полипептидтік тізбектері қысқарады. Одан əрі бұл полипептидтер ішек пен
аминопептидаза - тізбектің еркін амин тобы бар жеріне əсер етеді (23-
229
амилопектинді декстрин мен мальтозаға айналдырса, глюкозидаза ферменті
мальтозаны глюкозаның екі молекуласына, фруктофуронидаза - сахарозаны
глюкоза мен фруктозаға айналдырады.
Сөл құрамындағы көмірсуларды ыдырататын ферменттердің арақатынасы
қабылданған азықтың сапасына, оның құрамындағы көмірсулардың
сипатына қарай өзгереді. Мысалы, жас төлдердің ұйқы безі сөлінің
құрамында сүт қантын - лактозаны глюкозаға айналдыратын галактозидаза
ферменті көп мөлшерде болады.
Ит пен мысықта ұйқы безінің сөлі мезгіл-мезгіл, тек азықтандыру үстінде
ғана бөлінеді. Малда ол толассыз бөлініп отырады. Азықтандыру кезінде
сөлдің бөлінуі күшейеді жəне оның бөліну қарқыны азықтың құрамына қарай
өзгереді. Мысалы, жылқыда бидай кебегіне сұлы мен пішенге қарағанда
ұйқы безінің сөлі əлдеқайда көп бөлінеді. Кебек бергеннен кейін бір сағат
ішінде сөл бөлу екі есе артады да, оның жоғары қарқыны 3 сағаттан соң
байқалады.
Тəулігіне орта есеппен ит 0,2-0,3 л, қоян -
0,04-0,05, қой -0,5-0,6, сиыр -7,0-7,5, жылқы -
7,5-8,5 л ұйқы безі сөлін бөледі.
Ұйқы безінің сөл бөлу қызметі түрлі
əдістермен зерттеледі. И.П. Павлов бездің өзегіне көбек қою əдісін ұсынды
(96, А-сурет). Бұл əдіс бойынша өзектің ішекке ашылған жерін ойып алып,
сыртқа шығарып, теріге тігіп қояды. Қазіргі кезде бұл мақсатта анастамоз
жасау тəсілдері кеңінен қолданылады (96, Б, В-сурет).
95-ñóðåт.
Èттi» ½éºû áåçi ñ¼ëi-
íi» т¾ðëi т-ì-ºт-ð¹- á¼ëiíó
åðåê
øåëiêтåði
(È.Ï.Ï-âëîâ
äåðåêтåði)
Èт
áåçiíi»
ñ¼ë
á¼ëó
ç-»äûëûº
т
-ðû
È.Ï.Ï-âëîâтû»
ë-áîð-тîðèÿñûíä-
çåðттåëãåí. Т¸æiðèáåëåð ½éºû
áåçi ñ¼ëiíi» å» ê¼ï ì¼ëøåði
-çûºт-íäûð¹-íí-í
êåéií
í-í¹- - áiðiíøi, åтêå -
åêiíøi,
ñ¾тêå
-
¾øiíøi
ñ-¹-тт-
á¼ëiíåтiíií
-»¹-ðтº-í. -т-ë¹-í т-ì-º
т
¾ðëåðiíå ñ¼ë á¼ëó ïðîöåñiíi»
½ç-ºтû¹û ä- ¸ð т¾ðëi áîë-äû
Ет Нан Ѿт
230
Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметі организмдегі белоктардың
алмасуымен тығыз байланысты. Сондықтан бұл бездің жұмысы бұзылса қан
құрамындағы белоктардың мөлшері, олардың арақатынасы өзгереді.
Ұйқы безінің қызметін жүйке жүйесі жəне ішектен қанға өтетін түрлі
химиялық заттар реттеп отырады. Кезеген жүйке талшықтарын
тітіркендіргенде сөл бөлу күшейеді. Ұйқы безі сөлінің бөлінуін ұлтабар
ұшының кілегей қабығында тұз қышқылының əсерінен түзілетін секретин
гормоны күшейтеді. Ұлтабар ұшында панкреозимин деген гормон да түзіледі.
Ол ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттерді көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: