Жануар физол


Үйексіздену                       Гиперүйектену



Pdf көрінісі
бет378/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Үйексіздену                       Гиперүйектену 

 

178-сурет. Синапс қызметінің схемасы: 

А  –  коздырғыш,  Б  –  тежегіш  синапс:  1  –  медиатор  көпіршіктері;  2  – 

пресинапстық мембрана; 3 – постсинапстық мембрана; 4 – синапс саңлауы; 

Ек  –  үйексіздену  шегі:  ШП  –  шектелген  потенциал;  ІПСП  –  қоздырушы, 

ТПСП – тежеуші постсинапстық потенциалдар; ƏП – əрекет потенциалы. 




 

503


 

Əрекет 


табақшасы 

потенциалының 

(ƏТП) 

жүйкенің 



əрекет 

потенциалымен салыстырғанда өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар. Мысалы, 

ƏТП  ұзағырақ  созылады  жəне  оның  шыңы  күрт  биіктеп  (1,0–1,5  мс)  баяу 

төмендейді (3,5–6 мс ішінде). ƏТП «барынша немесе ешнəрсе жоқ« заңына 

бағынбайды.  Оның  амплитудасы  жүйке  ұшынан  бөлінген  медиатордың 

мөлшеріне жəне постсинапстық мембрананың сезімталдығына қарай өзгеріп 

отырады.  Медиатор  неғұрлым  көп  бөлінсе,  постсинапстық  мембрананың 

сезімталдығы  неғұрлым  жоғары  болса,  ƏТП  амплитудасы  соғұрлым  биік 

болады.  Жүйке  импульстері  белгілі  жиілікпен  туындаған  жағдайда 

постсинапстық потенциалдардың жинақталуы мүмкін. 



Синапсқа бірнеше физиологиялық қасиет тəн. Олар қозуды бір  бағытта 

өткізеді,  қозу  толқынының  таралу  шапшандығын  баяулатады  (қозуды 

бөгейді).  Синапсқа  қажу  құбылысы  тəн,  себебі  онда  зат  алмасу  процесінің 

қарқыны жоғары болады. 

Бірыңғай  салалы  еттердегі  синапстың  құрылымы  қаңқа  еттері 

синапстарымен  салыстырғанда  əлдеқайда  қарапайым  келеді.  Аксондардың 

жіңішке шоғырлары мен олардың жеке тармақтары ет торшалары арасында 

тостаған  пішінде  кеңейеді  де,  оның  ішінде  ацетилхолин  немесе 

норадреналин  медиаторларына  толған  көпіршіктер  орналасады.  Бірыңғай 

салалы  еттердегі  синапстардан  қозу  импульсі  əртүрлі  медиаторлардың 

қатысуымен  таралады.  Мысалы,  ас  қорыту  жолы  еттерінде,  ауатамырларда 

қозу  ацетилхолинді  бөлу  арқылы  таратылса,  қан  тамырларында 

норадреналин  бөлу  арқылы  беріледі.  Сонымен  қатар  қан  тамырларының 

бірыңғай  салалы  еттері  үшін  норадреналин,  ал  норадреналин  арқылы 

қозатын еттерде - ацетилхолин тежеуші медиатор рөлін атқарады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет