Жануар физол


Минералды заттардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет215/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   504
Минералды заттардың алмасуы. Дене органдары мен ұлпалары күлінің 

құрамында  60-тан  астам  минералды  элементтер  анықталған,  солардың  45-і 

тұрақты түрде кездеседі. 

Организмдегі минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене 

массасының  3,5-4  пайызы  шамасында.  Минералды  заттар  организмдегі 

химиялық реакциялар катализаторлары ретінде маңызды рөл атқарады. 

Денедегі  мөлшеріне  қарай  минералды  тұздар  макро-,  микро-  жəне 

ультрамикроэлементтер  болып  бөлінеді.  Макроэлементтер  едəуір  көп 

мөлшерде  кездеседі,  оларға  натрий,  калий,  хлор,  кальций,  фосфор,  магний, 

күкірт элементтері жатады. 



Микроэлементтер денеде өте аз мөлшерде (10

-3

-10



-5 

%) кездеседі. Оларға 

темір,  мыс,  кобальт,  марганец,  мырыш,  йод,  бром,  фтор,  никель  жатады. 

Ультрамикроэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) 

денеде  ізі  ғана  болады  (10

-6

  жəне  одан  төмен).  Аталған  элементтер 



организмге əр түрлі əсер етеді. 

Натрий негізінен биологиялық сұйықтықтар құрамында кездеседі де, қан 

мен  лимфаның  осмостық  қысымын  реттеуде  маңызды

   

рөл  атқарады.  Ол 



қанның буферлік жүйесінің құрамына ене отырып, оның əрекетшіл ортасын 

қалыпты  жағдайда  сақтауға  көмектеседі.  Натрийдің  біраз  мөлшері 

органикалық  қышқылдармен  жəне  белоктармен  байланысады.  Ол 

ұлпалардағы қозу процесінің туындап, таралуында маңызды рөл атқарады. 

Өсімдік тектес азықтардың құрамында натрий аз болады, сондықтан мал 

оны ас тұзы түрінде қабылдауға тиісті. Сиырға тəулігіне тірілей массасының 

əрбір  100  кг  шаққанда  5-7  грамнан,  ал  шошқа,  қой  жəне  жылқының  əр 

басына  тəулігінде  ретімен  5-10,  7-15,  15-30  г  ас  тұзын  беру  керек. 

Рациондағы тұздың артық мөлшеріне құс пен шошқа сезімтал келеді. Тұздың 

шамадан  артық  мөлшері  оларда  тұз  қызбасын  (лихорадка)  тудырады. 




 

287


Денеден натрий негізінен бүйрек арқылы (35 пайыз шамасында), немесе тер 

мен нəжіс құрамында бөлінеді. 



Калий – жүректің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет. Ол жүйке жүйесі 

мен  бұлшық  еттің  қозғыштығын  бəсеңсітіп,  кейбір  ферменттерді 

белсендіруге  қатысады.  Калий  иондары  қозу  толқынын  таратуда, 

ацетилхолин медиаторын түзуде маңызды рөл атқарады. Өсімдік құрамында 

калий жеткілікті мөлшерде болады, сондықтан малда оған деген мұқтаждық 

байқалмайды. Мал калийді артық мөлшерде қабылдаса организмде кальций 

мен фосфордың алмасуы күшейеді. Бірақ оның мөлшерінің қан құрамында аз 

ғана  ауытқуының  өзі  ауыр  жағдайларға  соқтыруы  мүмкін.  Калий  денеден 

несеп құрамында (90 пайыз) бөлінеді. 

Хлор - денеде натрий жəне калиймен байланыста болады. Ол қарын сөлі 

құрамындағы  тұз  қышқылын  түзу  үшін  қажет.  Хлор  эритроцит  қабығынан 

оңай  өтеді  де,  газ  алмасу  процесіне  қатысады.  Ол  қозу  процесінің 

туындауында да маңызды рөл атқарады. 



Кальций- ұлпалық сұйық, қан құрамында болады, оның иондары көптеген 

ферменттік  процестердің  жүруін  қамтамасыз  етеді,  бұлшық  ет  пен  жүйке 

жүйесінің  қозғыштығын  төмендетіп,  торша  қабығының  өткізгіштігін 

азайтады,  жүрек  қызметін  реттеуге  қатысып,  қанның  ұюында  ерекше  рөл 

атқарады.  Кальций  денеде  негізінен  фосфор  қышқылы  мен  көмір  қышқылы 

тұздары  түрінде  сүйек  пен  тістің  құрамында  кездеседі.  Қаңқа  дұрыс  өсіп, 

дамуы үшін кальцийді жас организм мен буаз мал көп қажет етеді. Кальций 

жетіспеген жағдайда буаз жəне мол өнімді мал өз денесіндегі кальций қорын 

пайдаланады  да,  олардың  сүйегі  жұмсарады,  остеомаляция  (сүйек  бору) 

немесе  остеопороз  (сүйек  кеуектенуі)  дерттері  байқалады.  Сүйек 

құрамындағы  кальций  мөлшері  тұрақты  болмай,  ауытқып  отырады,  себебі 

организмде бір жағынан жаңа сүйек ұлпасы үздіксіз түзілсе, екінші жағынан 

ескі  сүйек  бұзылып,  оның  құрамындағы  кальций  қанға  өтеді.  Кальций 

тапшылығы жағдайында жас төл рахит ауруына шалдығады. 

Кальцийге  деген  мұқтаждық  түлік  түріне,  малдың  жасына,  өнімділігіне, 

физиологиялық  күйіне  байланысты.  Тəулігіне  малдың  əр  басына  шаққанда 

қой- 3-10, жылқы- 35-100 г, ал сиыр тірілей массасының əрбір 100 кг 5-10 г 

кальций  қабылдау  керек.  Өсу,  сүттену,  төл  көтеру  жағдайларында  малдың 

кальцийге мұқтаждығы жоғарылайды. 

Денеде кальций мен фосфор алмасуы тығыз байланыста жүреді жəне оны 

паратгормон  мен  Д  дəрмендəрісі  реттейді.  Денеден  кальций  бүйрек,  бауыр, 

тоқ  ішек  эпителийі  арқылы  бөлінеді.  Рационда  кальций  мен  фосфордың 

оптималды арақатынасы 1,2-2, 0:1 тең болу керек. 

Фосфор  –  аралық  зат  алмасу  процесінде  маңызды  рөл  атқарады.  Ол 

көмірсулар  алмасуындағы  фосфорлану  процесіне,  ет  жиырылуын 

қамтамасыз ететін биохимиялық əрекеттерге қатысады. Организмде фосфор 



 

288


əмбебап  қуат  көзі  болып  табылатын  аденозинүшфосфор  қышқылының 

(АТФ), 


креатинфосфаттың, 

фосфатидтер 

мен 

фосфопротеиндердің 



құрамында  кездеседі.  Фосфор  қанның  қышқыл-сілтілік  тепе-теңдігін 

реттеуге қатысады. 

Фосфор  қан  құрамында  органикалық  жəне  бейорганикалық  қосылыстар 

түрінде  кездеседі.  Оның  қандағы  бейорганикалық  түрі  тұрақты  мөлшерде 

болмайды.  Сондықтан  қандағы  фосфор  мөлшері  зат  алмасу  процесінің 

қарқынына,  малдың  физиологиялық  күйіне,    азық  құрамындағы  деңгейіне 

қарай  өзгеріп  отырады.  Денеден  бейорганикалық  фосфор  несеп  пен  нəжіс 

құрамында бөлінеді. 

Денеде  фосфордың  80  пайызы  сүйек  құрамында,  ол  20  пайызы  басқа 

ұлпаларда  жинақталады.  Сүйек  пен  ұлпалар  арасында  фосфор  үшін 

бəсекелестік 

байқалады. 

Ұлпалардың 

фосфорды 

сіңіру 

қарқыны 


нейрогуморальды  тетік  арқылы  реттеліп  отырады.  Мысалы,  тироксин 

фосфордың  ДНК  құрамына  енуін  шапшаңдатса,  адреналин  бауыр 

ұлпасындағы фосфордың алмасуын жақсартады. 

Магний  -  торша  ішінде  жинақталатын  катион.  Ол  митохондрияларда 

болады  да,  тотықтырғыш  фосфорлану  процесінің  маңызды  белсендіргіші 

болып  табылады.  Бұлшық  еттерде  магний  актин  мен  миозин  белоктарын 

байланыстыратын магнийлі  белок кешені құрамына  еніп, еттің  жиырылуын 

қамтамасыз  етуде  маңызды  рөл  атқарады.  Магний  гликолиз  процесін 

реттейтін  көптеген  ферменттік  жүйелердің  құрамына  кіреді,  кальцийдің 

антогонисі  болып  табылады.  Қан  құрамында  магний  мөлшері  өссе,  жүйке 

жүйесінің қозғыштығы төмендеп, жүйке орталықтары қызметінің тежелуіне 

байланысты  организмді  ұйқы  басады,  селқостық  (апатия)  байқалады. 

Магний  жетіспесе  жас  малдың  өсуі  бөгеліп,  денеде  діріл

 

пайда  болады. 



Магнийге  деген  мұқтаждық  суалған  сиырларда  тəулігіне  15  г,  сауын 

сиырларда - 30 г, шошқада - 2-3 г. 



Күкірт  -  организмге  белок  құрамында  келеді.  Ол  организмде  белокты 

заттар  -  креатин,  муцин,  мукоидтар,  метионин,  цистин,  цистеин  амин 

қышқылдары,  көптеген  биологиялық  белсенді  заттар  (глютатион,  инсулин, 

питиутрин,  кофермент-А  мен  белок  тектес  гормондар),  таурин  мен  оның 

туындылары  жəне  басқа  органикалық  заттар  құрамында  кездеседі.  Күкірт 

организмде  күкірт  қышқылын  түзіп,  тоқ  ішекте  түзілетін  уытты  заттарды 

залалсыздандыру  процесіне  қатысады.  Ол  тиамин  (В

1

)  жəне  биотин 



дəрмендəрілерінің,  жүннің,  мүйіздің,  құс  қауырсыны  мен  мамығының 

құрамына  кіреді.  Қой  жүнінің  құрамында  15-21  пайыз  азот,  2,4-5  пайыз 

күкірт болады. Қалыпты жағдайда күкірт тапшылығы байқалмайды. Денеден 

күкірт  күкірт  қышқылының  тұздары  түрінде  несеппен,  аз  мөлшерде  нəжіс 

жəне шайыр (қойда) құрамында бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет