17-схема. Қан құрамындағы сүттің алғы заттары
Сондықтан сүт құрамалары (компоненттері) қан құрамындағы алғы
заттардан түзілгенімен, қан мен сүт құрамында көп айырмашылық
байқалады (17-схема). Қан плазмасымен салыстырғанда сүт құрамында қант
90-95 есе, май — 26, кальций — 14, калий — 9 есе көп те, белоктар — 2 есе,
натрий — 7 есе аз. Қан құрамындағы алғы заттар без торшалары
мембранасынан не сүзілу жолымен, не белсенді тасымалдану арқылы өтеді.
Сүт құрамына енетін белоктар, майлар, көмірсулар химиялық құрамы мен
физика-химиялық қасиеттері жағынан қан плазмасы компоненттерімен
бірдей емес. Мəселен, қан плазмасында казеин, бета-лактоглобулин, альфа-
лактоальбумин, лактоза кездеспейді, ал сүт майы қышқылдық құрамы
жағынан плазма мен ұлпа липидтеріне ұқсамайды. Осы баяндалған жайлар
сүттің желін бездерінің талғамды əрекетінің нəтижесінде түзілетінінің
дəлелі.
Сүт түзуде эндоплазмалық тор мен Гольджи торлы кешені маңызды рөл
атқарады. Оларда түзілген аралық өнімдер ядро мебранасына ығысады. Бұл
процестерді митохондриялар АТФ-ті АТФ-аза ферментімен ыдырату
арқылы энергиямен қамтамасыз етеді. АТФ-аза түзілген сүтті альвеола
қуысына шығару (экструзиялау) процесіне де қатысады.
Без торшаларынан альвеолаларға өткен сүт ферменттер мен гормондар
əсерімен альвеолалар қуысында жетіле түседі. Оның құрамындағы кейбір
элементтер ферменттер əсерімен ыдырап, қанға кері сорылады. Бұл құбылыс
434
сүттің əрі қарай түзілуін жандандыра түседі. Малды сауған кезде окситоцин
əсерімен реабсорбция үдейді. Желіндегі реабсорбция жəне секреция
процестері бірін-бірі жандандырып отырады. Реабсорбция бұзылса,
секреция да жүрмей қалады. Реабсорбция торшалардың апикальдық
бөлігіндегі микробүрлер, қуыстар мен шығару өзектерінің кілегей
қабығындағы бүрлер мен қатпарлар арқылы жүреді.
Сүттің əрбір компонентінің түзілу ерекшеліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |