Жануар физол


Бинокулярлық  (қос  көзбен)  көру



Pdf көрінісі
бет473/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Бинокулярлық  (қос  көзбен)  көру.  Көру  мүшесі  денеде  симметриялы 

орналасқан  жұп  орган.  Бинокулярлық  көру  нəтижесінде  кез  келген  зат  əр 

көздің  торлы  қабығында  бір-бірден  екі  бейне  береді.  Бірақ  организм  қос 

бейне  емес,  жалғыз  ғана  бейне  көреді.  Оның  себебі  көз  қабылдаған  зат 

бейнесі  екі  көздің  торлы  қабықтарының  бір-біріне  сəйкес  келетін 

учаскелеріне  бағытталады.  Егер  заттың  бейнесі  торлы  қабықтың  сəйкес 

келмейтін (диспарантты) учаскелеріне түссе, онда зат қосарланып көрінеді. 

Қос көзбен көрудің нəтижесінде көру өрісі кеңейеді, заттардың мөлшері 

дəл анықталады, оларға дейінгі аралық дұрыс аңғарылады. 

Рең  түйсігі.  Жануарлар  заттың  тек  бейнесін  ғана  қабылдамай,  оның 

түсін де ажырата алады деген болжам бар. Мысалы, жылқы, ірі қара, шошқа 

қызыл, жасыл, көк, сары түсті жақсы ажыратады. Ит пен мысық түсті нашар 

ажыратады,  ал  қоян  мен  тышқан  ажырата  алмайды.  Жануарларға  рең 

түйсігінің тəн болатынына мимикрия - қорғаныш рең, құбылысы дəлел. Көп 

жануарлар  өз  жауларынан  түсіне  сəйкес  келетін  фонға  тасалану  арқылы 

сақтанады. 

Жануарларда  рең  түйсігінің  құпиялары  жақсы  зерттелмеген.  Оны  үш 



компонентті теория арқылы түсіндіреді. Жалпы қызыл, жасыл жəне күлгін 

түстер  негізгі  түстер  деп  саналады.  Оларды  өзара  белгілі  ара  қатынаста 

араластыру  арқылы  əртүрлі  рең  түйсігін  тудыруға  болады.  Көздің  торлы 

қабығында 

түрлі 

ұзындықтағы 



сəулелер 

толқынына 

əрқалай 

сезімталдығымен  ерекшеленетін  үш  түрлі  сауытшалардың  болатынын 

баяндап өттік. Егер көзге ұзын толқынды сəулелер əсер етсе, онда тек осы 

толқынды қабылдайтын сауытшалар қозып, қызыл түс түйсігі пайда болады. 

Жарық əсерінен екінші топ сауытшалары қозса - жасыл түс түйсігі, үшінші 

топ  сауытшалары  қозғанда  -  күлгін  түс  түйсігі  туындайды.  Аралық  түстер 

осы  үш  топтың  сауытшаларының  əртүрлі  деңгейде  қозуының  нəтижесінде 

пайда  болады.  Мысалы,  қызыл-сары  түс  түйсігі  «қызылң  сауытшалардың 

күшті,  «жасылң  сауытшалардың  жеткілікті,  ал  «күлгінң  сауытшалардың 

əлсіз  деңгейде  тітіркенуінен  туындайды.  Демек,  əрбір  сауытшада 

сигналдарды  өздеріне  ғана  тəн  жүйе  арқылы  тарататын  үш  түрлі  жарық 

қабылдағыш болады. Осы құрылымдардан тараған түстердің қосындысынан 

спектрдің барлық реңдерін алуға болады. Егер сауытшалардың əртүрлі түс 



 

641


қабылдайтын осы үш элементтері бір мезгілде жəне бірдей деңгейде қозса, 

ақ түстің түйсігі пайда болады. 



Көздің  қорғағыш  аппараты.  Сүт  қоректі  жануарларда  көзді  жоғарғы 

жəне  төменгі  қабақ  қорғап  тұрады.  Қабақтың  жиегінде  көзді  дымқылдап, 

құрғаудан  сақтап  тұратын  сұйық  зат  бөлетін  жылауық  без  болады.  Сүт 

қоректі жануарларда көздің ішкі бұрышында жас бүртігі орналасады. Одан 

бөлінген  жас  көзді  дымқылдап,  оған  түскен  тозаңды  шайып  тұрады.  Көз 

жасының құрамында бактерицидтік əсері бар лизоцим ферменті болады. Ол 

көзді түрлі микробтар əсерінен сақтайды. 

Көздің  қоректену  процесі  басқа  органдардан  өзгешелеу  жүреді.  Көзден 

басқа  органдарға  қоректік  заттар  қан  арқылы  жеткізіледі.  Ал  көздің 

оптикалық  жүйесінің  құрылымдары  қан  тамырларымен  жабдықталса,  олар 

өзінің  мөлдірлігін  жоғалтып,  организм  көру  мүмкіндігінен  айырылар  еді. 

Сондықтан қоректік заттар аталған құрылымдарға көздегі шылауық арқылы 

жеткізіледі. Көз камераларына қоректік заттар нұрлы қабық пен кірпікшелі 

денедегі қан тамырларынан өтеді. Бірақ құрамы жағынан камералық сұйық 

қаннан  өзгеше  келеді.  Мысалы,  шылауық  құрамында  белок  болмайды,  ал 

аскорбин  қышқылының  мөлшері  қанмен  салыстырғанда  бірнеше  есе 

көбейеді.  Қан  тамырлары  қабырғасының  осындай  талғамды  өткізгіштік 

қасиетін  гематоофтальмиялық  немесе  көз      тосқауылы  деп  атайды.  Осы 

тосқауыл  көзді  ішкі  ортадан  өтетін  зиянды  заттардан  сақтайды. 

Тосқауылдан  белоктар,  уытты  заттар,  микробтар,  қан  торшалары  қалыпты 

жағдайда өте алмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет