Күйіс малындағы көмірсулар алмасуының ерекшеліктері. Алдыңғы
қарын микроорганизмдері əрекетімен азық құрамындағы көмірсулар
анаэробтық гликолизге ұшырап, пируват жəне лактат арқылы ұшпалы май
қышқылдарына - сірке, пропион жəне майлы қышқылдарға айналады. Демек,
күйіс малында көмірсулардың негізгі ыдырау өнімдері ретінде глюкоза емес
ҰМҚ түзіледі де, қанға глюкоза аз ғана мөлшерде сіңіп, малдың глюкозаға
деген мұқтаждығы эндогендік синтез арқылы қамтамасыз етіледі.
Күйіс малы қанында глюкоза деңгейі төмен болады жəне ол
азықтандыруға байланысты өспейді (қоректік гипергликемия байқалмайды).
Бірақ көмірсулар мен майлар алмасуы бұзылса оларда да гипер- немесе
гипогликемия түрлері байқалады. Мысалы, азықта көмірсулар жетіспесе,
немесе белоктар мен майлар шамадан тыс көбейсе сүтті сиырлар кетоз
дертіне шалдығады. Кетоз гипогликемиямен, бауырда гликогеннің
мөлшерінің төмендеуімен, кетонды заттардың (ацетон, ацетон-сірке,
бета-оксимай
қышқылдарының)
көп
түзілуімен
жəне
бөлінуімен
сипатталады. Қалыпты жағдайда кетонды заттар күйіс малының мес
қарнының қабырғасында түзіліп, денеде олардың аз мөлшері ғана энергия
көзі ретінде пайдаланылады. Кетонды заттар деңгейі шамадан тыс артса
(кетонемия), несеппен кетонды заттар бөлінеді (кетонурия), кетоацидоз
байқалады, малдың ас қорытуы нашарлап, зат алмасу процесі, орталық жүйке
жүйесінің қызметі бұзылады, өнімділік төмендейді, ұйқы безінің бета-
торшаларының қызметі нашарлап, қандағы инсулин деңгейі кемиді.
12-схема. Глюкоза алмасуындағы əр түрлі органдар арасындағы ара
байланыс
Күйіс малы төлдерінің қанында мес қарын қызметі қалыптасқанға дейін
глюкоза деңгейі айтарлықтай жоғары болады (100 мг %). Оларда қоректік
275
гипергликемия да байқалады. Төл өсе келе қандағы қант деңгейі төмендей
бастайды.
Күйіс малы ұлпаларында басқа малмен салыстырғанда глюкоза
нашарырақ тотығады да, энергияның негізгі көзі ретінде ацетат
пайдаланылады. Бірақ олардың, əсіресе сауын сиырлардың, глюкозаға деген
мұқтаждығы өте жоғары. Желін глюкозаны өте көп мөлшерде сіңіреді жəне
бұл процесс инсулинге тəуелсіз жүреді. Күйіс малы организміндегі глюкоза
тапшылығы бауырда жүретін глюконеогенез процесі нəтижесінде жойылады.
Бұл процесте негізгі субстрат ретінде пропионил-КоА жəне оксалацетат
сатылары арқылы глюкозаға айналатын пропион қышқылы (пропионат
пропионил-КоА - оксалацетат глюкоза) мен глюкозаға оңай айналатын амин
қышқылдары пайдаланылады. Олардың пайдаланылу деңгейі малдың
физиологиялық күйіне (буаздығына, сүттенуге) байланысты өзгеріп
отырады. Сүтті сиырлардың пропионат пен амин қышқылдарға деген
мұқтаждығы өте
жоғары деңгейде қалыптасады. Күйіс малының глюкозаға
мұқтаждығы жəне оны қамтамасыз ету жолдары шамамен мына төмендегі
көрсеткішпен бейнеленеді (28-таблица).
Күйіс малында глюконеогенез қарқыны қандағы инсулин мен глюкагон
гормондарының арақатынасына байланысты өзгереді. Өз ретінде бұл
гормондардың түзілуі қан құрамындағы ҰМҚ мен амин қышқылдарының
концентрациясына байланысты. Инсулин мен өсу гормоны бұл өнімдердің
бауырдан басқа ұлпаларда пайдалануын күшейтсе, глюкагон глюконеогенез
процесін жандандырады жəне бұл процеске лизин қышқылынан басқа
барлық амин қышқылдарын тартады.
28. Күйіс малының глюкозаға мұқтаждығы
Глюкоза шығыны, г
Тəулігіне 13
кг сүт беретін
сауын сиыр
Массасы 50 кг
суалған қой
Жалпы тəуліктік мұқтаждық (г)
1140
100
Қамтамасыз ету жолдары:
глюкоза есебінен
220
20
Гликоген мен глицерин есебінен
230
20
Амин қышқылдары есебінен Пропион
қышқылы есебінен
240
250
20
40
Достарыңызбен бөлісу: |