Жануар физол


 Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметті зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет439/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   504
 

20.3. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметті зерттеу əдістері 

 

Жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызметті  зерттеуде  жануарлардың  мінез-



қылығын  бақылау  əдісі  кең  қолданылады.  Бірақ  бұл  əдістің  айтарлықтай 

кемшіліктері болғандықтан, оны басқа əдістермен қатар пайдаланғанда ғана 

дəйекті деректер жинақтауға болады. 

Зерттеулерде 

ми 

қыртысын 



тітіркендіру 

əдісі 

де 


кеңінен 

пайдаланылады.  Ол  үшін  наркоз  берілген  малдың  миын  ашады  да,  ми 

қыртысының  белгілі  аймағына  электр  тогымен  немесе химиялық  заттармен 



 

591


əсер  етіп,  туындаған  реакцияларды  бақылайды.  Осы  əдісті  қолдану 

нəтижесінде  1870  жылы  Г.Фритч  пен  Э.  Гитциг  иттің  ми  қыртысында 

қозғағыш  аймақтың  шоғырланған  жерін  анықтаған.  Кейінірек  тітіркендіру 

əдісін  қолдану  нəтижесінде  басқа  жануарлардың  ми  қыртысындағы 

қозғағыш аймақтың орналасу ерекшеліктері де анықталған. 

Соңғы  жылдары  тəжірибе  нəтижесіне  наркоздың  əсерін  жою 

мақсатында  арнаулы  созылмалы  тəжірибелер  қолданылады.  Ол  үшін  бас 

сүйекті  тесіп,  миға  электродтар  орнатады.  Зерттеуді  операция  жарасы 

жазылғаннан кейін бастайды. 

Ми  қыртысының  жеке  бөлімдері  мен  аймақтарының  қызметі  жайлы 

мағлұматтарды  оның  жеке  аймақтарын  сылып  тастау  тəсілі  арқылы  да 

жинақтауға болады. Операциядан кейін ми қыртысының алынып тасталған 

аймағымен  байланысты  қызметтер  не  жойылады,  не  бұзылады.  Осы 

тəсілмен  ми  қыртысының  шүйде  бөлімімен  көру,  самай  бөлімімен  есту 

қызметтерінің байланысты екені анықталды. Эволюциялық даму сатысында 

жануар  неғұрлым  жоғары  орналасса,  соғұрлым  ми  қыртысын  сылып 

тастаудың салдары ауырырақ болады. 

Қазіргі кезде үлкен ми жарты шарлары қыртысының биотогын жазу əдісі 

кеңінен  қолданылады.  Ми  биотогын  тіркеу  əдісін  электроэнцефалография, 

ал  биотокты  бейнелейтін  қисық  сызықты  -  электроэнцефалограмма  (ЭЭГ) 

деп  атайды.  Ми  биотогын  өте  сезімтал  құрал  -  электроэнцефалографпен 

жазады.  ЭЭГ  жазу  үшін  қос  үйекті  (биполярлы)  тəсілмен  ток  тартқанда  екі 

электрод та бас терісінің екі жеріне жабыстырылады да, ми қыртысының екі 

нүктесінің  арасындағы  потенциалдар  айырмасын  тіркейді.  Сыңар  үйекті 

(монополярлы) тəсілмен ток тартқанда белсенді электрод құлақ қалқанының 

ұшына бекітіледі.  

Бас  сүйек  құрылысының  ерекшеліктеріне  байланысты  əр  түлік  малда 

электродтар  əрқалай  бекітіледі.  Мысалы,  ірі  қараның  бас  терісі  қалың,  тері 

шелінің  мықты  дамуына  жəне  маңдай-кеңсірік  қойнауының  (синусының) 

орналасу  жағдайына  байланысты  теріге  жабыстырылған  электродтарға 

биотокты жазған кезде кедергі көп болады. Осыны ескеріп А.Н.Голиков пен 

Е.И.  Любимов  (1969)  электродтарды  сиыр  миының  қатты  қабығына  біте 

жабыстырып  орнату  тəсілін  ұсынды.  Бұл  тəсілді  қолдана  отырып  əртүрлі 

физиологиялық  күйдегі  мал  миының  түрлі  аймақтарынан  ток  тартуға 

болады. 

Ми қыртысының əртүрлі бөлігінің электроэнцефалограмма- сының өзіне 

тəн  ерекшеліктері  болады.  Электр  потенциалдарының  жиілігі  мен 

тербелістері  малдың  физиологиялық  жағдайына  байланысты  ауытқып 

отырады.  Тыныштық  жағдайда  малдың  көзін  жауып  қойса  сирек,  биік 

амплитудалы  тербелістер  байқалады  (альфа-ырғақ).  Малдың  көзі  ашық, 

сергек  тұрғанда  альфа-ырғақ  жойылып,  жиі,  кіші  амплитудалы  тербелістер 



 

592


байқалады  (бета-ырғақ).  Мал  қалғып,  ұйқыға  көшсе,  өте  сирек  жəне  үлкен 

амплитудалы тербеліс - тета- жəне дельта-ырғақ тіркеледі (228-сурет). 

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет