Жануар физол


 Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет250/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

11.4. Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу əдістері 

 

Ішкі  секреция  бездерінің  қызметін  төменде  баяндалған  əдістермен 



зерттейді. 

1. Клиникалық бақылау. Бұл қарапайым жəне ертеде қалыптасқан əдіс. 

Жеке  бездердің  қызметтерінде  ауытқулар  байқалса,  онда  осы  жануарды 

бақылауға  алып,  организмде  сезілген  өзгерістерді  тіркеп  отырады.  Жеке 

бездердің  физиологиялық  маңызы  жайлы  алғашқы  деректер  осы  əдіспен 

жинақталған. 

2.  Экстирпация,  немесе  бездерді  сылып  тастау.  Бұл  əдіспен  арнаулы 

операция  жасау  арқылы  жеке  бездерді  алып  тастап,  организмде  болатын 

өзгерістерді  анықтайды  (128-сурет).  Безді  толық,  не  жартылай  сылып 

тастайды  да,  тəжірибе  жүзінде  белгілі  бір  гормонды  жояды,  немесе  оған 

тапшылық  тудырады.  Мысал  ретінде  ауыл  шаруашылығында  кеңінен 

қолданылатын  малды  піштіру  тəсілін  келтіруге  болады.  Қазіргі  кезде 

операция жасамай-ақ бездерді арнаулы химиялық заттар егу арқылы уақытша 

істен  шығарады.  Мысалы,  метилтиоурацил,  тиомочевина  егу  арқылы 

қалқанша безін, аллоксан егу арқылы – ұйқы безінің аралшықтарын уақытша 

істен шығарады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет