8-схема. Несепнəрдің мес қарын қабырғасындағы өзгерістері ескерілген
қайта айналым (рециркуляция) желісі
Күйісті мал тек азық құрамындағы белоктарды ғана емес, сонымен қатар
несепнəр, аммоний тұздары, нитраттар т.с.с. белокқа жатпайтын азот
түрлерін пайдаланып, олардан белок жəне алмастырылмайтын амин
қышқылдарын түзе алады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы
практикасында күйіс қайыратын малды азықтандыруда карбамид пен басқа
да синтетикалық азотты заттарды кеңінен пайдалануға болады. Рацион
құрамында жетіспейтін протеин мөлшерін толықтыруға бағытталған бұл
шара мал организмінің табиғатына қайшы келмейді, өйткені несепнəрдің
біраз мөлшері малдың қарнына сілекей жəне əр түрлі ас қорыту сөлдерінің
құрамында қайта оралып отырады. Мысалы, қой сілекейі құрамында
тəулігіне 4,2-6,0 г несепнəр бөлінеді. Қойда ас қорыту жолындағы белокқа
жатпайтын азот үлесінің 80 пайызы сілекей азотынан тұрады.
Сонымен, мес қарында азотты заттардың негізгі ыдырау өнімі аммиак
болып табылады. Мал қабылданған азоттың 70-80 пайызы амиакқа айналады.
Оны микроорганизмдер алмастырылатын жəне алмастырылмайтын амин
қышқылдарын, өз денесінің белогын түзу үшін пайдаланады. Осы күрделі
Á-óûð
Íåñåïí¸ð
214
процестерге қажет кетоқышқылдар қанттар ыдыраған кезде бөлінеді де,
күкірт пен фосфор азық құрамында, немесе сілекеймен келеді.
Күйіс малы организмінде азотты заттардың алмасуындағы негізгі
ерекшеліктің бірі – несепнəр азотының бауыр-мес қарын айналымына
қатысуы. Мес қарында түзілген аммиак көп мөлшерде қанға сіңіп, бауырда
несепнəрге айналады. Күйіс малында несепнəрдің тек шамалы бөлігі ғана
зəрмен бөлінеді, ал көп мөлшері сілекей құрамында, немесе қаннан тікелей
мес қарынға қайта оралады. Бұл эндогенді несепнəр аммиакқа айналып,
қайтадан микроорганизмдер белогын түзуге жұмсалады. Осы құбылыс күйіс
малына организмдегі азот қорын үнемдеп жұмсауға, тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді. Демек, күйіс малының күйіс қайырмайтын малдан
ерекшелігінің бірі - олардың несепнəрді ыдыратып, оның құрамындағы
азотты микробтар белогын түзу мақсатына пайдалана алатынында. Мес
қарын микроорганизмдері несепнəрді аммиак пен көмір қышқыл газына
ыдырататын уреаза ферментін де бөледі. Қарын бактериялары мен
инфузориялары аммиакты əрі қарай амин қышқылдарын түзу үшін қажет
амин топтарының көзі ретінде пайдаланып, одан өз денесінің белогын
құрайды.
Карбамид құрамында (ГОСТ 2081-63) 45-46 пайыз азот болады. Азот
мөлшері жағынан оның 1 кг 2,6-2,8 кг протеинге пара-пар. Сондықтан
карбамидті рацион құрамындағы протеиннің жетіспейтін мөлшерін
толықтыруға пайдаланады.
Күйіс малы рационында жетіспейтін протеиннің 30-35 пайызын (қойға
шамамен тəулігіне 13-18 г, сиырға - 80-150 г) карбамидпен толықтыруға
болады. Карбамидтің тəуліктік нормасын азықпен ұқыпты түрде
араластырып, малға 2-3 рет бөліп берген жөн. Өйткені мес қарын
микробтары сағатына 6-6,5 г ғана карбамидті қорытып, сіңіре алады, ал
аммиактың қарыннан сорылу жылдамдығы оны микроорганизмнің сіңіру
мүмкіндігінен
əлдеқайда
басымырақ.
Сондықтан
малды
дұрыс
азықтандырмаған жағдайда мес қарында аммиак көбейіп кетеді де, ол
микробтарды уландырып, əлсіретеді. Бактериялардың қажетінен артық
аммиак қанға сіңіп, организмнің улану қаупі туады. Малды карбамид қосқан
рационмен азықтандырғанда қарын микроорганизмдерінің тіршілік жағдайы
жақсарып, оның жынында инфузориялар саны көбейеді.
Малға карбамид бергенде тек олардың протеинге мұқтаждығын ғана
ескермей, мес қарын микроорганизмдерінің белокқа жатпайтын азотты
заттарға мұқтаждығын да ескерген жөн. Синтетикалық азотты заттар
микроорганизмдер үшін маңызды қорек болып табылады. Тазаланған рацион
құрамындағы азот көзі тек карбамид болған жағдайдың өзінде, күйіс
малының қарнында амин қышқылдарының 10-нан астам түрі түзіледі.
Рационда клетчаткаға бай сабан, сапасы нашар пішен басымырақ болса,
онда оның құрамындағы протеиннің, жеңіл қорытылатын көмірсулардың
жəне минералды тұздардың мөлшері азаяды да, қарын бактерияларының
215
өсіп-көбеюіне қолайсыз жағдай туады. Сондықтан рационда ірі азық көп
болса, карбамидтің пайдаланылуы төмендейді. Мұндай рационның
сіңімділігін жəне оған қосылған карбамидтің пайдасын арттыру үшін азыққа
сірне қосқан жөн.
Карбамидтің мал организмінде тиімді пайдаланылуына, одан бактериялық
белоктың түзілу қарқынына əр текті қоректік заттардың əсері əрқилы.
Рациондағы азық түрі неғұрлым көп болса, ол соғұрлым жүғымды, құнарлы
келеді. Сапалы беде пішені, жүгері сүрлемі, тамыржемістер мен құрама
азықтар карбамид азотын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Рацион
құрамында тез сіңетін протеиндер болса, карбамидтің тиімділігі төмендейді.
Мұндай жағдайда бактериялар тез сіңетін табиғи протеиннің (балауса көк
шөптегі) азотын пайдаланады. Рациондағы протеиннің сіңімділігі төмен
болса, карбамидтті игеру деңгейі жоғарылайды. Əрине, бұдан протеин
сіңімсіз болса, тəуір болады деген ұғым тумауға тиіс. Мал рационында
белгілі мөлшерде жеңіл сіңетін протеин болуы қажет.
Арнаулы тəжірибелер мен өндірістік байқаулардың нəтижелеріне
қарағанда, карбамидтің мал организмінде дұрыс пайдаланылуы үшін
рациондағы протеин мөлшері 12 пайызыздан аспауы керек. Ал рациондағы
протеин 18 пайыз, не одан да жоғары болса, карбамидтің сіңімділігі төмендеп
кетеді.
Карбамидтің сіңімділігіне кейбір амин қышқылдары, минералдық тұздар,
əсіресе микроэлементтер үлкен əсер етеді. Рационда фосфор, йод, темір,
кобальт жəне күкірт сияқты минералды элементтер жеткілікті болғанда
карбамидтегі азот мал организміне жақсы сіңеді.
Фосфордың мал организміндегі атқаратын рөлі зор. Ол зат алмасуға,
əсіресе қант тектес заттардың организмге сіңуіне елеулі əсер етеді. Бірақ ірі
жəне шырынды азықтарда фосфор жеткіліксіз болады. Ал күйіс қайыратын
малдың рационы негізінен азықтың осындай түрлерінен тұратындықтан оған
фосфор үнемі жетіспейді. Сондықтан мұндай рационға аздап жем жəне
фтордан тазартылған Қаратау фосфатын (немесе сүйек ұнтағын) қосқан жөн.
Карбамидті мал дұрыс қорытып, сіңіруі үшін оны малға ретімен бере білу
керек. Малды карбамидке біртіндеп үйретеді. Оған кемінде 10-15 күн кетеді.
Карбамидті үзіліс жасамай малдың жасын ескере отырып беру қажет. Жаңа
туған төлдің қарнында микроорганизмдер болмайды, сондықтан төлге
карбамид бермейді.
Күйіс малы қарнында белокқа жатпайтын азотты заттардан түзілген
бактериялық белок биологиялық құндылығы жағынан жануар тектес азықтар
белогымен тең түседі. Ал өсімдік тектес азықтардың белогынан
микроорганизмдер белогының құндылығы əлдеқайда жоғары. Күйіс
малының мес қарнында түзілетін белокта алмастырылмайтын 10 амин
қышқылы түгел болады. Қарын жынының құрамында көп мөлшерде цистин,
метионин, аргинин, лизин, аз мөлшерде гистидин, валин жəне тағы басқа
амин қышқылдары болатыны анықталған (Т.Несіпбаев). Тіпті əр түрлі
216
азықтандыру жағдайының өзінде бактериялық белоктардың амин
қышқылдық құрамы тұрақты, сіңімділігі өте жоғары келеді. Қой қарнындағы
бактериялық белоктың биологиялық құндылығы 88 пайыз, ал қорытылуы 73
пайыз құрайды.
Мес қарын микроорганизмдері ас қорыту жолының соңғы бөлімдерінде
қорытылып, амин қышқылдарына ыдырайды да, ішек қуысында сорылып,
организмді қажетті амин қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Азық
құрамындағы белоктың 50 пайызы қарында бактериялар белогына айналып,
организмнің белокқа деген мұқтаждығының 30 пайызын қанағаттандырады.
Сонымен, күйіс малының мес қарнында белоктарды қорыту жəне
организмге қажетті азотты заттарды түзу процестері қатар жүреді. Демек,
организмдегі азоттың алмасуында малдың алдыңғы қарны, атап айтқанда мес
қарын, маңызды қызмет атқарады. Қоректік заттардың қарында қорытылу
ерекшеліктерін ескере отырып, рацион құрамындағы түрлі қоректік заттарды
көбейту не азайту арқылы қарындағы биохимиялық процестерді белгілі бір
жолға бағыттап, мал өнімділігіне тікелей əсер етуге болады.
Мес қарында липидтердің қорытылуы. Өсімдік тектес азық құрамында
майлар онша көп болмайды, олардың жалпы мөлшері құрғақ затқа шаққанда
4-8 пайыз шамасында. Азық құрамындағы үшглицеридтер, еркін май
қышқылдары, балауыз (воск), стеролдар, фосфолипидтер, галактозил-
глицеридтер, холестерин эфирлерінің күрделі қоспасын шикі май деп атайды.
Өсімдік майларының құрамында жануарлар майларымен салыстырғанда
тізбегі көміртегінің 18 атомынан құралған қанықпаған май қышқылдары
(линолен қышқылы - азықтық өсімдіктерде, линол қышқылы - дəндер мен
тұқымдарда) көбірек (70 пайызға дейін) болады.
Азық құрамындағы липидтер арнаулы бактериялардың əрекетінен
моноглицеридтерге, май қышқылдарына, глицеринге, ал галактозил-
глицеридтер – галактозаға ыдырайды. Глицерин мен галактозадан ашу
процесінің барысында ҰМҚ, негізінен пропион қышқылы түзіледі.
Азық құрамындағы жəне ыдырау процесі кезінде түзілген қанықпаған
жəне жартылай қаныққан май қышқылдары сутектендіру (гидрогенизация)
процесінен өтеді. Осының нəтижесінде олардың құрамындағы қосарланған
байланыстар азайып, жануарлар ұлпаларына тəн пальмитин, стеарин сияқты
қаныққан қышқылдар түзіледі. Сонымен қатар мес қарын бактериялары амин
қышқылдарының көміртекті скелетінен тізбектері тармақталған, көміртегі
атомдарының саны тақ (С
15
) май қышқылдарын түзеді. Бұл май қышқылдары
липогенез (микроорганизмдер денесінің липидтерін түзу) процесіне
қатысады. Микроорганизмдер денесінің құрғақ затында 3-8 пайыз
шамасында
фосфолипидтер,
стероидтер
жəне
эфирленбеген
май
қышқылдары түрінде липидтер болады.
Липидтер ыдырағанда пайда болатын ұзын тізбекті май қышқылдарын
микроорганизмдер игере алмайды да, олар ұлтабар мен ішекке өтіп, сол
жерлерде қорытылады.
217
Мес қарында газдардың түзілуі. Мес қарындағы ашу процесі кезінде
газдар да бөлініп, олардың көп мөлшері өңеш арқылы кекіру кезінде
бөлінеді. Азықтанғаннан кейінгі алғашқы 4-6 сағат ішінде газ бөлу өте
қарқынды жүреді. Ірі қара сағатына 25-30 литрге дейін газ бөледі.
Мес қарын газының құрамы өте күрделі, оның 60-70 пайызы көмір
қышқыл газынан, 25-30 пайызы метаннан, ал 5 пайызға жуығы азоттан,
оттегінен,
сутегіден
тұрады.
Жеңіл
қорытылатын
көмірсулармен
азықтандырғанда оттегінің мөлшері 5-7 пайызға дейін көтеріледі.
Көмір қышқыл газы карбоксилсіздеу кезінде сілекей бикарбонаттарынан,
несепнəрден, түрлі қышқылдардан бөлінеді. Метан (шалшық газы) көмір
қышқыл газы мен сутегінен түзіледі. Сутегі газы ферменттік процестер
кезінде мол бөлінеді. Оның негізгі көзінің бірі - құмырсқа қышқылы.
Метан арнаулы метан түзгіш бактериялар əрекетінен түзіледі. Көмір қышқыл
газы мен метанның біраз бөлігі өкпе арқылы бөлінеді. Метан түзу негізінде
организм энергия шығындайды (рацион энергиясының 8 пайызы
шамасында). Көмір қышқыл газының аз мөлшері мес қарын мен ұлпаларда
биосинтез процесінде пайдаланылады.
Қарынның алдыңғы бөлімдеріндегі сіңіру процесі жəне оның зат
Достарыңызбен бөлісу: |