Жануар физол


 Зат алмасуға əсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет194/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

9.3. Зат алмасуға əсер ететін факторлар 

 

Организмдегі зат алмасу процесінің қарқынына көптеген факторлар əсер 

етеді. Оған əсер етпейтін бірде-бір не сыртқы, не ішкі факторлар болмайды. 

Осыған  байланысты  зат  алмасу  процесі  малдың  жасына,  жынысына, 

салмағына, тұқымына, азықтандыру деңгейіне, физиологиялық күйіне қарай 

өзгеріп  отырады.  Зат  алмасу  процесі  еркек  мал  мен  ұрғашы  малда  бір 

деңгейде  жүрмейді.  Еркек  малда  ол  қарқындырақ.  Мысалы,  бұқаның 

организмінде сиырмен салыстырғанда зат алмасу 10-26 пайызға, қабандарда 

мегежінге  қарағанда  20  пайызға,  қоразда  мекиенмен  салыстырғанда  20-30 

пайызға жоғары болады. 

    Малдың жасы да зат алмасу қарқынына күшті əсер ететін фактордың бірі. 

Жас  төлдерде  сақа  малмен  салыстырғанда  зат  алмасу  күштірек  жүреді.  Ол 

өсу,  даму  процестерімен  байланысты.  Сақа  малда  зат  алмасу  бір  деңгейде 

сақталады да, мал қартая келе оның қарқыны төмендейді. 

    Зат алмасу қарқыны мал денесінің ірілігіне де байланысты өзгереді. Майда 

жануарларда  ірі  малмен  салыстырғанда  дене  салмағының  əр  килограмына 

шаққанда зат алмасу қарқындырақ жүреді. Оған себеп - дене массасының əр 



 

261


өлшеміне  келетін  беткей  аумағы  неғұрлым  көп  болса,  соғұрлым  жылу  

көбірек  бөлінеді.  Мысалы,  жылқымен  салыстырғанда  зат  алмасу 

егеуқұйрықта 7 есе, тышқанда 20 есе қарқынды жүреді. Осымен байланысты 

неміс ғалымы М.Рубнер зат алмасу қарқынына  əсер ететін бірден-бір фактор 

дене беткейінің аумағы деп санап, «беткей заңынң ұсынған. Бұл тұжырымды 

толық  мойындауға  болмайды.  Зат  алмасу  қарқынына  тек  дененің  беткей 

аумағы  ғана  емес,  организмнің  эволюциялық  даму  кезінде  қалыптасқан 

ерекшеліктері де əсер етеді. Мысалы, қасқыр мен ит денесінің беттік аумағы 

шамалас болғанымен, олардың организмдеріндегі зат алмасудың қарқыны əр 

түрлі.  Дененің  беткейі  бірдей  болғанның  өзінде  жылу  бөлу  тері  шелінің 

қалыңдығына,  жүннің  тығыздығына,  т.б.  байланысты  өзгеріп  отырады. 

М.Ф.Томмэ зерттеулеріне сəйкес қойды қырыққаннан соң зат алмасу процесі 

орта есеппен 12,6 пайызға жоғарылайды. 

    Зат  алмасу  қарқынына  малдың  тұқымы,  өнімділігі,  жыл  мерзімі  де  əсер 

етеді.  Жергілікті  мал  тұқымдарында  зат  алмасу  басқа  аймақтан  əкелінген 

малдан қарқындырақ жүреді. Мол өнімді малда да зат алмасу қарқыны басым 

болады. Буаздық, сүттену, дене жұмысы зат алмасуын күшейтеді. Зат алмасу 

қарқыны  тəулік  ішінде  де  өзгеріп  отырады.  Оның  ең  төменгі  деңгейі 

ертеңгісін,  азықтандырудың  алдында  байқалады  да,  күндіз  күшейіп,  түнге 

қарай  төмендей  бастайды.  Зат  алмасудың  тəуліктік  ауытқулары  организмді 

бірқалыпты  жағдайда  ұстағанның  өзінде  де  сезіледі.  Демек,  жануарларда 

эволюциялық  даму  барысында  сыртқы  орта  жағдайларына  бейімделу 

нəтижесінде  зат  алмасу  қарқынында  белгілі  ырғақ  қалыптасады.  Зат 

алмасудың  маусымдық  ырғағы  да  байқалады.  Температура  төмендесе  зат 

алмасу қарқыны күшейеді. Бұл қалқанша без қызметімен байланысты. 

    Малды  азықтандырғаннан  кейін  де  зат  алмасу  қарқыны  8-40  пайызға 

күшейеді.  Бұл  құбылысты  азықтың  өзіндік  динамикалық  əсері  деп  атайды. 

Зат  алмасу  қарқынын  белок  31,  май  -  15,  көмірсулар  6  пайызға  күшейтеді. 

Азықтың  өзіндік  динамикалық  əсері  қоректік  заттардан  бөлінген  ыдырау 

өнімдерінің (амин қышқылдарының, сірке жəне құмырсқа қышқылдарының, 



ацетальдегидтің)  организмдегі  биохимиялық  процестерді  жандандыруына 

байланысты.  Бұл  əсер  жүйке  жүйесінің  қатысуымен  атқарылады. 

Симпатикалық  жүйкенің  құрсақтық  тармағын  қиып  тастаса  бұл  құбылыс 

байқалмайды. 

    Организмдегі  зат  алмасу  сипаты  ашығу  кезінде  де  күрт  өзгереді.  Мұндай 

жағдайда  зат  алмасуын  организмде  жинақталған  қор  қамтамасыз  етеді. 

Толық  ашығу  жағдайында  алғашқы  2-3  күнде  денедегі  (бауыр  мен  еттегі) 

гликоген қоры пайдаланылады. Ол таусылғаннан кейін организмде жиналған 

майлар  жұмсалады.  Бұл  кезеңнің  ұзақтығы  малдың  қоңына  байланысты. 

Семіз  мал  аштыққа  ұзағырақ  шыдайды.  Денедегі  май  қоры  таусылғаннан 

кейін  ұлпадағы  белок  пайдаланыла  бастайды.  Белоктардың  тым  көп 

шығындауы малдың аштықтан  өлерінің алғашқы белгісі. 




 

262


    Аштық кезінде дене салмағы кемиді, бірақ барлық ағзалар салмағын бірдей 

деңгейде жоғалтпайды. Мысалы, май 93-97 пайызға, қаңқа еттері салмағы 30, 

бауыр - 50, басқа органдар салмағы орта есеппен 20 пайызға кемиді. Ашығу 

кезінде  жүрек  пен  орталық  жүйке  жүйесінің  массасы  аз  ғана  мөлшерге 

төмендейді. Ірі мал 2-3 апталық, ал ит 60-70 күндік аштыққа шыдайды.  

    Зат  алмасу  қарқынына  дене  жұмысы  қатты  əсер  етеді.  Тыныш  тұрғанның 

өзінде жатқан кезбен салыстырғанда сиырда зат алмасу қарқыны 30 пайызға 

өседі.  Ауыр  дене  жұмысын  атқарғанда  зат  алмасу  қарқыны  бірнеше  есе 

жоғарылайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет