Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Амфибиялардың асыл тұқымды сөмкешесі



бет110/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Амфибиялардың асыл тұқымды сөмкешесі. Бақалардың кейбір түрлері уылдырықтары мен дернәслдерін арайы сөмкешелерге шашады. Сөмкеше түзетін терінің даму кезеңінде, олар өздерінің құрылыстарын өзгертеді. Одан улы бездер, пигментті торшалар жоалады және креатин сорылады. Ол нәзіктенеді және тамырларға қанығады. Австралиялық сөмкелі бақаларда сөмке – қалталары аталықтарынң шат аумағында болады. Дамыған уылдырықтары жерге түседі, ал одан шыққан дернәсілдері ата – аналарының сөмкешесіне өз бетімен кіреді. Үлкен саруызды қапшықтары олардың жеткілікті түрде азықтануын қамтамасыз етеді және метаморфозға дейін сөмкешеде қалуға мүмкіндік туғызады. Кейбір амфиялардың сөмкешелері қоржын секілді арқасында немесе қарынында орналасқан.

Дарвиннің ринодермасы – кішкентай су бақасының атаылығы уылдырықтарын тамақ астындағы қапшыққа салады. Одан шыққан дернәсілдер екң алыдымен саруызды қапшықпен жабдықталады. Ол жерде азықтардың жеткілікті мөлшері жиналған. Бұл кезеңде олар емін – еркін ауыса алады.

Азықтың эмбрионалдық қоры тааусылғаннан кейін, дернәсілдер тамақ қапшығының қабырғасына арқасымен және құйрығымен өұзарып өседі. Нәтежиесінде қапшықтың ішінде біріне – бірі құрсақ қуысымен жанасып жатқан дернәсілдердің екі қабаты пайда болады, олардың құйрығы мен аоқасындағы терісінің құрылысы ерекше, олар даму үшін қажетті оттегіні әкесінің қанынан алуға мүмкіндік туғызады. Ринодерма кішкене бақалары өзінің жастық шағын темекі қорабшасы секілді қорапта буып – түйілген күйінде өткізеді. Метаморфоз аяқталып, құйрығы толық редукцияға ұшыраған кезде, балалары ата – аналарының терісімен байланысын үзеді. Оларға әкелік қамқорлық қажет емес және кішкене бақалар оның ауыз қуысынан кетеді. Одан кейін, әкесінің тамақ асты қапшығы ақырындап қалыпына келе бастайды және аталық өзінің әдеттегі азықтану мүмкіншілігін қалыпына келтіреді. Ринодермаға жүйелігі бойынша жақын бақалардың тағыда бір түрінде осыған үрдістер аталығының қарнында жүреді. Бұл жағыдайда, метаморфозға қажетті және қосымша азықтық заттарды дамушы кішкентай бақалар дернәсіл бөлігін сору есебінен алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет