Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың жануарлар



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі149,4 Kb.
#11172

Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi 

мамандандырылған ұйымдардың жануарлар 

дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану мәселелерiмен айналысатын 

қызметкерлерi лауазымдарының үлгiлiк 

бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы 

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және Су ресурстары 

министрiнiң 2013 жылғы 18 қарашадағы № 349-Ө бұйрығы. 

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 

жылы 30 желтоқсанда № 9048 тiркелдi 

 

"Егемен Қазақстан" 25.02.2014 ж. № 38 (28262); 



"Казахстанская правда" от 25.02.2014 г. № 38 (27659); 

 

 



      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 125-

бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн қорғау 

жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың жануарлар 

дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану 

мәселелерiмен айналысатын қызметкерлерi лауазымдарының 

үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары бекiтiлсiн. 

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су 

ресурстары министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы 

комитетi (Б.О. Азбаев) заңнамада белгiленген тәртiппен 

осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет 

министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 

      3. Осы бұйрық бiрiншi рет ресми жарияланғаннан 

бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi. 

      Министр                                     Н. 

Қаппаров

 

      «КЕЛIСIЛДI» 



      Қазақстан Республикасы 

      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi 

      ______________________________ 

      2013 жылғы 29 қараша 

Қазақстан Республикасы   

Қоршаған орта және су   

ресурстары министрiнiң  


2013 жылғы 18 қарашадағы 

№ 349-Ө          

бұйрығымен бекiтiлген  

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және

 

пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн



 

қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың 

қызметкерлерi

 

лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары



 

1. Ұйымның бас директоры

 

      Лауазымдық мiндеттерi. Жануарлар дүниесiн қорғау, 



өсiмiн молайту және пайдалану саласында қызмет 

атқаратын ұйым және филиалдары қызметiне басшылықты 

жүзеге асырады. Ұйым және филиалдар мүлкiнiң сақталуын 

және пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Ұйымның және 

филиалдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын және 

өзара iс-қимылын ұйымдастырады. Ұйымның банктi қоса 

алғанда, мемлекеттiк бюджет, жинақтаушы зейнетақы және 

сақтандыру қорлары, жеткiзушiлер, тапсырыс берушiлер 

және кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн орындауын, 

сондай-ақ, шаруашылық және еңбек шарттарын 

(келiсiмшарттарын), индикативтiк жоспарлар мен бизнес-

жоспарларды орындауын қамтамасыз етедi. Қазiргi заманғы 

техникалар мен озық технологияларды, еңбектi басқарудың 

және ұйымдастырудың прогрессивтiк нысандарын пайдалану 

негiзiнде өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi ұйымдастырады. 

Ұйымды және филиалдарды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз 

ету, олардың кәсiби бiлiмдерi мен тәжiрибесiн ұтымды 

пайдалану және дамыту бойынша шаралар қабылдайды. 

Ұйымның (филиалдың) қаржылық-шаруашылық қызметiне 

қатысты мәселелердi шешедi. Ұйымның және филиалдардың 

штаттық кестесiн, қаржылық жоспарын, жылдық есебiн және 

жылдық бухгалтерлiк теңгерiмiн бекiтедi. Қызметкерлерге 

уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеудi қамтамасыз 

етедi. Ұйымның және филиалдардың ұйымдастыру-

басқарушылық құрылымын, жұмысының нысандары мен 

әдiстерiн жетiлдiредi. Ұйымның және филиалдардың 

қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етедi. 

Сотта, арбитражда, мемлекеттiк органдарда ұйымның 

(филиалдың) мүлiктiк мүдделерiн қорғайды. Ұйым және 

филиалдар қызметкерлерiнiң қосымша кәсiби бiлiм алуын 

(бiлiктiлiк арттыру, кәсiби қайта даярлау) 

ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Ұйым және 

филиалдар қызметкерлерiнiң өз лауазымдық 


мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету бойынша 

шаралар қабылдайды. Ұйым және филиалдар 

қызметкерлерiнiң iшкi еңбек тәртiбi қағидаларын, 

еңбектi қорғау және өрт қауiпсiздiгi қағидаларын 

орындауын қамтамасыз етедi. Конференцияларға, 

семинарларға, көрмелерге қатысады. Өндiрiстiк жарақат 

алуды және кәсiптiк ауруларды болдырмау бойынша алдын 

алу шараларын жүргiзудi қамтамасыз етедi. 

      Мыналарды: Қазақстан Республикасының 

Конституциясы, Қазақстан Республикасының 

Экологиялық кодексi, Қазақстан Республикасының 

Орман кодексi, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi, 

Қазақстан Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, 

өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен 

күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Мемлекеттiк 

мүлiк туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың 

өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдары және ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi 

саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн; 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жұмысты 

ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-басқару құжаттары мен 

әдiстемелiк материалдар; ұйымның қаржылық-экономикалық 

қызметiнiң негiздерi, ұйым құрылымының бейiнi, 

мамандануы мен ерекшелiктерiн; есеп және қаржылық 

талдау негiздерi, ұйымның өндiрiстiк күштерi мен 

мамандар ресурстары; ұйымның шаруашылығын жүргiзу мен 

басқарудың қазiргi заманғы әдiстерi, стратегиялық 

жоспарлау; республиканың және шетелдiң ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi 

саласындағы ғылыми-техникалық жетiстiктерi және жетекшi 

отандық пен шетелдiк тәжiрибе; әкiмшiлiк және қылмыстық 

заңнамалар негiздерi; қызмет көрсетiлетiн аумақтың 

ерекшелiктерi; қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк 

тазалық, еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын бiлуi 

тиiс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе 



жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық, экономиялық, заңгер). Ұйымдағы 

басшылық лауазым бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде бес 

жыл. 


      Жануарлар дүниесiн қорғау бойынша 

мамандандырылған ұйымдарда азаматтық қызметке өту үшiн 

денсаулық күйiнiң жарамды болуы. Осы лауазым бойынша 


функционалдық мiндеттердi орындауға қажет мiндеттi 

бiлiм, қабiлет пен дағдылар болуы керек. 

2. Ұйымның

 

бас директорының орынбасары



 

      Лауазымдық мiндеттер. Ұйым басшылығының жалпы 

басқармасы бойынша өзге бөлiмшелер басшыларымен өзара 

әрекеттесу арқылы өз мiндеттерiн атқарады. Директор 

орынбасары өз құзыретi шеңберiндегi қызметiн атқару 

кезiнде шарттар бекiтедi, жеке және заңды тұлғалармен 

мәмлелер, операциялар жасайды, жануарлар дүниесiн, 

табиғи кешендердi және өзге де табиғи-қорық қорын 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану бойынша барлық 

техникалық пен өндiрiстiк-шаруашылық iс-шаралар өткiзу 

жөнiнде ұйымның барлық қызметкерлерiне мiндеттi нұсқау 

бередi. Филиалдар мен құрылымдық бөлiмшелердiң 

келешектiк және ағымдық жоспарларын құруға қатысуды 

ұйымдастырады, өндiрiстiк қызметтiң ұзақ мерзiмдiк 

стратегиясын анықтайды, техникалық құралдардың, 

әкiмшiлiк ғимараттардың, шаруашылық құрылыстардың, 

кордондардың және өзге де құрылыстардың күйiне бақылау 

жасайды, бюджеттiк бағдарламаның жоспарына сәйкес 

жөндеу және құрылыс жұмыстарын ұйымдастырады. Ұйым 

басшының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлардың 

туындау себептерiнiң, аумақ тәртiбi мен оның қорғау 

аймағын қолдану тәртiбiнiң бұзылуы бойынша, 

қызметкерлер тарапынан қызметтiк бұзылыстардың 

зерттелуiн ұйымдастыруды жүргiзедi, инспекторлық 

аралаудың жоспарлы тексерiстерiн жүргiзедi, жергiлiктi 

тұрғын арасында табиғат қорғау заңнамасының бұзылуын 

алдын алу бойынша жергiлiктi тұрғындар арасында 

түсiндiру-алдын алу жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз 

етедi. Жануарлар дүниесiн есепке алу және мониторингi 

бойынша iс-шаралар ұйымдастырады және өткiзедi. Өз 

құзыретi шегiнде ұйым атынан әрекет етедi, оның 

мүддесiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда 

бiлдiредi, сенiмхат арқылы шаруашылық операцияларды 

жасап, шарттар бекiте алады. Жүктелген мiндеттер 

шеңберiнде жануарлар дүниесiнiң, олардың мекендеу 

ортасының, көбею жағдайларының, қоныс аудару жолдары 

мен шоғырлану орындарының, биологиялық әртүрлiлiгiнiң 

сақталуын, таралымдарын қалпына келтiрiлуiн, жануарлар 

дүниесi объектiлерiнiң өндiрiлуiн, өсiмдiктер 

дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 

сақталуын қамтамасыз етедi және табиғат қорғау 


саласында құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту және 

күресу жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтамасыз етедi. 

Жануарлар дүниесi объектiлерiн жерсiндiру және қайта 

жерсiндiру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Еңбектi 

қорғау және қауiпсiздiк техникасы бойынша ережелер мен 

нормалардың сақталуын қамтамасыз етедi. Өзiне берiлген 

құқық шеңберiнде барлық мәселелердi шешедi және өзге 

лауазымдық адамдарға: ұйымның функционалдық және 

өндiрiстiк бөлiмшелер басшыларына қызметтiң кейбiр 

өндiрiстiк-шаруашылық функцияларын атқаруды тапсырады. 

Ұйым басшысының тапсырмасы бойынша заңнамамен 

бекiтiлген тәртiпте ұйымның мүлiктiк және өзге 

мүдделерiн сотта, арбитражда, мемлекеттiк органдар мен 

басқа да ұйымдарда қорғайды және бiлдiредi. Еңбек және 

өндiрiстiк тәртiптi сақтауды қамтамасыз етедi, 

қызметкерлердiң бастамалары мен белсендiлiктерiн 

дамытуға ықпал етедi. 

      Бiлуге мiндеттiлер. Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексi, Қазақстан 

Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен күрес 

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Мемлекеттiк 

мүлiк туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн 

қарау тәртiбi туралы» заңдары және ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi саласындағы өзге 

де нормативтiк құқықтық актiлерi; аңшылық шаруашылығы, 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жұмысты 

ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-басқару құжаттары мен 

әдiстемелiк материалдар; ұйымның қаржылық-экономикалық 

қызметiнiң негiздерi, ұйым құрылымының бейiнi, 

мамандануы мен ерекшелiктерi; есеп және қаржылық талдау 

негiздерi, ұйымның өндiрiстiк күштерi мен мамандар 

ресурстары; ұйымның шаруашылығын жүргiзу мен басқарудың 

қазiргi заманғы әдiстерi, стратегиялық жоспарлау; 

республиканың және шетелдiң ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар мен жануарлар дүниесi саласындағы ғылыми-

техникалық жетiстiктерi және жетекшi отандық пен 

шетелдiк тәжiрибе; республиканың және шетелдiң ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi 

саласындағы жетекшi мекемелердегi жұмыс тәжiрибесi, 


әкiмшiлiк және қылмыстық заңнамалар негiздерi; қызмет 

көрсетiлетiн аумақтың ерекшелiктерi; қауiпсiздiк 

техникасы, өндiрiстiк тазалық, еңбектi қорғау ережелерi 

мен нормалары. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (басымдылыққа ие 

болатындар: аңшылықтану және аң өсiрушi, орман 

шаруашылығы экологиясы және табиғат пайдалану, 

биологиялық, экономикалық). Ұйымдағы басшылық лауазым 

бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде бес жыл және/немесе 

жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау 

саласындағы жұмыс өтiлi кем дегенде үш жыл. Жануарлар 

дүниесiн қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда 

азаматтық қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды 

болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi 

орындауға қажет мiндеттi бiлiм, қабiлет пен дағдылар 

болуы керек. 

3. Филиал директоры

 

      Лауазымдық мiндеттер. Филиал туралы ережеге 



сәйкес бөлектенген бөлiмше қызметiн басқарады. 

Филиалдың жұмысын ұйымдастырады және оның күйi мен 

қызметi, филиал мүлкiнiң сақталуы, сметалық-қаржылық, 

шарттық және еңбек тәртiбiнiң сақталуы және еңбек 

тәртiбi мен iстердi шаруашылық жүргiзуiн қамтамасыз 

етедi, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану саласындағы жұмыстардың орындалуын 

ұйымдастырады. Өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi бекiтедi. 

Филиалдың барлық өндiрiстiк-шаруашылық қызметi үшiн, 

соның iшiнде жануарлар дүниесiн, олардың мекендеу 

ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен 

шоғырлану орындарын, биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау, 

таралымдарын қалпына келтiру мен жануарлар дүниесi 

объектiлерiн өндiру бойынша толық жауаптылықта болады. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мен ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты мәселелер мен 

оқиғаларды жариялайды, журналистер үшiн пресс-

релиздердi тұрақты дайындайды. Қазақстан 

Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте 

филиалдың банктiк шоттарын ашады. Филиал 

қызметкерлерiнiң бiлiктiлiктерiн жоғарлату бойынша 

жағдай жасайды. Жануарлар дүниесiн қорғау мен өсiмiн 

молайтуды жетiлдiру мақсатында қазiргi заманғы техника 



мен технологияларды, еңбектi басқару мен ұйымдастырудың 

прогрессивтi түрлерiн кең қолдану, материалдық, 

қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негiзделген 

нормативтерi, жетекшi тәжiрибенi (отандық және 

шетелдiк) зерттеу негiзiнде өндiрiстiк-шаруашылық 

қызметтi ұйымдастырады. Жануарлар дүниесiн есепке алу 

және мониторингi бойынша iс-шаралар ұйымдастырады және 

өткiзедi. Жануарлар дүниесi объектiлерiн жерсiндiру 

және қайта жерсiндiру бойынша жұмысты ұйымдастырады. 

Табиғат қорғаудың қызмет етуi, шарттық және қаржылық 

тәртiптi нығайту мен әлеуметтiк-еңбек қатынастарын 

реттеу үшiн құқықтық құралдарды қолдануда, филиал 

қызметiнде және оның шаруашылық-экономикалық 

байланыстарын атқаруда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз 

етедi. 

      Мыналарды. Қазақстан 



Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексi, Қазақстан 

Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен күрес 

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Мемлекеттiк 

мүлiк туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың 

өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдары және орман 

шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен 

жануарлар дүниесi саласындағы өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлерi; ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтардағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-

басқару құжаттары мен әдiстемелiк материалдар; ұйымның 

қаржылық-экономикалық қызметiнiң негiздерi, ұйым 

құрылымының бейiнi, мамандануы мен ерекшелiктерiн; есеп 

және қаржылық талдау негiздерi, ұйымның өндiрiстiк 

күштерi мен мамандар ресурстары; ұйымның шаруашылығын 

жүргiзу мен басқарудың қазiргi заманғы әдiстерi, 

стратегиялық жоспарлау; республиканың және шетелдiң 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi 

саласындағы ғылыми-техникалық жетiстiктерi және жетекшi 

отандық пен шетелдiк тәжiрибе; әкiмшiлiк және қылмыстық 

заңнамалар негiздерi; қызмет көрсетiлетiн аумақтың 

ерекшелiктерi; қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк 

тазалық, еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын бiлуi 

тиiс. 


      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану және аң 

өсiру, орман шаруашылығы, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық). Ұйымдағы басшылық лауазым 

бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде бес жыл және/немесе 

жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау 

саласындағы жұмыс өтiлi кем дегенде үш жыл. Жануарлар 

дүниесiн қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда 

азаматтық қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды 

болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi 

орындауға қажет мiндеттi бiлiм, қабiлет пен дағдылар 

болуы керек. 

4. Филиал директорының орынбасары

 

      Лауазымдық мiндеттер. Филиал қызметiне қатысты 



жұмыстың барлық түрлерi бойынша өндiрiстiк 

тапсырмалардың орындалуын басқаруды және бақылауды 

жүзеге асырады. Филиал бойынша өндiрiстiк-шаруашылық 

iс-шаралар жоспарларын, соның iшiнде жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн 

әзiрлейдi және жүзеге асырады. Өндiрiстiк-шаруашылық 

iс-шаралар жоспарларын, қауiпсiздiк техникасы, еңбек 

жағдайын жақсарту бойынша iс-шаралар орындауда 

басқарады және бақылайды. Жануарлар дүниесiн қорғау, 

өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы 

бұзуды болдырмау мен жою, теориялық және практикалық 

бiлiмдi жоғарлату бойынша филиал мамандарының 

жұмыстарын ұйымдастырады, қызметкерлердiң лауазымдық 

нұсқаулықтарды, ережелер мен өзге директивтi 

нұсқаулықтарды сақтауы мен орындауына бақылау жасайды. 

Жануарлар дүниесiн қорғау, есепке алу және мониторингi 

бойынша iс-шаралар өткiзедi. Филиалдың инспекторлық 

қызметi қызметкерлерiнiң техникалық бiлiмдерiн арттыру 

бойынша iс-шаралар ұйымдастыруды басқарады. Өрт 

қауiпсiздiгi кезеңiне дайындық, жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану бойынша iс-

шаралар әзiрлейдi, есептеме нысандарын жүргiзедi. Ұйым 

басшысының тапсырмасы бойынша жануарлар дүниесiн, 

олардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс 

аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, биологиялық 

әртүрлiлiгiн сақтауға,тұрақты пайдалануға, таралымдарын 

қалпына келтiру мен жануарлар дүниесi объектiлерiн 

өндiруге қатысты мәселелер бойынша сот пен өзге құқық 

қорғау органдарында өкiл болады. Бұқаралық ақпарат 


құралдарында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту 

және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 

қатысты мәселелер мен оқиғаларды жариялайды, 

журналистер үшiн пресс-релиздердi тұрақты дайындайды. 

      Бiлуге мiндеттi. Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексi, Қазақстан 

Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен күрес 

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Мемлекеттiк 

мүлiк туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың 

өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдары және ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi 

саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi; 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жұмысты 

ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-басқару құжаттары мен 

әдiстемелiк материалдар; ұйымның қаржылық-экономикалық 

қызметiнiң негiздерi, ұйым құрылымының бейiнi, 

мамандануы мен ерекшелiктерiн; есеп және қаржылық 

талдау негiздерi, ұйымның өндiрiстiк күштерi мен 

мамандар ресурстары; ұйымның шаруашылығын жүргiзу мен 

басқарудың қазiргi заманғы әдiстерi, стратегиялық 

жоспарлау; республиканың және шетелдiң ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi 

саласындағы ғылыми-техникалық жетiстiктерi және жетекшi 

отандық пен шетелдiк тәжiрибе; әкiмшiлiк және қылмыстық 

заңнамалар негiздерi; қызмет көрсетiлетiн аумақтың 

ерекшелiктерi; қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк 

тазалық, еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын бiлуi 

тиiс. 


      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану және аң 

өсiру, орман шаруашылығы, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық). Ұйымдағы басшылық лауазым 

бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде бес жыл және/немесе 

жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар немесе қоршаған ортаны қорғау 

саласындағы жұмыс өтiлi кем дегенде үш жыл. Жануарлар 

дүниесiн қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда 

азаматтық қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды 

болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi 


орындауға қажет мiндеттi бiлiм, қабiлетпен дағдылар 

болуы керек. 

5. Құрылымдық бөлiмшенiң

 

(басқарманың, бөлiмнiң, қызметтiң) басшысы



 

      Лауазымдық мiндеттер. Бөлiмше туралы ережеге 

сәйкес құрылымдық бөлiмше қызметiн басқарады. Бөлiмше 

құзыретiне кiретiн жұмыс мәселелерi бойынша жетекшi 

отандық және шетелдiк тәжiрибенi зерттейдi және 

жалпылайды. Ұйым мен бөлiмше жұмысының келешектiк 

жоспарларын дайындауға қатысады. Жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы 

заңнаманы бұзуды ескерту мен болдырмау және теориялық 

пен практикалық бiлiмдi арттыру бойынша құрылымдық 

бөлiмшелер мамандарының жұмысын ұйымдастырады, 

қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарды, ережелер мен 

өзге директивтi нұсқаулықтарды сақтауы мен орындауына 

бақылау жасайды. Қызметкерлерiнiң бiлiктiлiктерiн 

жоғарлату бойынша жағдай жасайды. Еңбектi қорғау мен 

қауiпсiздiк техникасы, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң 

және санитарлық- гигиеналық нормалардың сақталуына 

жауап бередi. Қауiпсiздiк техникасы ережелерiнiң 

сақталуын қамтамасыз етедi және бағынышты 

қызметкерлердiң еңбек тәртiптерiнiң күйiне бақылау 

жасайды. Ұйым басшылығына құрылымдық бөлiмше жұмысының 

түрлерi мен әдiстерiн жетiлдiру туралы, мамандарды 

iрiктеу, орналастыру мен орын ауыстыру бойынша, штатты 

мамандармен жасақтау, оның кейбiр қызметкерлерiн 

көтермелеу немесе жаза қолдану туралы ұсыныс енгiзедi. 

Өндiрiстi ұйымдастыру мен басқаруды жетiлдiру бойынша, 

жұмыстарды механикаландыру мен автоматтандыру, ғылыми 

зерттеулер мен эксперименттер жүргiзу, жаңа техника мен 

технологияларды сынау бойынша шаралар дайындауға 

қатысады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету 

режимiн, экологиялық стандарттар мен нормативтердi 

сақтауды қамтамасыз етедi, жануарлар дүниесiн қорғау, 

өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы 

бұзуды ескерту мен болдырмау бойынша шаралар 

қабылдайды. Жануарлар дүниесi объектiлерiн жерсiндiру 

және қайта жерсiндiру, сонымен бiрге жануарлар дүниесiн 

есепке алу мен мониторингi бойынша жұмысты 

ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар 

дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мен 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты мәселелер 

мен оқиғаларды жариялайды, журналистер үшiн пресс-


релиздердi тұрақты дайындайды. 

      Мыналарды. Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексi, Қазақстан 

Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен күрес 

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Мемлекеттiк 

мүлiк туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың 

өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдары және орман 

шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен 

жануарлар дүниесi саласындағы өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлерi; ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтардағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-

басқару құжаттары мен әдiстемелiк материалдар; ұйымның 

өндiрiстiк-шаруашылық, қаржылық-экономикалық қызметiн 

реттейтiн ҚР заңнамалары мен өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлер; ұйым құрылымының мамандануы мен 

ерекшелiктерi; ұйымның өндiрiстiк күштерi мен мамандар 

ресурстары; өндiрiс технологиясы, салық заңнамасы, 

ұйымның шаруашылығын жүргiзу мен басқарудың қазiргi 

заманғы әдiстерi, республиканың және шетелдiң ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi 

саласындағы ғылыми-техникалық жетiстiктерi және жетекшi 

отандық пен шетелдiк тәжiрибе; еңбек, әкiмшiлiк және 

қылмыстық заңнамалар негiздерi; қызмет көрсетiлетiн 

аумақтың ерекшелiктерi; еңбек туралы заңнаманың 

негiздерi; қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк тазалық, 

еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын бiлуi тиiс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану және аң 

өсiру, орман шаруашылығы, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық). Ұйымдағы тиiстi бейiнi бойынша 

жұмыс өтiлi кем дегенде бес жыл. Жануарлар дүниесiн 

қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда азаматтық 

қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды болуы. Осы 

лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi орындауға 

қажет мiндеттi бiлiм, қабiлет пен дағдылар болуы керек. 

6. Құрылымдық бөлiмше

 

(басқарманың, бөлiмнiң, қызметтiң,) басшысының 



орынбасары

 


      Лауазымдық мiндеттер. Бөлiмше туралы ережеге 

сәйкес бөлiмше басшысының жалпы басқаруымен өз 

мiндеттерiн атқарады. Басшы орынбасары өз құзыретi 

шеңберiндегi қызметiн атқару кезiнде бөлiмше 

қызметкерлерiне жануарлар дүниесiн, табиғи кешендер мен 

табиғи-қорық қорын қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану бойынша өндiрiстiк-шаруашылық iс-шаралар 

жүргiзу жөнiнде нұсқау бередi. Құрылымдық бөлiмшенiң 

келешектiк және ағымдық жоспарларын құруға қатысуды 

ұйымдастырады, өндiрiстiк қызметтiң ұзақ мерзiмдiк 

стратегиясын анықтайды, техникалық құралдардың, 

әкiмшiлiк ғимараттардың, шаруашылық құрылыстардың, 

кордондардың және өзге де құрылыстардың күйiне бақылау 

жасайды, бюджеттiк бағдарламаның жоспарына сәйкес 

жөндеу және құрылыс жұмыстарын ұйымдастырады. Бөлiмше 

құзыретiне кiретiн жұмыс мәселелерi бойынша жетекшi 

отандық және шетелдiк тәжiрибенi зерттейдi және 

жалпылайды. Ұйым мен бөлiмше жұмысының келешектiк 

жоспарларын дайындауға қатысады. Жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы 

заңнаманы бұзуды ескерту мен болдырмау және теориялық 

пен практикалық бiлiмдi арттыру бойынша құрылымдық 

бөлiмшелер мамандарының жұмысын ұйымдастырады, 

қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулықтарды, ережелер мен 

өзге директивтi нұсқаулықтарды сақтауы мен орындауына 

бақылау жасайды. Қызметкерлерiнiң бiлiктiлiктерiн 

жоғарлату бойынша жағдай жасайды. Еңбектi қорғау мен 

қауiпсiздiк техникасы, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң 

және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына жауап 

бередi. Қауiпсiздiк техникасы ережелерiнiң сақталуын 

қамтамасыз етедi және бағынышты қызметкерлердiң еңбек 

тәртiптерiнiң күйiне бақылау жасайды. Ұйым басшылығына 

құрылымдық бөлiмше жұмысының түрлерi мен әдiстерiн 

жетiлдiру туралы, мамандарды iрiктеу, орналастыру мен 

орын ауыстыру бойынша, штатты мамандармен жасақтау, 

оның кейбiр қызметкерлерiн көтермелеу немесе жаза 

қолдану туралы ұсыныс енгiзедi. Өндiрiстi ұйымдастыру 

мен басқаруды жетiлдiру бойынша, жұмыстарды 

механикаландыру мен автоматтандыру, ғылыми зерттеулер 

мен эксперименттер жүргiзу, жаңа техника мен 

технологияларды сынау бойынша шаралар дайындауға 

қатысады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету 

режимiн, экологиялық стандарттар мен нормативтердi 

сақтауды қамтамасыз етедi, жануарлар дүниесiн қорғау, 

өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы 


бұзуды ескерту мен болдырмау бойынша шаралар 

қабылдайды. Жануарлар дүниесiн есепке алу мен 

мониторингi бойынша iс-шаралар жүргiзедi.Құрылымдық 

бөлiмшенiң инспекторлық қызметi қызметкерлерiнiң 

техникалық бiлiмдерiн арттыру бойынша iс-шаралар 

ұйымдастырады. Өрт қауiпсiздiгi кезеңiне дайындық 

бойынша жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану iс-шараларын әзiрлейдi, есептеме нысандарын 

жүргiзедi. Ұйым немесе құрылымдық бөлiмше басшысының 

тапсырмасы бойынша жануарлар дүниесiн, олардың мекендеу 

ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен 

шоғырлану орындарын, биологиялық әртүрлiлiгiн сақтауға, 

таралымдарын қалпына келтiру мен жануарлар дүниесi 

объектiлерiн өндiруге қатысты мәселелер бойынша сот пен 

өзге құқық қорғау органдарында өкiл болады. 

      Мыналарды. Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексi, Қазақстан 

Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен күрес 

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Мемлекеттiк 

мүлiк туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың 

өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдары және орман 

шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен 

жануарлар дүниесi саласындағы өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлерi; ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтардағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-

басқару құжаттары мен әдiстемелiк материалдар; ұйымның 

өндiрiстiк-шаруашылық, қаржылық-экономикалық қызметiн 

реттейтiн ҚР заңнамалары мен өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлер; ұйым құрылымының мамандануы мен 

ерекшелiктерi; салық заңнамасы, ұйымның өндiрiстiк 

күштерi мен мамандар ресурстары; ұйымның шаруашылығын 

жүргiзу мен басқарудың қазiргi заманғы әдiстерi; 

республиканың және шетелдiң ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар мен жануарлар дүниесi саласындағы ғылыми-

техникалық жетiстiктерi және жетекшi отандық пен 

шетелдiк тәжiрибе; орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi саласындағы 

механизация құралдары мен оларды техникалық пайдалану 

ережелерi; әкiмшiлiк және қылмыстық заңнамалар 


негiздерi; қызмет көрсетiлетiн аумақтың ерекшелiктерi; 

еңбек туралы заңнаманың негiздерi; қауiпсiздiк 

техникасы, өндiрiстiк тазалық, еңбектi қорғау ережелерi 

мен нормаларын бiлуi тиiс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану жен аң 

өсiру, орман шаруашылығы, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық). Ұйымдағы тиiстi бейiнi бойынша 

жұмыс өтiлi кем дегенде үш жыл. Жануарлар дүниесiн 

қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда азаматтық 

қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды болуы. Осы 

лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi орындауға 

қажет мiндеттi бiлiм, қабiлет пен дағдылар болуы керек. 

7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда

 

табиғат пайдалану жөнiндегi маман



 

      Лауазымдық мiндеттер. Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтарда табиғат ресурстарын пайдалану бойынша 

жұмысты ұйымдастырады, ұйым қызметкерлерiнiң теориялық 

пен практикалық бiлiмдерiн арттыру бойынша iс-шаралар 

жүргiзедi, тұрғындар мен туристер арасында Қазақстан 

Республикасының заңнамасын, соның iшiнде жеке және 

заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 

табиғи ресурстарын пайдалану жағы бойынша түсiндiру 

жұмысын атқарады. Табиғат пайдалану бойынша iс-шаралар 

жоспарын әзiрлейдi, табиғат пайдалану бойынша 

құжаттарды уақытылы рәсiмдейдi, жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мен ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманың 

сақталуына бақылау жасайды. Ұйым бөлiмшесiнiң табиғат 

пайдалану бойынша қызметiне әдiстемелiк басшылық 

атқарады. Табиғат пайдалану бойынша басшылық 

тапсырмасын орындау жөнiндегi ұйымның бөлiмше жұмысын 

жедел басқарады. Бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтарды күзету мен қорғауға 

қатысты мәселелер мен оқиғаларды жариялайды, 

журналистер үшiн пресс-релиздердi тұрақты дайындайды. 

      Бiлуге мiндеттi:Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен күрес 

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» 



заңдары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен 

жануарлар дүниесi саласындағы өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлерi; ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтардағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұйымдастыру-

басқару құжаттары мен әдiстемелiк материалдар; ұйымның 

қызметiн реттейтiн ҚР заңнамалары мен өзге де 

нормативтiк құқықтық актiлер; табиғат пайдалану 

мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер, ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтардағы өртке қарсы алдын алу 

талаптары мен өрт қауiпсiздiгi ережелерi, табиғат 

пайдалану мәселелерi бойынша есептiлiк мерзiмдерi мен 

түрлерi, табиғат пайдаланудың қолданыстағы заңнамаларға 

сәйкес болуын бақылау ережелерi мен тәсiлдерi, 

қорғалатын табиғи аумақтардың шекаралары, ландшафтық 

және экологиялық жағдайлары мен ерекшелiктерi; еңбек, 

әкiмшiлiк, қылмыстық заңнамалар негiздерi, қауiпсiздiк 

техникасы, өндiрiстiк тазалық, еңбектi қорғау ережелерi 

мен нормаларын бiлуi тиiс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Бiлiктiлiгi 

жоғары деңгейлi маман: Жоғары санатты: жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану және аң 

өсiру, орман шаруашылығы, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық, географиялық) және мамандығы 

бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде бес жыл; бiрiншi 

санатты: жоғары (немесе жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм 

(аңшылықтану және аң өсiру, орман шаруашылығы, экология 

және табиғат пайдалану, биологиялық, географиялық) және 

мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде төрт жыл; 

екiншi санатты: жоғары (немесе жоғарғы оқудан кейiнгi) 

бiлiм (аңшылықтану және аң өсiру, орман шаруашылығы, 

экология және табиғат пайдалану, биологиялық, 

географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде үш жыл; санатсыз: жоғары (немесе жоғарғы оқудан 

кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану және аң өсiру, орман 

шаруашылығы, экология және табиғат пайдалану, 

биологиялық, географиялық) жұмыс өтiлiне талап 

қойылмайды. Бiлiктiлiгi орта деңгейлi маман: Жоғары 

санатты: орта техникалық және кәсiби бiлiм (орта 

арнайы, орта кәсiби) (аңшылықтану және аң өсiру, 

экология және табиғат пайдалану, биологиялық, 

географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде бес жыл; бiрiншi санатты: орта техникалық және 

кәсiби бiлiм (орта арнайы, орта кәсiби) (аңшылықтану 

және аң өсiру, экология және табиғат пайдалану, 

биологиялық, географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс 


өтiлi кем дегенде төрт жыл; екiншi санатты: орта 

техникалық және кәсiби бiлiм (орта арнайы, орта кәсiби) 

(аңшылықтану және аң өсiру, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық, географиялық) және мамандығы 

бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде үш жыл; санатсыз: орта 

техникалық және кәсiби бiлiм (орта арнайы, орта кәсiби) 

(аңшылықтану және аң өсiру, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық, географиялық) жұмыс өтiлiне 

талап қойылмайды. Жануарлар дүниесiн қорғау бойынша 

мамандандырылған ұйымдарда азаматтық қызметке өту үшiн 

денсаулық күйiнiң жарамды болуы. Осы лауазым бойынша 

функционалдық мiндеттердi орындауға қажет мiндеттi 

бiлiм, қабiлет пен дағдылар болуы керек. 

8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы

 

рекреация мен туризм жөнiндегi маман



 

      Лауазымдық мiндеттер. Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар бойынша экскурсия ұйымдастырады, ұйым жұмысы 

туралы кiтапшалар, буклеттер, сондай-ақ жануарлар мен 

өсiмдiктердiң тiршiлiк жағдайын маңыздандыратын өзге де 

ақпараттық материалдарды басып шығаруға дайындайды, 

ғылыми қызметкерлермен, туристермен және бiлiм беру 

мекемелерiмен және қоғаммен тығыз байланыста болады. 

Тұрғындарды экологиялық ағарту бойынша жұмыс жүргiзедi. 

Экскурсиялық қызметпен тiкелей айналысады, ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен оған iргелес жатқан 

аумақтар бойынша туристiк бағыттарды әзiрлеуге 

қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жергiлiктi 

табиғат пен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты 

мәселелер мен оқиғаларды жариялайды, журналистер үшiн 

пресс-релиздердi тұрақты дайындайды. 

      Мыналарды. Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен күрес 

туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» 

заңдары және орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесi саласындағы өзге 

де нормативтiк құқықтық актiлерi; ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтардағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты 

ұйымдастыру-басқару құжаттары мен әдiстемелiк 

материалдар; ұйымның қызметiн реттейтiн ҚР заңнамалары 



мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; туризм 

бойынша заңнамалық, нормативтiк құжаттар, өрт 

қауiпсiздiгi ережелерi, табиғат қорғау заңнамасын 

бұзғаны үшiн белгiленген тәртiптiк, материалдық және 

қылмыстық жауапкершiлiктiң нормалары, техникалық 

құжаттарды рәсiмдеу ережелерi, еңбек, әкiмшiлiк, 

қылмыстық заңнамалар негiздерi, қауiпсiздiк техникасы, 

өндiрiстiк тазалық, еңбектi қорғау ережелерi мен 

нормаларын бiлуi тиiс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Бiлiктiлiгi 

жоғары деңгейлi маман: Жоғары санатты: жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (экология және табиғат 

пайдалану, орман шаруашылығы, биологиялық, 

географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде бес жыл; бiрiншi санатты: жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (экология және табиғат 

пайдалану, орман шаруашылығы, биологиялық, 

географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде төрт жыл; екiншi санатты: жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (экология және табиғат 

пайдалану, орман шаруашылығы, биологиялық, 

географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде үш жыл; санатсыз: жоғары (немесе жоғарғы оқудан 

кейiнгi) бiлiм (экология және табиғат пайдалану, орман 

шаруашылығы, биологиялық, географиялық) жұмыс өтiлiне 

талап қойылмайды. Бiлiктiлiгi орта деңгейлi маман: 

Жоғары санатты: орта техникалық және кәсiби бiлiм (орта 

арнайы, орта кәсiби) (экология және табиғат пайдалану, 

орман шаруашылығы, биологиялық, географиялық) және 

мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде бес жыл; 

бiрiншi санатты: орта техникалық және кәсiби бiлiм 

(орта арнайы, орта кәсiби(экология және табиғат 

пайдалану, орман шаруашылығы, биологиялық, 

географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде төрт жыл; екiншi санатты: орта техникалық және 

кәсiби бiлiм (орта арнайы, орта кәсiби) (экология және 

табиғат пайдалану, орман шаруашылығы, биологиялық, 

географиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде үш жыл; санатсыз: орта техникалық және кәсiби 

бiлiм (орта арнайы, орта кәсiби) ((экология және 

табиғат пайдалану, орман шаруашылығы, биологиялық, 

географиялық) жұмыс өтiлiне талап қойылмайды. Жануарлар 

дүниесiн қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда 

азаматтық қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды 

болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi 


орындауға қажет мiндеттi бiлiм, қабiлет пен дағдылар 

болуы керек. 

9. Аңшылықтанушы

 

(аға аңшылықтанушы)



 

      Лауазымдық мiндеттер. Аңшылық шаруашылығындағы 

аңшылық жануарлар ресурстарын, жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және тиiмдi пайдалану бойынша 

басшылық атқарады. Биотехникалық және аңшылық 

шаруашылығы iс-шараларын жүргiзудi, браконьерлермен 

күресудi қамтамасыз етедi. Жануарлар дүниесiн қорғау 

жөнiндегi инспекторлардың сирек кездесетiн және құрып 

кету қаупi бар жануарлар түрлерiн қорғау мен есепке 

алуды жүргiзу бойынша жұмысын үйлестiредi. Жануарлар 

дүниесiн қорғау жөнiндегi иснпекторларға жүктелген 

мiндеттерiн атқаруда әдiстемелiк және практикалық көмек 

көрсетедi. Еңбек тәртiбiн, еңбектi қорғау және 

өндiрiстiк тазалық ережелерiн сақтауы қамтамасыз етедi. 

Ведомстволық қызметтiк қару мен олардың оқ-дәрiлерiнiң 

сақталуы мен қолданысын қамтамасыз етедi. Арнайы 

құралдардың бөлiнiсiн қамтамасыз етедi. Инспекторлар 

ұжымында тәрбиелiк жұмыс атқарады. Өзiне бекiтiлген 

жерде табиғи кешендердi, әсiресе жануарлар дүниесiн 

тiкелей қорғауды жүзеге асырады. Тұрғындарды 

экологиялық ағарту бойынша жұмыс атқарады. Жануарлар 

дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану 

саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының 

бұзылуын болдырмау мақсатында жер үстi және әуе 

көлiктерiн қолдану арқылы аумақты күзетудi 

ұйымдастырады. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықты 

тоқтатады және болдырмайды, сонымен бiрге Қазақстан 

Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу 

деректерi бойынша уәкiлеттi және құқық қорғау 

органдарына, сотқа ақпарат, талап-арыздар мен өзге де 

материалдар жiбередi. Ұйым мен тараптық ұйым 

қызметкерлерiне ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын 

жүргiзуде, сондай-ақ жануарлар санын есепке алу мен 

мониторинг жүргiзуде ықпал етедi. Нұсқаулыққа сәйкес 

фенологиялық қадағалау жасайды. Өндiрiстiк iс-шаралар 

орындау бойынша есептер мен өзге де құжаттар жасайды. 

Жоспарланған жұмыстарды, сонымен бiрге атқарылған 

жұмыстардың нәтижелерi туралы есептердi қарауға және 

бекiтуге бередi. Жануарларды аулауды және жануарлар 


дүниесi объектiлерiн көшiрудi ұйымдастырады. 

Биотехникалық және өсiмдi молайту iс-шараларын жүзеге 

асырады. Жұмысты қауiпсiз жүргiзу, өзге адамдардың 

еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, өндiрiстiк 

тазалық пен өртке қарсы қорғаныс ережелерi мен 

нормаларын сақтауын, қызметте пайдалану үшiн оған сенiп 

тапсырылған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi. 

Кәсiпшi аңшылар, әуесқойлар аңшылармен жергiлiктi 

тұрғындар арасында табиғи байлыққа деген ұқыпты 

қатынас, оларды дұрыс және тиiмдi пайдалану мәселелерi 

бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi. Бұқаралық 

ақпарат құралдарында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтарға қатысты мәселелер мен оқиғаларды жариялайды, 

журналистер үшiн пресс-релиздердi тұрақты дайындайды. 

      Мыналарды. Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 

кодексi, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, 

Қазақстан Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, 

өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен 

күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы» заңдары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 

мен жануарлар дүниесi саласындағы өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлерi; жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану, сонымен бiрге ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар саласындағы жұмысты ұйымдастыруға 

қатысты ұйымдастыру-басқару құжаттары мен әдiстемелiк 

материалдар; ұйымның қызметiн реттейтiн ҚР заңнамалары 

мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; жануарларды, 

табиғи кешендер мен объектiлердi қорғау бойынша 

әдiстемелiк материалдар; ұстап алу, алып қою 

хаттамаларын толтыру тәртiбi, құқық бұзушылық пен өзге 

iс-шаралардың алдын алу; жануарлар ауруларының 

туындауын алдын алу; жануарларды қорғау бойынша 

жұмыстардың технологиясы мен механизация құралдары; 

табиғат қорғау жұмыстарының жетекшi отандық және 

шетелдiк тәжiрибесi; еңбек, әкiмшiлiк, қылмыстық 

заңнамалар негiздерi, рейдтiк iс-шаралар жүргiзу 

кезiндегi өрт қауiпсiздiгi ережелерi; қауiпсiздiк 

техникасы, өндiрiстiк тазалық, еңбектi қорғау ережелерi 

мен нормаларын. Аңшылық шаруашылығын жүргiзу бойынша 


қаулылар, бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар мен өзге 

материалдар; аңшылықтану, жануарлар дүниесiнiң 

биологиясы мен экологиясы, құс шаруашығы, аңшылық ит 

шаруашылығы, аңшылық шаруашылығының экономикасы және 

аңшылық кәсiп пен спорттық аңшылық шаруашылығын 

ұйымдастыру, аңшылық аңдар мен құстарды аулау техникасы 

мен есепке алу әдiстемесi; аңшылық шаруашылығын жүргiзу 

бойынша жетекшi отандық және шетелдiк кәсiпорындарының 

тәжiрибесiн бiлуi тиiс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе 

жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (орман шаруашылығы, 

аңшылықтану және аң өсiру, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық). Ұйымдағы тиiстi бейiнi бойынша 

қызметтегi жұмыс өтiлi кем дегенде екi жыл және/немесе 

жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау саласында кем 

дегенде бiр жылдық жұмыс өтiлiнiң болуы. Жануарлар 

дүниесiн қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда 

азаматтық қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды 

болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi 

орындауға қажет мiндеттi бiлiм, қабiлет пен дағдылар 

болуы керек. 

10. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi

 

инспектор (аға инспектор)



 

      Лауазымдық мiндеттер. Өзiне бекiтiлген жерде 

табиғи кешендердi, әсiресе жануарлар дүниесiн тiкелей 

қорғауды жүзеге асырады. Жануарлар дүниесiнiң өсiмiн 

молайту мен пайдалануды қамтамасыз етедi. Биотехникалық 

және есепке алу жұмыстарын, сонымен бiрге табиғи 

кешендер мен жануарлар дүниесiн қорғау мен қалпына 

келтiруге бағытталған өзге де iс-шараларды жүргiзедi. 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды оның күзету режимiн 

есепке ала отырып күзету мен қорғауды қамтамасыз етедi. 

Тұрғындарды экологиялық ағарту бойынша жұмыс атқарады. 

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы 

заңнамасының бұзылуын болдырмау мақсатында жер үстi 

және әуе көлiктерiн қолдану арқылы аумақты күзетедi. 

Жеке және заңды тұлғалардың аң аулау және (немесе) 

балық аулау құқығы бойынша құжаттарын тексередi, 

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық 

туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, 

өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк 

құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, жануарлар 


дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану 

саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауды 

және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзудi 

қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес көлiк құралдарын, өзге объектiлер мен жерлердi, 

ал қажет болған кезде ұсталған адамдарды жеке 

тексередi, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан 

Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу 

арқылы қолданған атыс қаруларын, аң және балық аулау 

бойынша заңсыз алынған өнiмдерiн, аулаудың тыйым 

салынған құрал түрлерiн алып қоюды қамтамасыз етедi 

және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген 

тәртiпте олардың әрi қарайғы иелiк ету туралы мәселесiн 

шешедi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген 

адамдардың келу құқығы бойынша рұқсаттарын тексередi, 

қорғау аймағының аумағында тұрған жеке және заңды 

тұлғалардың объектiлерiне бару, Қазақстан 

Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен 

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда сотқа 

талап-арыз бередi, Қазақстан Республикасының ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесiн 

қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы 

заңнамасын бұзу нәтижесiнде келтiрген залал көлемiн 

анықтайды және осының негiзiнде кiнәлi адамдарға ерiктi 

түрде залалды өтеу туралы шағым жасайды немесе сотқа 

арыз бередi, жануарлар дүниесiн қорғау бойынша 

инспекторлардың актiлерiн толтырады және Қазақстан 

Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен 

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану саласындағы заңнамасы бұзылғаны анықталған 

жағдайда шара қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк 

органдарға материалдарды жiбередi, ерекше қорғалатын 

табиғи аумақта, оның қорғалатын аймағында Қазақстан 

Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен 

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған адамдарды 

ұстайды және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзедi, 

ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның қорғалатын 

аймағында көлiк және жүзу құралдарын тоқтатады, оларды 

тексередi. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту 

және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықты тоқтатады 

және болдырмайды, сонымен бiрге Қазақстан 

Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 


молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу 

деректерi бойынша уәкiлеттi және құқық қорғау 

органдарына, сотқа ақпарат, талап-арыздар мен өзге де 

материалдар жiбередi. Эпидемия мен iндет-аурулардың 

алдын алу мақсатында жыртқыш жануарлар санын реттеудi 

жүзеге асырады. Өртке қарсы және өзге де iс-шараларды 

жүргiзуге қатысады. Аншлагтардың, шекара бағаналарының, 

белгiлердiң, көпiрлердiң, сүрлеу жолдардың өрт-бақылау 

пунктерi мен постарының, байланыс желiлерiнiң сақталуын 

бақылайды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. 

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану саласындағы бұзылыстардың алдын алу бойынша 

тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi. Ұйым 

мен тараптық ұйым қызметкерлерiне ғылыми және ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жүргiзуде, сондай-ақ жануарлар санын 

есепке алу мен мониторинг жүргiзуде ықпал жасайды. 

Нұсқаулыққа сәйкес фенологиялық қадағалау жасайды. 

өндiрiстiк iс-шаралар орындау бойынша есептер мен өзге 

де құжаттар жасайды. Жоспарланған жұмыстарды, 

атқарылған жұмыстардың нәтижелерi туралы есептердi 

қарауға және бекiтуге бередi. Жұмысты қауiпсiз жүргiзу, 

өзге адамдардың еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы, 

өндiрiстiк тазалық ережелерi мен нормаларын сақтауын, 

қызметте пайдалану үшiн оған сенiп тапсырылған мүлiктiң 

сақталуын қамтамасыз етедi. 

      Бiлуге мiндеттi:Қазақстан 

Республикасының Конституциясы, Қазақстан 

Республикасының Экологиялық кодексi, Қазақстан 

Республикасының Орман кодексi, Қазақстан 

Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 

кодексi, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, 

Қазақстан Республикасының мынадай: «Ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, 

өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Жемқорлықпен 

күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiлдер 

туралы» заңдары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 

мен жануарлар дүниесi саласындағы өзге де нормативтiк 

құқықтық актiлерi; жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн 

молайту және пайдалану, сонымен бiрге ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар саласындағы жұмысты ұйымдастыруға 

қатысты ұйымдастыру-басқару құжаттары мен әдiстемелiк 

материалдар; ұйымның қызметiн реттейтiн ҚР заңнамалары 

мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; жануарларды, 

табиғи кешендер мен объектiлердi қорғау бойынша 

әдiстемелiк материалдар; ұстап алу хаттамаларын толтыру 


тәртiбi, еңбек, әкiмшiлiк, қылмыстық заңнамалар 

негiздерi, рейдтiк iс-шаралар жүргiзу кезiнде 

ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi; қауiпсiздiк 

техникасы, өндiрiстiк тазалық, еңбектi қорғау ережелерi 

мен нормаларын бiлуi тиiс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жануарлар 

дүниесiн қорғау бойынша мамандандырылған ұйымдарда 

азаматтық қызметке өту үшiн денсаулық күйiнiң жарамды 

болуы. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi 

орындауға қажет мiндеттi бiлiм, қабiлет пен дағдылар 

болуы керек. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейлi маман: Жоғары 

санатты: жоғары (немесе жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм 

(аңшылықтану және аң өсiру, экология және табиғат 

пайдалану, биологиялық) және мамандығы бойынша жұмыс 

өтiлi кем дегенде бес жыл; бiрiншi санатты: жоғары 

(немесе жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану және 

аң өсiру, экология және табиғат пайдалану, биологиялық) 

және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде төрт 

жыл; екiншi санатты: жоғары (немесе жоғарғы оқудан 

кейiнгi) бiлiм (аңшылықтану және аң өсiру, экология 

және табиғат пайдалану, биологиялық) және мамандығы 

бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде үш жыл; санатсыз: 

жоғары (немесе жоғарғы оқудан кейiнгi) бiлiм (орман 

шаруашылығы, аңшылықтану және аң өсiру, экология және 

табиғат пайдалану, биологиялық) жұмыс өтiлiне талап 

қойылмайды. Бiлiктiлiгi орта деңгейлi маман: Жоғары 

санатты: орта техникалық және кәсiби бiлiм (орта 

арнайы, орта кәсiби) (аңшылықтану және аң өсiру, 

экология және табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану, 

биологиялық) және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем 

дегенде бес жыл; бiрiншi санатты: орта техникалық және 

кәсiби бiлiм (орта арнайы, орта кәсiби (аңшылықтану 

және аң өсiру, экология және табиғи ресурстарды тиiмдi 

пайдалану, биологиялық) және мамандығы бойынша жұмыс 

өтiлi кем дегенде үш жыл; екiншi санатты: орта 

техникалық және кәсiби бiлiм (орта арнайы, орта кәсiби) 

(аңшылықтану және аң өсiру, экология және табиғи 

ресурстарды тиiмдi пайдалану, биологиялық) және 

мамандығы бойынша жұмыс өтiлi кем дегенде екi жыл; 

санатсыз: орта техникалық және кәсiби бiлiм (орта 

арнайы, орта кәсiби) (аңшылықтану және аң өсiру, 

экология және табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану, 



биологиялық) жұмыс өтiлiне талап қойылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет