Ата – аналық мінезқылықтың азық табушы мінезбен өзара байланысы. Уылдырықтарын ұяға шашатын тилампия балықтарында, жас шабақтарын қорғау үшін ата –анасының екеуіде қатысады. Олар шабақтарын қамқорлықпен бағады, ал отарынан қалып қалғандарын әкесі ауызымен ұстап, ұяға апарады. К.Лоренцтің бақылауы көрсеткендей, тилампия балықтары өз балаларын азықтық объектілерден ажыратуға қабілетті. Ол келесі эксперименттерді сипаттады. Бірде шабақтардың біразы, кешке қарай аналығы күзетіп тұрған ұяларында болған кезде, аквариумға бірнеше құрттар тасталды. Аналық азықтан бастартты, ал аталығы құрттарды ұяға жинады. Ол құртты ұстап алып, шайнай бастады. Осы кезде, қалып қойған шабақтарын байқап қалды және ол құрттарды тастап, балаларын ауызына кіргізді. Демек аталықтың алдындағы мәселесі: ол құртты жұтып қойып, шабақтарды ұясына жіберуі керек еді. Аталығы бірнеше секунд қозғалмады және оның сезімінің үрейленгенін бірден байқауға болады. Ал, кейін ол шешім қабылдады – ауызының ішіндегін аквариумның түбіне дейін шашып тастады және шабақтарын бақылап, құрттарды қомағайлықпен жеп қойды. Одан кейін шабақтарды қайтадан алып, ұясына апарды.