Көптеген жануарлар ірі отбасылық топтарға бөлінеді. Олар қаз және аққу үйірлері тәрізді бірнеше отбасыдан тұрады немесе отбасылық дәнекермен байланысты даралардан құрылуы мүмкін. Индивидтердің топтық өмір сүруден алатын пайдасы әр түрлі. Олардың үшін жыртқыш аңдардан қорғану басты орында болады. Жоғары сатыдағы жануарлар бір-бірін қауіптің бар екендігі жайлы хабарландырады, нәтижесінде топ тұтастай қорғанады. Оның үстіне, көптеген жануарлар бірге шабуылдау үшін бірігеді. Бұл функциялар негізінен жылы қандылар арасында байқалады, алайда эволюцияның төменгі деңгейлерінде топтық іс-әрекеттің көптеген басқа да пайдасын көруге болады. Алли және оның серіктестері тәжірибе түрінде осындай артықшылықтардың көптеген жағдайын көрсетті. Мысалы, күміс мөңке балық топтан оқшау жүріп көбірек тамақтанады және жылдамырақ өседі, оның үстіне желінетін тамақ көлемінің артуынан ғана емес, сонымен қатар қандай да бір басқа факторлар әсерінен де. Әрбір оқшау балық топта өмір сүретін балық тәрізді тамақтанған кезде де өседі. Теңіз жалпақ құрты топта тұз құрамының өзгерістерін оқшау жүргенге қарағанда жақсырақ басынан өткізеді. Егер тарақандардың екі-үш дарасын бөлек емес, бірге ұстаған кезде бағыт-бағдар табу сынақтарынан жақсырақ өтеді. Уэлти көрсеткендей, дафниялардың бірігу артықшылығы олардың жыртқыштардардан қашуын жақсартады; мөңке балық осы шаяндардың тобымен кездескен кезде оның «көзі бір орында тұрақтамай», ол біршама уақыт қайсысынан бастайтынын таңдайтын болады. Нәтижесінде олжаның жалпы мөлшері саны аз топпен қоректену кезінен қарағанда азырақ болатын болады. Уапезш көбелек құрттарының жиналуы оларды отқұйрық торғай тәрізді сайрағыш құстардан сақтайды; олардың құрттар тобына шабуылдамай, топтан бөлінгендерін ғана жейтіндігі анықталған.
Топтық өмір сүру дараларға, атап айтқанда топтарға артықшылық беретіндігі анық. Сонымен қатар бұл жерде келесі сұрақ орынды болады: мінезқұлық осындай оң нәтижеге жетуге қалай себептеседі?
Ең алдымен даралар бірге жиналып, қалуы тиіс. Ол әр түрлі сенсорлық мүшелерге әсер ететін белгілер көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Құстарда ондай белгілер әдетте көрумен, естумен немесе екеуімен де байланысты. Қаздар мен үйректердің қанаттарындағы жарқын түспен ерекшеленетін айнашықтары әр алуан түрлерде әр түрлі және осы міндетті атқарады. Хайнрот әлемнің әр түрлі жерінен әкелінген үйректер мен қаздар жиналған Берлин зообағында болып, ұшып бара жатқан құстарды көрген кезде, егер ол құс өзіне ұқсайтынын көрсе, ұшып барып, соған қосылатындығын аңғарған. Көптеген құстардың құйрық жағындағы ашық өзіндік бедер, әсіресе балшықшыныкі, дәл осы мақсатқа қызмет етеді. Сайрағыш құстардың шығаратын шақырма дыбыстары, мысалы, сары шымшық пен құнақтардың дыбыстары, топтың сақталуына себептеседі; әрбір дара өзіндік түрге ғана тән әнмен шақырылады, оны үйірден бөлініп қалған құсты бақылаған кезде көруге болады.
Көптеген балықтар бір-бірімен алдымен көру арқылы әрекеттеседі, алайда кейбір жағдайларда хеморецепция да маңызды болып табылады. Мысалы, көкталмалар өз түрлерінің «иісін» ажыратады. Олар тіпті сол иіс бойынша жеке дараларды да тани алады, алайда оның табиғи жағдайда маңызы бар ма, жоқ па екендігі белгісіз.
Жоғары деңгейлі жануарлардың әлеуметтік мінез-құлығы қарапайым агрегация шеңберінен шығады. Кейбір түрлерде бұдан да күрделірек серіктестік белгілі. 1 тарауда айтылып өткендей, кейбір құстар «өзіне тамақ табу үшін тамақтанып отырған тұқымдас түріне» қарайды. Ол жағдай «симпатикалық индукция» немесе «әлеуметтік жеңілдік» деген атаумен белгілі; ол көптеген түрлерде байқалған және тек тамақтанумен ғана емес, сонымен қатар басқа да инстинктермен байланысты. Үйірдегі бір құс қауіп белгісін көрсетсе, қалғандары да алаңдай бастайды. Мінезқұлықтың тағы бір «жұқпалы» түрі – ұйқы. Тіпті серуендеу мен ұшу да осы тәсілмен біріктіріледі; үйірдің бірнеше мүшесі басқа жаққа кеткісі келгенін көрсеткен кезде, қалғандары оларға қосыла алады. Кенет ұшу ауаға бүкіл үйірді көтереді. Әлеуметтік жеңілдіктің барлық осы түрлерінің артықшылықтары айқын: ол даралардың іс-әрекеттерін біріктіреді, сол арқылы қандай да бір қызмет атқару кезіндегі бытырап кетуіне кедергі келтіреді.
Мұндай қарым-қатынастардың көпшілігі әрбір индивидтің қалғандарының іс-қимылына әрекет етуінің жоғары деңгейлі тенденциясына негізделген. Әлеуметтік жануарлар ұсақ-түйек белгілерге, тіпті болмашы «жыбырлауларға» да сезімтал. Аттауға немесе секіруге деген жасқаншақ талпыныс тәрізді әлсіз көрінет іс-қимылдар ниет қимылдары немесе интенциялық қимылдар деп аталады. Көптеген әлеуметтік белгілер, соның ішінде жоғары маманданғандары да, өздерінің туындыларына жатады. Ұшып бара жатып шауқарға топтың басқа мүшелеріне мұқият қарайды. Егер олар орындарында қалса, онда ол не артқа оралып, өз ниетін кейінгіге қалдырады, немесе қалғандарын өзіне қосуға итермелейді. Ол үшін ол жерде отырған дараларға жақын ұшып келіп, төмен ұшып, құйрығын тез-тез қимылдатады.Әлеуметтік серіктестіктің тағы бір түрі – біріге шабуылдау. Ол да құстар үшін барынша танымал. Көптеген құстар, мысалы, шауқарғалар, бізтұмсық шағалалар және әр түрлі сайрағыш құстар жыртқышты
«қоршап алады». Олар, мысалы, бұтада отырған қырғиды, немесе үй байғызын, немесе бұқпалап келе жатқан мысықты айнала қоршап жиналуы мүмкін. Мұндай әрекетті жиі үй торғайларында байқауға болады. Басқа жағдайда олар жоғары ұшып, әлсін-әлсін шабуылдап, қырғидың үстінен тығыз үйірмен ұшады.
Кейбір кездері мұндай іс-әрекет барлық дараларда бір уақытта басталуы мүмкін, себебі олардың әрбіреуі жыртқышты бірден көреді. Егер оны үйірдің бір мүшесі ғана көретін болса, ол дабыл көтеріп, басқаларын хабарландырады. Дабыл айғайы – бүкіл топ қызығушылығына қызмет ететін, алайда жеке индивидті қорқытатын іс-әрекеттің айқын мысалы.
Бірыңғай шабуылдардың атқаратын қызметтері әр түрлі. Егер жыртқыш аш болмайтын болса, онда ол мұндай шабуыл басталмастан бұрын қашуға тырысады. Мысалы, қырғи шынымен аш болатын болса, яғни қарқынды аңшылық жасаса, онда шабуылдаушы құстар оның мазасын алмайды да. Алайда оның басқа олжаны іздеуге бағытталған назарын аудартады. Ителгі-лашын қуған қараторғайлар мен балшықшылар тәрізді жауға шабуыл бірігіу тірі қалу тұрғысынан құндылық болып табылады; олжаға шаубылдаушы лашын басқаларынан бөлініп шыққан дараны таңдауға тырысады, себебі өзінің орасан зор жылдамдығының салдарынан қалың құсты жара ұшып, ол өзі де зардап шегуі мүмкін. Қауіп белгісінің міндетті түрде дыбыстық болуы немесе көзге көрінуі міндетті емес. Көптеген әлеуметтік құстарда ол химиялық сипатта болып табылады. Шортан немесе алабұға үйірден көкталманы ұстап алған кезде, қалғандары бытырап кетіп, ол орынға енді оралмайды. Олар ұзақ уақыт бойы мұқият болып, жыртқыш көрінген кезде бірден пана іздей бастайды. Ол өлген тұқымдасы терісінен шыққан затқа деген ольфакторлық реакциясымен шарттасқан. Оны аквариумдағы көкталмадан да көруге болады, ол үшін оның тамағына теріден кесіп алынған экстрактты қосса жеткілікті. Ол зат әр түрдікі өзінікі, оған деген реакция да өзгеше, оның үстіне балықтар өз тұқымдастарының
«қорқыныш затына» ғана әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |