3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету
стандартының
көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000,
12-тармағында
Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша
беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не
Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны
көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (
мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым
тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін
қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс
1414 телефоны арқылы алуға болады.
орталығының
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен»
көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны
туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтінім туралы ақпарат
қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін
қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды
қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті
берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті
алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға
шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органның
мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес
жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімге қол қоюы керек.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін
қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 4-бабы
6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
1-тармағының
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің
интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «
www.minagri.gov.kz
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті
портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі
туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға
мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс
телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс орталығы: 1414.
«Саны реттеуге жататын жануарлар
түрлерін алып қоюға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
Нысан
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
____________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефоны)
Көрсетілетін қызметті
алушының реквизиттері_______________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беруді
сұраймын.
Аулау мақсаты _______________________________________________________
Аулау әдісі _________________________________________________________
Рұқсатты қолдануға жауапты тұлғалар: ________________________________
Мекендеу ортасынан алу үшін жоспарланған объектілердің саны және тізімі:
Жануарлар түрлері
Саны (жеке)
Аудан (аумақ) және
учаске шекаралары
Жыныстық жасының құрамы (қажет болған жағдайда)______________________
_____________________________________________________________________
Аулау мерзімдері _____________ дан _________________ дейін
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
__________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
көрсетілетін қызметті алушының лауазымы, қолы,
мөрдің орны (заңды тұлғаларға)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |