634
қабықтың артқы бөлігін
ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының
артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, жүйкеқап түзеді.
Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасқан. Бұл қабатта көзді
қоректендіретін қан тамырлары болады. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты
астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі
осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты болады. Ірі қарада ол қара
қоңыр, жылқыда қара немесе ақшыл қоңыр, қойда - сарғыш қоңыр, ешкіде -
көкшіл немесе сарғыш, итте - қара қоңырдан сарыға дейін, мысықта - сары
не жасыл түсті болады. Альбиностарда (ақ түсті жануарларда)
238-сурет. Көздің құрылысы:
1 – ақ қабық, 2 – қасаң қабық,
3 – көздің алдыңғы камерасы,
4 – нұрлы қабық, 5 – қарашық,
6 – көздің артқы камерасы,
7 – кірпікшелі дене, 8 –
көз бұршағы, 9 – циннов
байламы, 10 – тамырлы қабық,
11 – шыны тəрізді дене,
13
– торлы қабық, 13 – орталық
ойыс (сары дақ), 14 – көру осі,
18
– оптикалық ось, 16 – соқыр
дақ, 17 – көру жүйкесі, 18 –
көздің сіңірі, 19 – конúюк
тива (шырышты қабық).
нұрлы қабық боялмайды, одан қан тамырлары көрініп тұрады, сондықтан ол
қызыл болып көрінеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын
тесік болады, ол арқылы жарық сəулесі көз алмасының ішіне өтіп, торлы
қабыққа жетеді. Қарашықтың пішіні приматтарда дөңгелек, жылқы мен
күйісті малдарда - сопақша, мысықта - сызықша саңлау тəрізді.
Нұрлы қабықта екі бағытта орналасқан ет талшықтары болады. Сақиналы
бағытта орналасқан ет талшықтары жиырылғанда көз қарашығы тарылады,
ал сəулелі бағытта орналасқан ет талшықтары жиырылғанда - кеңейеді.
Осының нəтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сəулесінің шоғыры
көбейіп, не азайып отырады. Демек, нұрлы қабықтың ет талшықтарының
қызметі арқасында нұрлы қабық арқылы өтетін жарық сəулесі реттеліп,
Достарыңызбен бөлісу: