. Жеке эритроцит (электронды
46
5. Мал қанындағы эритроциттердің саны мен көлем мөлшері
(В. Н. Никитиннің деректері бойынша)
Жануарлар
Қанның 1 мм
3
мөлшеріндегі
эритроциттер саны, млн.
Эритроциттің диаметрі,
мкм
Жылқы
Сиыр
Қой
Шошқа
Қоян
Тауық
7,70-9,50
6,0
9,4
6,0
5,0
3,5
5,6
5,1
4,3
5,0-6,0
6,0
12,0X7,5
Эритроциттердің негізгі қызметі қанмен оттегін жəне көмір қышқыл
газын тасымалдау. Оған бір жағынан эритроцит құрамындағы гемоглобиннің
болуы, екіншіден, олардың пішіні негіз болады. Малда эритроциттің беткейі
88-90 мкм
2
, ал олардың қандағы беткейінің жалпы мөлшері сиырда 13500 м
2
,
жылқыда - 15000, шошқада - 4300 м
2
шамасында. Эритроциттер өз беткейіне
дифтерия, сіреспе токсиндерін тұтып алып, біршама қорғаныстық қызметін
атқарады. Аминқышқылдарын тасымалдап, олар торшаларды қоректік
заттармен де қамтамасыз етеді. Кейбір ғылыми деректерге қарағанда
(Кузьняк, Серафини) эритроциттер қанның ұю процесіне де қатысатын
көрінеді. Олар қандағы гепаринді (бауырда түзіліп, қанның ұюына кедергі
жасайтын зат) өз беткейіне тұтып, тромбоциттердің бұзылуын тездетеді.
Эритроциттердің саны малдың тұқымына, жасына, физиологиялық күйіне
(буаздық, суттену, дене жұмысы), тіршілік ортасының жағдайларына
байланысты өзгеріп отырады (5-таблица) . Олардың тіршілігі орта есеппен
120 күнге созылады да, түлік түріне қарай ауытқып отырады. Мысалы,
жылқыда - 100, сиырда - 120-160, бұғыда- 95, қоянда-45-60 күн.
Ескі эритроциттер торлы эндотелий жүйесінің торшаларында, əсіресе
бауыр мен көкбауырда жойылады. Эритроциттерден босаған темір сүйек
кемігінде жаңа эритроциттерді құруға пайдаланылады, ал гемоглобин
құрамындағы гем өт құрамына кіретін билирубин бояғышына айналып,
өтпен ішекке бөлінеді. Жаңа эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: