494
сияқты миогендік жолмен пайда болады. Кей жағдайда бұл құбылысты
бірыңғай салалы еттер автоматизмі деп атайды.
Қозу толқыны бірыңғай салалы еттің негізгі торшаларынан
электрофизиологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін пейсмекер деп аталатын
торшаларда пайда болады. Ағылшын тілінен аударғанда пейсмекер деген сөз
ырғақ беруші деген мағына береді. Бұл торшаларға электрлік тербелістер
тудырып, оларды басқа торшаларға таратып отыратын қасиет тəн.
Бірыңғай салалы ет торшаларында тыныштық потенциалының дейгейі
төмен, 10–20 мВ шамасында. Тыныштық потенциалын тудыруда натрий,
калий иондарымен қатар кальций жəне хлор иондары қатысады. Ал, əрекет
потенциалы пейсмекерлік потенциал əсерімен кальцийлік арналардың
активтенуі салдарынан торша мембранасының табалдырықты деңгейге дейін
үйексізденуі нəтижесінде пайда болады.
Бірыңғай салалы еттердің қозғыштық қасиеті төмен. Оның қозу
табалдырығы жоғары, ал хронаксиясы ұзақ болады.
Бірыңғай салалы еттерде де қозу импульсі айналымды электр тогы
арқылы таралады. Сонымен қатар қозу процесі бір торшадан іргелес
орналасқан торшаға оңай өтеді. Қозудың таралу жылдамдығы секундына
бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін жетеді. Мысалы, ішек
қабырғасында қозу секундына 1 см, жатырда 18 см жылдамдықпен таралады,
Бірыңғай салалы еттердің жиырылу кезеңі ұзағырақ, əсіресе оның
босаңсу кезеңі созылыңқы келеді. Бірыңғай салалы еттердің жасырын кезеңі
де ұзаққа созылады.
Көлденең жолақ ет сияқты бірыңғай салалы еттерге де икемділік жəне
созылғыштық қасиеттері тəн. Бірақ олардың созылғыштық қасиеті икемділік
қасиетінен нашарырақ дамыған. Созылғыштық қасиет əсіресе ішкі қуыс
ағзаларда жақсы байқалады, осымен байланысты қуыс ағзалар толған сайын
олардың қабырғасы созыла түседі де, ішіндегі қысым өзгермейді. Мысалы,
ит қарнына 240, не 460 мл сұйық құйылғанның өзінде, ондағы қысым
өзгермей, су бағанасымен 7 мм шамасында сақталады. Дəл осындай жағдай
қуықта да байқалады.
Бірыңғай салалы еттерде тонус жақсы жетілген жəне тонустық жиырылу
кезінде олар онша көп энергия шығындамайды. Кейбір бірыңғай салалы
еттерде автоматизм қасиеті жақсы дамыған. Бұл қасиетке миогендік табиғат
тəн.
Достарыңызбен бөлісу: