Азотты заттар ішектен негізінен амин қышқылар, кей жағдайда майда
молекулалы полипептидтер түрінде қанға сіңіріледі. Амин қышқылдарының
сіңу жылдамдығы əр түрлі, олардың жеке түрлерінің арасында өзара
бəсекелестік байқалады. Оның себебі тасмалдаушының бір тобы түрлі амин
қышқылдарын тасымалдау- ға қатысады.
Көмірсулар қанға глюкоза, фруктоза, галоктоза жəне мальтоза түрінде
сіңіп отырады. Глюкоза мен фруктоза фосфорлану жылдамдығына сəйкес
қанға тез сіңіріледі. Олар белсенді тасмалдану негізінде сіңсе, басқа
моносахаридтер - диффузия нəтижесінде сіңіріледі. Күйіс малында
көмірсулардың ыдырау өнімдері негізінен ҰМҚ түрінде сіңеді.
Майлар глицерин мен май қышқылдары, не май эмульсиясы түрінде
сіңеді. Глицерин суда жақсы ериді. Оның оңай сіңетіні де сондықтан. Май
қышқылдары суда ерімейді, сондықтан оларды сіңіру үшін өт қышқылдары
қажет. Орташа ұзындықты тізбектен (С
12
) құралған май қышқылдары өт
қышқылдарының қатысуымен тікелей қанға сіңеді. Ұзын тізбекті май
қышқылдары, моно-, диглицеридтер, холестерин өт қышқылымен қосылыс
түзген соң тасымалдаушылар əрекетінің арқасында, ал бейтарап майлар
тікелей мембрана арқылы эпителиоциттерге өтеді. Бұл торшаларда
үшглицеридтер қайта түзіліп, май тамшылары липопротеинді қабықпен
қапталады да, хиломикрон түзеді. Хиломикрондар лимфаға сіңеді.
Хиломикрон құрамында 87 пайыз үшглицеридтер, 7 пайыз - фосфаттар, 1
пайыз белок, 5 пайыз холестерин болады.
Су ас қорыту жолының барлық бөлігінде сорылады, бірақ оның денеге
сіңу қарқыны ащы ішекте қарынмен салыстырғанда 10 есе артық жүреді.
Судың сіңу қарқыны ерітіндінің осмостық қысымына байланысты.
Гипертониялық ерітінділерден су сорылмайды. Керісінше олар қаннан суды
химусқа тартады да, ерітіндінің концентрациясы төмендейді, сіңіру процесі
содан соң басталады. Судың изотониялық ерітінділерден сіңу қарқыны
ондағы еріген заттардың сорылу жылдамдығына байланысты. Гипотониялық
ерітінділерден су жылдамырақ сорылады. Сіңу кезінде иондар арасында
бəсекелестік байқалады. Калий иондарының артық мөлшері кальцийдің
сіңуін бөгейді, ал кальций - май жəне өт қышқылдарымен қосылыстар
түрінде тəуір сорылады. Темір, мыс, мырыш, йод, кобальт, бром жəне т.б.
микроэлементтер бейорганикалық жəне органикалық қосылыстар түрінде
сорылады.
Ащы ішекте сөл құрамында бөлінген су толығымен қайта сорылады.
Демек ас қорыту жолының бұл бөлігінде судың алмасу процесі өте қарқынды
жүреді. Мысалы, сиырдың ащы ішегінен тəулігіне 150-180 л су өтеді, оның
10 пайызы ғана нəжіс құрамында бөлінеді.
240
Тоқ ішекте сіңіру процесі аяқталады. Ас қорыту жолының бұл бөлігінде су,
ҰМҚ, моносахаридтер, амин қышқылдары, аммиак, несепнəр т.б. заттар
сорылады. Күйіс малында тоқ ішекте судың 20 пайызы, белоктың - 6,
көмірсулардың- 10 жəне липидтердін 16 пайызы сорылады.
Сіңіру процесі рефлекстік жəне гуморальды жолмен реттеледі. Бірінші
механизмді атқаруда орталық жүйке жүйесіне ас қорыту жолындағы қоректік
заттардың ыдырау деңгейі мен қорытылған өнімдер концентрациясы жайлы
хабарлап отыратын ас қорыту ағзалары рецепторларының маңызы зор.
Гипоталамусты тітіркендіргенде қоректік заттардың ішектен сіңу қарқыны
өзгереді. Шартты рефлекстік жолмен көмірсулардың сіңуі де өзгеріп
отырады.
Сіңіру процесінің гуморальдық реттелуі бүйрек үсті безінің, ұйқы безінің,
қалқанша, қалқанша серік бездерінің, гипофиздің артқы бөлімінің
гормондары арқылы жүреді. Бүйрек үсті бездерін сылып тастаған соң
көмірсулар мен липидтердің сіңуі нашарлап, олардың едəуір мөлшері
нəжіспен бөлінеді. Инсулин, тироксин гормондары глюкозаның сіңуін
жақсартса, питуитрин - нашарлатады.
Достарыңызбен бөлісу: |