Жануар физол



Pdf көрінісі
бет391/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

(эндоцитоз). 

Бөлінген медиатор кванттары пресинапстық мембрана арқылы синапстық 

саңлауға  өтеді  де,  одан  əрі  постсинапстық  мембрананың  белгілі  бір 

бөліктеріне  -  рецепторлық  учаскелеріне,  бекиді.  Медиатор  мен 

постсинапстық  мембрана  құрамындағы  белок-липидтік  кешеннің  өзара 

əрекеттесуінің  салдарынан  мембранадағы  натрий  иондары  арнасының 

диаметрі  қысқа  мерзімге  3–4  есе  кеңейеді.  Осының  нəтижесінде 

постсинапстық  мембрананың  натрий  иондарына  өтімділігі  күрт  жоғарылап, 

олар  синапстық  саңлаудан  постсинапстық  мембранаға  өте  бастайды  да, 

мембрана  үйексізденіп,  қоздырушы  постсинапстық  потенциал  туындайды. 

ҚПСП шектік деңгейге жеткенде əрекет потенциалы пайда болады. Бөлінген 



 

525


ацетилохин  холинэстераза  əсерімен  өте  шапшаң  холин  жəне  сірке 

қышқылына ыдырады. 

Функционалдық ерекшеліктері баяндалып өткен химиялық синапстармен 

қатар  организмде  электрлік  синанстар  да  кездеседі.  Олардың  синапстық 

саңлауы  тар  келеді,  сондықтан  пресинапстық  мембранаға  жеткен  əрекет 

потенциалы бірден постсинапстық мембранаға таралады. Бұл синапстар тек 

қоздырушы синапстар болып табылады. Электрлік синапстар көбіне төменгі 

сатыда  дамыған  жануарларда  кездеседі.  Дегенмен  олар  сүт  қоректілердің 

ОЖЖ-де  де  табылған.  Ұрықтық  даму  барысында  олардың  саны  кемиді  де, 

мида  онша  көп  ұшыраспайды.  Жүректе,  ішкі  ағзалар  бірыңғай  саласы 

еттерінде, бездерде электрлік синапстар көптеп кездеседі. 

Кейбір  синапстарда  қозуды  таратудың  химиялық  жəне  электрлік 

механизімдері  қатар  сақталады.  Оған  синапстық  саңлау  мөлшерінің  өзгеріп 

отыруы  себепкер  болады.  Саңлау  тар  жерлерде  қозу  толқыны  электрлік 

жолмен,  ал  ол  кеңейген  жағдайда  химиялық  механизм  көмегімен  - 

медиаторлар  бөлу  арқылы,  таралып  отырады.  Мұндай  синапстарды  аралас 

синапс деп атайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет