керіп, одан əрі бұл толқын артерияларға таралады да, артериолалар мен
. Т-ìûðë-ð æ¾éåñiíi»
111
Тамыр соғысын арнаулы құрал - сфигмографпен жазып та зерттейді.
Артериялардың соғуын бейнелейтін қисық сызықты
сфигмограмма деп
атайды. Сфигмограмма екі бөліктен тұрады (41-сурет). Сызықтың көтерілген
бөлігін (а) анакрота дейді, ол систола кезінде тамырдағы қыcымның
жоғарылап, артерия қабырғасының керілуімен байланысты туындайды.
Қисық сызықтың төмендеген бөлігін катакрота (1) деп атайды, ол
диастоламен байланысты. Диастола кезінде қан қарыншаға қарай ығысады
да, сызықта терең ойыс (инцизура) пайда болады. Жабылып үлгерген жарты
айшық қақпақшаларға қанның соғылуының салдарынан сызық қайта
көтеріледі. Оны дикроталық (қосарланған) кертпеш (2) немесе тіркес өр
дейді.
Достарыңызбен бөлісу: