Жануар физол



Pdf көрінісі
бет470/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

адаптация  (көздің  жарық  күшіне  бейімделуі)  процесі  атқарылады  (239-

сурет).  

Сақиналы  бағыттағы  ет  талшығы  парасимпатикалық  көз  қимылдатқыш 

жүйке  тармағымен,  ал  сəулелі  бағыттағы  талшықтар  -  мойынның  алдыңғы 

түйінінен  басталатын  симпатикалық  жүйкемен  жүйкеленеді.  Қарашықтың 

артында екі жағы дөңес линза  

 



 

635


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



пішінді мөлдір дене - көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан жұқа қабықпен 

қапталған. Оның белдеміне циннов байламы бекиді. Өз кезегінде бұл байлам 

тамырлы қабық құрылымы болып табылатын кірпікше еттермен жалғасады. 

Осы  кірпікшелі  дененің  жиырылуы  нəтижесінде  көз  бұршағының  пішіні 

өзгеріп,  ол  не  қабысып,  не  дөңестеліп  отырады.  Қасаң  қабық  пен 

қарашықтың арасындағы қуысты көздің алдыңғы камерасы, ал қарашық пен 

көз бұршағы арасындағы қуысты - артқы камера деп атайды. Бұл камералар 

мөлдір  сұйық  -  шылауықпен  толған.  Көз  алмасының  көз  бұршағы  артында 

жатқан  қуысын  шыны  тəрізді  дене  деп  аталатын  түссіз  мөлдір  қоймалжың 

сұйық зат толтырып тұрады. 

 

 

240-сурет.  Аккомадация  механизмі:  Көздің  сол  жақ  бөлігі  көз  бұршағының 



алыстағы затты, оң жақтағы бөлігі – жақындағы затты қарарандағы пішіні 

 

Жоғарыда  аталған  құрылымдар  -  қасаң  қабық,  шылауық,  көз  бұршағы 



жəне  шыны  тəрізді дене,  көздің оптикалық  немесе  сындырушы  жүйесі  деп 

аталады.  Оптикалық  жүйе,  əсіресе  көз  бұршағы,  аккомодация  процесін 

қамтамасыз етеді (240-сурет). Аккомодация деп көздің əртүрлі қашықтықтан 

айқын көруге бейімделуін айтады. 

 

239-ñóðåт

.  Í½ðëû  º-áûº  ïåí 

êiðïiêтi åттåðäi» æ¾éêåëåíói: 

1— í½ðëû º-áûº, 2 — º-ð-øûº, 

3— 

ñ-ºèí-ëû 



åттåð, 

— 



ñ¸óëåëåëi  åттåð,  5  —  êiðïiêøåëi 

åттåð,  6  —  ñ-ºèí-ëû  åттåðäi 

æ¾éêåëåéтií  ê¼ç  ºèìûëä-тºûø 

æ¾éêåíi» 

ï-ð-ñèìï-тèê-ëûº 

т

-ëøûºт-ðû,  7  —  ìîéûííû» 



-ëäû»¹û 

ñèìï-тèê-ëûº 

æ¾éêåñiíi» 

ñ¸óëåëi 


åттåðäi 

æ¾éêåëåéтií т-ëøûºт-ðû.

 

 



 

636


Əдетте  көз  алыстағы  заттарды  жақсы  көретіндей  күйде  болады. 

Сондықтан  алыстағы  нысандар  кескіні  оптикалық  жүйеде  сынғаннан  кейін 

торлы  қабыққа  дəл  түседі,  ал  жақын  орналасқан  нысандардар  тараған 

сəулелер торлы қабықтан өтіп барып кескін беруге тиіс. Бірақ аккомодация 

құбылысының  арқасында  көз  жақындағы  нəрселерді  дəл  жəне  айқын 

көретіндей болып өзгереді. 

Аккомадация құбылысы көз бұршағының дөңес бетінің үлкеюімен, демек 

оның  жарық  сындыру  қасиетінің  күшеюімен  байланысты.  Көз  бұршағын 

қоршаған  қабықты  байламдар  керіп  тұрады.  Кірпікше  еттер  жиырылған 

кезде керіліп тұрған байламдар босаңсиды да, көз бұршағы өзінің серпімділік 

қасиетіне  байланысты  дөңестеле  түсіп,  жарық  сындыру  күшін  ұлғайтады. 

Бұл кезде көз жақында орналасқан заттарды анық ажыратады. 

Көздің    жарық  сезгіш  (фоторецепторлық)  бөлімі  ең  ішкі  торлы  қабықта 

орналасқан.  Торлы  қабық  сырт  жағынан  тамырлы  қабықпен,  ішкі  жағынан 

шыны  тəрізді  денемен  жанасады  да,  көздің  артқы  жартысын  ғана  астарлай 

орналасады. Онда жарық сезгіш рецепторлар - таяқшалар мен сауытшалар, 

орын тебеді.  

Торлы  қабықтың  құрылымы  өте  күрделі.  Ол  əр  түрлі  торшалар  немесе 

олардың  өсінділерінен  түзілген  10  қабаттан  тұрады  (241-сурет).  Оның 

тамырлы қабықпен жанасатын сырт қабатын пигментті торша құрайды. Бұл 

торшалар құрамында жарықтың шағылысуына, мүмкіндік бермейтін фусцин 

деген пигмент болады.  



 

Осының арқасында заттың бейнесі айқын көрінеді. Пигментті қабаттың 

ішкі  бетінен  онымен  жанасатын  келесі  қабатты  бойлай  өсінділер  шығып, 

олар фоторецепторлық торшаларды қоршап жатады. Көзге тым күшті жарық 

түссе,  пигмент  дəндері  эпителийлік  торшалардан  өсінділерге  ығысып, 

таяқшалар  мен  сауытшаларды  күшті  жарықтан  қалқалайды.  Пигментті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет