Жануар физол



Pdf көрінісі
бет170/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

өткізгіштік  деп  атайды.  Қарын  қабырғасының  осы  қасиеті  арқылы  ондағы 

микроорганизмдер  үшін  қолайлы  жағдай  туғызылып,  мал  организмі  мен 

қарын микроорганизмдері арасында симбиоздық арақатынас қалыптасады. 

    Қарын  қабырғасының  екі  жақты  өткізгіштігін  реттеуде  маңызды  рөлді 

кілегей  қабық  атқарады.  Мес  қарын  қабырғасы  аммиакты  оңай  өткізіп  қана 

қоймайды,  оның  өзгерістерінде  де  маңызды  рөл  атқарады.  Аммиактың  ас 

қорыту жолының қабырғасында несепнəр мен амин қышқылдарына айналуы, 

тек осы уытты өнімді залалсыздандыру үшін ғана емес, организмдегі азотты 

үнемдеп жұмсау үшін де маңызды процесс. 

    Организмде азотты заттардың өзгеруі тек қарын қуысында ғана емес, оның 

қабырғасында  да  мықты  жүреді.  Азотты  заттардың  уақытша  ас  қорыту 

органдарының қабырғасында жинақталуы организм үшін маңызды бейімделу 

реакциясы  болып  табылады.  Бұл  процесс  организмнің  мұқтаждығы  үшін 

азотты тез пайдалануға мүмкіндік береді. 

    Қазіргі  кезде  қарынның  алдыңы  бөлімдерінде  амин  қышқылдарының  да 

сорылатыны  жайында  дəлелді  деректер  бар  (Н.В.Курилов,  Т.Несіпбаев). 

Қарын қабырғасы жын құрамындағы амин қышқылдарының артық мөлшерін 

сіңіріп, олардың уақытша қоймасы бола алады. Мəселен, глициннің біршама 

бөлігі қарын қабырғасында жинақталып, оның көміртегінен құрылған бөлігі 

басқа амин қышқылдарын түзу үшін пайдаланылады. 

    Мес  қарын  қабырғасы  организмге  қажетсіз  өнімдерді  бөлу  процесіне  де 

қатысады.  Қарын  қабырғасы  бөлетін  биологиялық  сұйық  құрамы  жағынан 

қан  сарысуына  ұқсас.  Қарын  қабырғасы  арқылы  оның  қуысына  гексозамин, 

глутамин  қышқылдары  сияқты  заттар  бөлінеді.  Қарыннан  мес  қарын  мен 

ішек қуысына альбумин белогы жəне түрлі амин қышқылдары да өтеді. 

 

    Сонымен,  күйіс  малының  алдыңғы  қарындары  тек  қана  азық  қоймасы 



болып қана қоймай, организмдегі зат алмасу, қоректік заттарды қорыту жəне 

алмасу  өнімдерін  бөлу  процестерінде  маңызды  рөл  атқарады.  Ас  қорыту 

жолының  бұл  бөлімінде  жүретін  биохимиялық  жəне  микробиологиялық 



 

220


процестердің  бағыты  мен  қарқыны  малдың  физиологиялық  күйіне, 

өнімділігіне айтарлықтай ықпал етеді. 

    Алдыңғы  қарынның  қимылы.  Мес  қарынның  күрделі  қимылдары 

организмдегі  гомеостазды  сақтауға,  ас қорыту  процестерінің  дұрыс  жүруіне 

қажетті  шарттардың  бірі.  Қарынның  қимылдау  қызметі  аз  ғана  уақытқа 

бұзылса, ас қорыту процесі нашарлап, малдың өліп те қалуы мүмкін. 

    Алдыңғы  қарын  бөлімдері  белгілі  ретпен  ырғақты  түрде  жиырылып 

отырады.  Қарын  бөлімдерінің  белгілі  кезекпен  қайталанып  отыратын 

жиырылуын  жұмыршақ  -  қатпаршақ  -  мес  қарын  қимылының  айналымы 

дейді.  Бұл  айналым  жұмыршақ  пен  өңеш  науасының  жиырылуымен 

басталады.  Жұмыршақтың  жиырылуы  екі  кезеңде  өтеді:  бірінші  кезеңде 

оның  көлемі  шамамен  1/3-ге  кішірейеді  де,  босаңсып  алып,  қайтадан 

пəрменді  жиырылады  (көлемі  бастапқы  мөлшерінің  3/4  шамасында 

кішірейеді). 

    Жұмыршақ  толық  жиырылған  кезде  жынның  майдаланған  біртекті  сұйық 

бөлегі  қатпаршаққа  өтеді  де,  жақсы  майдаланбаған  ірі  түйіршіктері  мес 

қарын кіреберісі мен оның дорсальдық қапшығына кері айдалады. 

Жұмыршақтың  жиырылуының  екінші  кезеңімен  бір  мезгілде  мес  қарын 

бөліктері  мына  ретпен  жиырыла  бастайды:  қарын  кіреберісі,  дорсальдық 

қапшық,  вентральдық  қапшық,  артқы  үстіңгі  құрыш,  артқы  астыңғы  құрыш 

(93-сурет).  Дорсальдық  қапшық  жиырылған  кезінде  жын  кіреберістен 

жұмыршаққа өтеді. 

Мес қарында екі түрлі қимыл байқалады: дара жəне жұпталған. Бірінші 

жағдайда  дорсальдық  жəне  вентральдық  қапшықтардың  тіркестелген  жеке 

жиырылулары байқалады, ал екінші жағдайда олардың тіркес жиырылуы екі 

мəрте  қайталанады  (дорсальдық  -  вентральдық,  дорсальдық-вентральдық 

қапшықтар). Дорсальдық қапшық жиырылғанда жын вентральдық қапшыққа, 

ал вентральдық қапшық жиырылғанда қайтадан дорсальдық қапшыққа жəне 

кіреберіс пен жұмыршаққа айдалып, жақсы араласады. 

Қарынның 

жиырылу 

айналымы 

қарын 

құрыштарының 



ретті 

жиырылуымен аяқталады: алдымен үстіңгі құрыш, соңынан - астыңғы құрыш 

жиырылады.  Əрбір  жиырылу  айналымы  1  минутқа  жуық,  үзіліс  20-25 

секундқа созылады. Жалпы алғанда 5 минутта 

дорсальдық  жəне  вентральдық  қапшықтар  7-12  рет,    жұмыршақ  5-6  рет 

жиырылады. 

  

 

 



 

 

 



 

 



 

221


 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет