Жүйкенің
қажымауы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды. Оның
себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында жəне қайта синтездеу
процестерінің шапшаң жүруінде. Н.Е.Введенский бірнеше сағат бойына
жүйкені ырғақты тітіркендіргеннің өзінде оның қозуды өткізу қабілетінің
жоғалмайтынын, демек жүйкенің баяу қажитынын дəлелдеген. Жүйкенің
қажымау себебінің бірі - оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты
жағдайда жүйке торшалары секундына 50–100 импульс тудырып үлгерсе,
жүйке талшықтары одан əлдеқайда көп импульстерді өткізіп үлгеруге
бейімделген.
Достарыңызбен бөлісу: |