Жануарлар әлемінің жүйесі Мақсаты



бет2/3
Дата29.09.2023
өлшемі17,58 Kb.
#111414
1   2   3
Байланысты:
Қарапайымдылар

Негізгі ұғымдар:
Таксон, симметрия, биллатерия, целом
Негізгі сұрақтар:
Жануарлар дүниесі қанша типке бөлінеді?
Қанша патшалық тармағы бар?
Қарапайымдылар патшалық тармағына қанша тип жатады?
Көп клеткалылар патшалық тармағы қанша бөлім үсті топқа бөлінеді?
Алғашқы ауыздыларға кімдер жатады?


Мақсаты: Қарапайымдылардың құрылысымен танысу
Қарапайымдылар- бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т.б қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының құрылысымен бірдей – цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы- эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі- эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген оргоноидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т.б. Цитоплазмада ас қорыту ваккуольі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапйымдыларда жиырылғыш вакуольі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуольі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін қарапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су клетканың ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып түрады, соның нәтежиесінде клетка жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады.
Қарапайымдыларда қозғалыс органоидтары жақсы жетілген. Олар жалғанаяқтары яғни, псевдоподиялары- pseudopodia және жіп тәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі- митоз. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі- қолайсыз жағдайларда клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Қолайлы жағдай болған кезде клетка циста қабығын тасатап тіршілікке кіріседі.Қоректену тәсіліне қарай қарапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты, гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гететрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Кейбір гетеретрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипанасома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы, т.б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеретрофты тәсілмен қоректене алады, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, Жасыл эвглена.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет