20.6. Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі
Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде пайда болады дедік.
Шартты рефлексті қалыптастыру үшін шартты (бейтарап), көзделген
реакцияны өздігінен тудырмайтын тітіркендіргіштер əсері шартсыз,
нақтылы
əрекетті
(шартсыз
рефлекторлық
процесті)
тудыратын
тітіркендіргіштердің алдын алу керек. Мысалы, алдымен шам жағып, ізінше
тамақ беру қажет. Егер əсер керісінше болса (алдымен шартсыз, соңынан
шартты тітіркендіргіш əсер етсе), шартты рефлекс қалыптаспайды.
Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы -
жайылу (генерализация), екіншісі - нақыштану сатысы.
Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет қосарлана
қайталанса, алдымен малда бағдарлау, байыптау əрекеті, И.П.Павловтың
айтуынша «бұл не?ң реакциясы, байқалады. Бұл кезде малдың қимыл-
əрекеті тежеліп, ол басын тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа бұрып,
құлағын тікірейтеді, оның тынысы мен жүрегінің қағысы өзгереді. Ал
рефлекс қалыптаса, беки келе аталған реакциялар əлсірей бастайды да,
жойылып кетеді. Шартты рефлекстің қалыптасуының алғашқы сатысында
байыптау əрекеттерінің маңызы зор болады, олар орталық жүйке жүйесі
торшаларының белсенділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет тіркес əсер
еткеннен кейін сигналға алғашқы жауаптар байқала бастайды. Бұл кезде
рефлекс тиянақты болмайды. Реакция тек шартты тітіркендіргішке ғана
емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де туындай береді (жайылу сатысы).
Тітіркендіргіштер əсері тіркес қайталанып отырса, шартты рефлекс бекіп,
нығайып, тек шартты сигналға ғана жауап қайтарылады (нақыштану
сатысы).
597
Шартты рефлекс ми қыртысындағы қатар қозған екі орталықтың –
шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер орталықтарының, арасында
уақытша байланыстың пайда болуы нəтижесінде қалыптасады.
Шамның жарығына шартты сілекей бөлу рефлексін қалыптастыру қүшін
тəжірибені мына тəртіппен жүргізеді. Алдымен шам жағылады да, 10–15
секундтан кейін итке тамақ береді. Шартты, бейтарап тітіркендіргіш -
шамның жарығы, көз рецепторын қоздырады да, қозу импульсі афферентік
жолмен қыртыс асты орталықтар арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі
көру орталығына беріледі (229-сурет, І). Көру орталығымен қатар ізінше ми
қыртысындағы шартсыз тітіркендіргіш əсерін қабылдаған ас қорыту
орталығы да қозады (229-сурет, ІІ). Оның себебі шартсыз тітіркендіргіш
(азық) əсерімен ауыз қуысындағы сезімтал жүйке ұштары (2) тітіркеніп,
импульс сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі де,
одан орталықтан тепкіш жүйкелер арқылы сілекей бездеріне бағытталып,
сілекей бөлінеді, шартсыз сілекей бөлу рефлексі атқарылады. Бұл рефлекс
атқарылғанда қозу толқыны тек сопақша миды ғана қамтып қоймай, өрлеу
жолымен ми қыртысына дейін көтеріледі де, ондағы жоғары ас қорыту
орталығы да қозады. Сонымен үлкен жарты шарлар қыртысында бір
мезгілде екі орталық - көру жəне ас қорыту, қатар қозады. Тағы бір жəйт,
шартсыз тітіркендіргіш (азық) шартты сигнал - шам жарығымен
салыстырғанда күштірек қозу ошағын тудырады. Күшті қозған орталық
əлсіздеу қозған орталықтан қозуды өзіне тартады да, соқпақтану процесі
жүріп, екі орталық арасында байланыс пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |