АТАУЛАРДЫ³ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ
Автоматия — кейбір торшалар мен ұлпалардың сыртқы əсерсіз өздерінде
туындайтын импульстердің əсерімен қозатын қасиеті.
Ағза – организмнің ішкі мүшелеріне байланысты атау
Адаптация — организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуі.
Алкалоз — организмнің қышқыл-сілтілік теңдестігінің сілтілік жаққа
ығысуы.
Анаболизм — ұлпа мен торша құрылымын түзуге жəне жаңартуға
бағытталған, қуат шығынын қажет ететін биохимиялық процестер
жиынтығы.
Антагонизм — белгілі бір қызмет атқаруға қатысатын органдардың,
жүйелердің жəне олардың алмасу өнімдерінің қарама-қарсы əрекеттері.
Антиген — арнаулы иммундық жауап тудыратын, антиденелер түздіретін
организмге бөгде зат.
Антидене — организмге енген антигенге қарсы түзілетін иммуноглобулин
Антикоагулянт — қанды ұйытпайтын органикалық жəне анорганикалық
заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |