13.6. Сүт түзу процесінің реттелуі
Буаздықтың соңында мал желіндеп, сүт түзуге дайын жағдайға келеді.
Бірақ бұл кезде сүт бездерінде секрециялық процесс əлі қалыптаса қоймайды.
Ол тек мал төлдегеннен соң басталып, бүкіл сүттену кезеңінде сақталады.
Сүттену кезеңінде екі процесті ажырату керек. Олар уыздану
(лактогенез) жəне сүттену (лактопоэз). Уыздану деп буаздықтың соңы мен
мал төлдегеннен кейін алғашқы күндерде сүт бездерінде секрециялық
процестің басталуын айтады. Осы процестің бүкіл сүттену кезеңінде өршіп,
жалғасуын сүттену дейді. Аталған күрделі физиологиялық құбылыстар
желінде жүретін морфо-функционалдық, биохимиялық процестердің нейро-
гуморальдық тетіктер ықпалымен үйлесе дамуының нəтижесінде
атқарылады.
Сүттену процесін қамтамасыз ететін жүйені іске қосатын афференттік
(орталыққа тепкіш) буынды ем мен желіннің жанасуды, қысымды,
температураны қабылдайтын рецепторлары, ем қуысы, сүт жолдары мен
өзектерінің, альвеолалардың барорецепторлары, есту, көру, иіс жəне дəм
анализаторлары құрайды (150-сурет).
438
Сүттену орталығы ми қыртысында, лимбикалық жүйеде, гипоталамусте,
таламусте, торлы құрылымда, сопақша ми мен жұлында орналасқан
жекеленген құрылымдардың біртұтас морфо-функционалдық бірлестігі
болып табылады. Бұл орталық ас қорыту, тыныс алу, тамыр қозғағыш,
жыныстық т.б. орталықтармен тығыз байланысты. Сүттену орталығының
құрамына енетін əр құрылым өзіне тəн қызмет атқарады. Жұлынның
қатысуымен желіннен сүт бөлуді қамтамасыз ететін кұрылымдардың əрекеті
реттелсе, сопақша ми олардың қанмен жабдықталуын реттейді. Аралық ми
құрылымдары (гипоталамустың супраоптикалық жəне паравентрикулярлық
ядролары) желіндегі күрделі процестерді нейрогуморальдық реттеуде
маңызды рөл атқарады.
Аталған физиологиялық процестерді сыртқы ұрықтық, мықын-құрсақтық,
мықын-шаптық, жыныстық жəне аралықтық жүйке құрамындағы
орталықтан тепкіш жүйке талшықтарынан құралған эфференттік буын
қамтамасыз етеді.
Желінді жүйкелейтін жүйке талшықтары желінде дəнекер ұлпалар
қабатында орналасқан беткей жəне желін бөлімдері арасында орналасқан
ішкі торламалар құрады. Соңғы құрылымнан жүйке талшықтары қан
тамырларына, сүт өзектеріне, без паренхимасына, желін бөлімшелері
арасындағы дəнекер ұлпаларға тарамдалады. Жүйке торламалары
альвеолалардың негіздік мембраналары арқылы без торшаларына өтеді де,
олардың беткейінде түймеше немесе тармақты рецепторлар құра
аяқталады. Торламалар сүт өзектері сыртында, желін қуысының кілегей
қабығында да рецепторлар түзеді. Ем мен ем кілегей қабығында, ем терісінде
де рецепторлар көп болады.
150-ñóðåт.
Æåëií ºûçìåтiíi»
ðåттåëó ñõåì-ñû:
I – ìè ºûðтûñû; 2 – ñîï-ºø-
ìè; 3 – æ½ëûí; 4 – ºûðтûñ
îðт-ëûºт-ðû; 5 – ãèïîт-ë-ìóñ
ÿäðîë-ðû; 6 – ãèïîôèç; 7 –
æåëií; 8 – æåëií -ëüâåîë-ñû;
9 – -ôôåðåíттiê æ¾éêåëåð; 10 –
ýôôåðåíттiê æ¾éêåëåð; 11 – ñ¾т
¼çåêтåði т-ìûðë-ðû ìåí
ìèîýïèтåëèéäi» ýôôåðåíттiê
æ¾éêåëåði; 12 – º-í т-ìûðë-ðû.
439
Уыздану жəне сүттену процестерін реттеуде пролактин, соматотроптық,
тиреотроптық, адренокортикотроптық гормондар, окситоцин, тироксин,
үшйодты
тиронин,
тиреокальцитонин,
глюкокортикоидтар,
минералокортикоидтар, адреналин, норадреналин, паратгормон, инсулин,
глюкагон, эстрогендер, прогестерон маңызды рөл атқарады. Демек, аталған
гормондарды бөлетін ішкі секреция бездері де эфференттік буынға жатады.
Сүт түзу қарқынын реттеуде афференттік қайтарым жүйесін құрайтын
альвеолалар механо- жəне хеморецепторларының, сүт өзектері, желін қуысы
жəне ем рецепторларының да рөлі зор. Олар желіннің физиологиялық күйіне
байланысты туындаған тітіркеністерді орталыққа тепкіш жүйкелер арқылы
(мықын-құрсақтық, мықын-шаптық, жыныстық, аралықтық) жұлынға,
гипоталамус нейрондарына бағыттайды.
Уыздану процесінің құпиясы толық ашылмаған, оны тудыратын негізгі
фактор — буаз мал қанындағы прогестерон деңгейі болуы мүмкін. Бұл
гормон гипофиз бен плацента бөлген пролактин гормонының əсерін тиып,
уыздану процесін тежеп отырады. Буаздықтың соңында плацента көп
мөлшерде эстрогендер бөледі де, аденогипофизде пролактиннің түзілуін
жандандырады. Осының нəтижесінде уыздану процесіне түрткі болатын
пролактиннің бөлінуі үдейді де, оның белсенділігі жоғарылайды.
Желінді жүйкесіздендіру арқылы жүргізілген зерттеулер (Г.Б.Тверской)
сүттену процесінің басталуында эфференттік жүйкелер онша үлкен рөл
атқармайтынын көрсеткен. Желінді толық жүйкесіздендіргеннен кейін,
немесе оны организмнің басқа бір бөлігіне аударып отырғызғаннан соң
(ешкінің мойын тұсына) сүт түзу процесі тоқтамаған. Дегенмен, афференттік
жүйкелерден
тараған
тітіркеністер
гипоталамус-гипофиздік
жүйені
белсендіру, пролактиннің бөлінуін үдету арқылы уыздану жəне сүт түзу
процестеріне үлкен ықпал етеді. Сүттену процесі басталғаннан кейін
желіннен орталық жүйке жүйесіне бағытталған афференттік тітіркеністер
секрециялық процеске айтарлықтай зор ықпал етпейді. Егер желіні толық
жүйкесізденген сауынды сиырға окситоцин егу арқылы альвеолаларды
сүттен босатып отырса, онда оның сүттілігі онша өзгермейді. Ал,
альвеолалар сүттен босамаған жағдайда, сүттің түзілуі тежеледі. Демек,
желіннің сүт түзу қабілеті альвеола эпителийінің физиологиялық жағдайына
көп байланысты.
Жинақталған деректерге сүйене отырып, сүт түзу процесі рефлекторлық
түрде мына төмендегі схема бойынша реттеледі деп тұжырымдауға болады.
Төл емгенде, немесе малды сауғанда тітіркеніс желіннен сезімтал жүйкелер
арқылы жұлынға бағытталады да, оның өрлеу жолдарымен сопақша ми
арқылы гипоталамусқа жетеді. Осы жерден тітіркеніс (импульс) үш бағытта
тарайды:
440
1) ми қыртысына; 2) гипофиз сабағы арқылы нейрогипофизге жəне 3)
симпатикалық жүйке жүйесі арқылы желіннің өзіне. Соңғы бағытпен тараған
импульстер əсерімен желіндегі қан айналым деңгейі өзгереді.
Сүт түзу процесін реттеуде екінші бағытта тараған импульстердің
маңызы зор. Олардың əсерімен гипоталамустың супраоптикалық жəне
паравентрикулярлық
ядроларынан
нейросекреттер
бөлініп,
олар
нейрогипофизге өтеді де, қанға окситоцин бөлінеді. Өз кезегінде бұл гормон
желіннің секрециялық бездерінің, қызметін күшейтетін пролактин, СТГ, ТТГ,
АКТГ бөлінуін үдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |