Жануар физол


Белок  алмасуының  реттелуі



Pdf көрінісі
бет200/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Белок  алмасуының  реттелуі.  Белок  алмасуын  реттейтін  орталық 

гипоталамусте  орналасқан.  Дегенмен,  бұл  процеске  мидың  басқа 

бөлімдерінің  де  (сопақша  ми,  ми  қыртысы)  əсері  бар.  Сопақша  миды 

зақымдаған кезде белоктың алмасуы бұзылады. Жалған азықтандыру кезінде 

белок алмасуының күшеюі оған ми қыртысы əсер етеді деген сөз. 

Орталық  жүйке  жүйесі  белок  алмасуына  көбіне  ішкі  секреция  бездері 

арқылы  əсер  етеді  (11-схема).  Белоктың  алмасу  қарқынын  қалқанша  без 

гормоны  тироксин  мен  гипофиздің  өсу  гормоны  күшейтеді.  Аталған 

бездердің  жұмысы  нашарласа,  белок  алмасуының  қарқыны  төмендейді, 

дененің  өсуі  баяулайды.  Тироксин  бауырдағы  аминсіздеу  процесін 

күшейтеді,  ал  өсу  гормоны  бұлшық  еттерде  белоктың  синтезделуін 

жақсартып, торшалардағы РНК мөлшерін арттырады. 

                       

Анабализм 

Соматотропин 

Андрогендер 

Тироксин 

 

Инсулин 



Катоболизм 

Глюкокортикоидтар 

Миералокортикоидтар 

Тироксин 

 

-ìèí        



ºûøºûëä-ðû

íû» ¼çãåðìåëi 



ºîñï-ñû 

 

 



 

Áåëîê 



 

271


  11-схема. Гормондардың белок алмасуына əсері 

 

Белоктың  алмасу  қарқынына  бүйрек  үсті  безінің  қыртыс  бөлігінің 



гормондары  да  əсер  етеді.  Минералокортикоидтар  (дезоксикор-тикостерон, 

альдостерон)  бауыр  мен  бүйректегі  аминсіздеу  процесін  күшейтіп,  зəрмен 

азоттың  бөлінуін  арттырады.  Глюкокортикоидтар  (кортизол,  кортизон, 

кортикостерон) 

белоктар 

мен 


амин 

қышқылдарының 

ыдырауын 

шапшаңдатып, организмнен азоттың шығарылуын күшейтеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет