168
бар металл түтікшелерді қоректік заттармен толтырып, оларды
жануарлардың (ит, құс, қой) ас қорыту жолына ауыз қуысы арқылы енгізген.
14-30 сағаттан кейін тəжірибедегі хайуанаттар сойылып, олардың ішіндегі
түтікшелер алынып, тексерілген. Л.Спаланцани тəжірибелерін осындай
түтікшелерді азықпен емес, губкамен толтырып жүргізген. Малды сойғаннан
кейін түтікше ішіндегі губканы сығып, бөлінген сұйықтық құрамын
тексерген. Қоректік заттардың ас қорыту жолындағы
өзгерістерін зерттеу
мақсатында малға белгілі құрамда азық беріп, оларды бірнеше сағаттан кейін
сойып, жын құрамындағы өзгерістерді анықтаған (Гмелин, Элленбергер т.
б.).
Ас қорыту процесін зерттеу əдістерінің дамуындағы үлкен өзгеріс
В.А.Басов пен Блондло есімдерімен байланысты. 1842 жылы орыс хирургы
В.А.Басов, кейінірек Блондло иттің қарнына көбек (фистула) қою əдісін
ұсынды (70-сурет). Бұл жасанды тесік арқылы кез келген уақытта қарын
жынын алуға мүмкіндік туды, бірақ бұл əдіспен таза қарын сөлін алуға
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: