молекулалы  глобулиндердің  еш  өзгеріссіз  өтетіні 

анықталды. Ішек қабырғасынан жұмыртқа мен сүт құрамындағы белоктар да 

өзгеріссіз өтеді. 

Бұл  процестегі  ең  күрделі  құбылыс  -  заттардың  мембраналар  арқылы 

тасымалдануы.  А.М.Уголев  энтероциттің  апикальдық  мембранасында  бір-

бірімен  жанаса  орналасқан  ас  қорыту  ферменті  мен  тасымалдаушыдан 

құралған ас қорыту-тасымалдау ансамблі болатыны жайлы  болжам жасады. 

Бұл теория бойынша ыдырау өнімдері кеңістікте шашырамай ферменттерден 

бірден  тасымалдаушыға  беріледі  де,  ырықсыз  (белсенді  механизм  негізінде) 

тасымалданады.  Сол  себепті  мембраналық  ас  қорыту  кезінде  түзілген 

мономерлер ішекке дайын күйінде құйылған мономерлерден шапшаң сіңеді. 

Аталған  процесс  мына  ретпен  жүреді.  Алдымен  ыдырау  өнімдерінің 

молекуласы  энтероцит  мембранасына  сіңіп,  тасымалдаушы  белокпен 

байланысады,  тек  май    өнімдері  ғана  мембрана  липидтерімен  қосылады. 

Пайда  болған  қосылыстар  кешені  АТФ-пен  белсендіріліп,  мембраның  ішкі 

қабатына  ығысады  да,  онда  ферменттердің  əрекетімен  субстрат  пен 

тасымалдаушыға 

ажырайды. 

Субстрат 

торша 

цитоплазмасының 



микроөзектерімен базальдық мембранаға қарай жылжып, одан өтеді де, қанға 

не  лимфаға  сіңеді.  Босаған  тасымалдаушы  торшаның  апикальдық 

мембранасының  бетіне  оралады  да,  баяндалған  құбылыс  қайталанады.  Бұл 

жолмен  табиғи  субстраттар  -  амин  қышқылдары,  қанттар,  пурин  жəне 

пирамидин негіздері сіңеді. 

Ас қорыту жолының кілегей қабығының түрлі бөлімінің сіңіру қабілеті əр 

түрлі. Ауыз қуысында сору процесі жүрмейді, тек кейбір дəрілер ғана сіңеді. 

Қарында  да  сіңіру  процесі  қарқынды  жүрмейді.  Мұнда  негізінен  су,  кейбір 

минералды  заттар,  глюкоза,  спирт  сіңеді.  Қоректік  заттардың  ыдырау  

өнімдері  күйіс  малының  алдыңғы  қарнында  қарқынды  сіңеді.  Оның  көп 




 

238


қабатты  эпителийінде  көптеген  саңлаулар  болады.  Алдыңғы  қарынның 

кілегей қабығы қан тамырларымен жақсы жабдықталған жəне оның бүрлері, 

ұялары,  қатпарлары  сору  беткейін  əлдеқайда  үлкейтеді.  Алдыңғы  қарында, 

əсіресе  қатпаршақта  ҰМҚ  қарқынды  сорылады.  Мес  қарында  аммиак, 

несепнəр,  калий,  хлор,  фосфор  иондары  жақсы  сіңеді.  Қатпаршақтан  100  л 

шамасында  су  жəне  осында  өткен  ҰМҚ-ның  70  пайызы  сорылады.  Сіңіру 

процесі ұлтабар ұшында да айтарлықтай екпінді жүрмейді.  

Қоректік  заттар  негізінен  ащы  ішекте  сорылады.  Оған  ішектің  кілегей 

қабығының  құрылым  ерекшеліктері  мен  ащы  ішекте  денеге  жеңіл  сіңетін 

ыдырау  өнімдерінің  түзілуі  мүмкіндік  береді.  Ішек  бүрлері  пішіні  жағынан 

адамның  саусағына  ұқсас,  оның  биіктігі  0,2-1  мм  шамасында.  Кілегей 

қабықтың 1 мм

2

- 20-40, ал 1 см



2

-2500-ға дейін бүр болады. Əр бүрдің беті бір 

қабат цилиндрлі эпителиймен көмкеріледі де, оның ортаңғы жағында лимфа 

тамырлары (синус) орналасады. Эпителий мен синус аралығында майда қан 

тамырлары жатады (99-сурет).  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ас  қорыту  кезінде  бүрлер  оқтын-оқтын  жиырылып,  босаңсып  отырады 



да, лимфа тамырындағы заттарды қысып шығарады. Бүр қимылын мейсснер 

өрімі  мен  вилликинин  гормоны  реттейді.  Ішектің  кілегей  қабығындағы 

қыртыстар  мен  бүрлер  оның  сіңіру  беткейін  20-25  есе  үлкейтеді.  Ішек 

бүрлерінің жалпы ауданы сиырда 17 м

2

, жылқыда- 12 м



2

, итте- 0,52 м

жетеді. 


Ішектің  əр  бөлімінде  қоректік  заттардың  сіңірілу  қарқынына  химустың 

жылжу 


жылдамдығы, 

бүрлердің 

жиырылу 

жиілігі, 

энтероциттер 

мембранасындағы  жасушалар  мөлшері,  тасымалдаушы  заттардың  орналасу 

сипаты т.б. əсер етеді. 

Барлық  малда  белоктар  мен  нуклеопротеидтер  аш  ішек  пен  мықын 

ішекте қорытылып, сіңіріледі; көмірсулар, минералды заттар, дəрмендəрілер 

 

99-ñóðåт. 



Iøåê 

á¾ðiíi» 


º½ðûëûñû. 

1 —ìèêðîá¾ðëåð, 2 —æ¾éêå 

т

-ëøûºт-ðû, 3 —-ðтåðèÿ, 4 —âåí-, 5 



—ëèìô- т-ìûðë-ðû, 6 —áiðû»¹-é 

ñ-ë-ëû åттåð.

 



 

239


ұлтабар  ұшы  мен  аш  ішектің  алдыңғы  бөліктерінде,  майлар  аш  ішектің 

ортаңғы бөлігінде, өт қышқылдарының тұздары мен натрий иондары мықын 

ішекте сіңіріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет