Жылуды реттеумен байланысты мінезқылық. Пойкилотермді ағзалар. Пойкилотермді ағзаларға (грек. poikilos – өзгеретін, ауыспалы) құстар мен сүтқоректілерден басқа органикалық әлемнің барлық таксондары жатады. Оның атауы осы топтың өкілдерінің барынша көрінетін қасиеттерін атап көрсетеді: қоршаған орта температурасының өзгеруіне байланысты кеңінен өзгеретін дене температурасының тұрақсыздығы осыған тән. Дене температурасы. Пойкилотермді ағзалардың жылу алмасуының басты ерекшелігі метаболизм дейгейінің төмендігі арқасында қуат көзін сыртқы шығару болып табылады. Пойкилотермді ағзалардың дене температурасының сыртқы орта температурасына, дәлірек айтқанда сырттан келетін жылу ағымына тура тәуелділігінің түсіндіріледі, себебі пойкилотермді формалардың радиациялық жылытуды қолдануында.
Дене температурасы мен орта температурасының толық сәйкестігі сирек кездеседі. Көптеген жағдайда осы көрсеткіштер арасында белгілі бір айырмашылық болады. Ортаның төмен және қоңыржай диапазондарында есін жиған жағдайдағы ағзалар денесінің температурасы жоғары, ал ыстық жағдайда – төмен болып келеді. Дене температурасының орта температурасынан артуы алмасу деңгейі кезінде де эндогенді жылудың шығуымен түсіндіріледі – дәл осы дене температурасының артуын туындатады. Ол негізінен белсенді қимылдайтын жануарларда байқалады. Мысалы, қалыпты жағдайдағы бунақденелілерде дене температурасының орта температурасынан артық болуы градустың оннан бір бөлігімен көрінсе, белсенді ұшып жүрген көбелектер, аралар мен басқаларында температурасы сыртта 100С болғанына қарамастан 36-400С деңгейінде сақталынады.
Ыстық аптап кезіндегі сыртқы орта температурасына қарағандағы дененікінің төмен болуы ең алдымен температураның жоғары және ылғалдылықтың төмен болуы кезінді артатын булану салдарынан жылуды жоғалтумен байланысты.
Пойкилотермдердің дене температурасының өзгеру жылдамдығы оларды көлемдерінің кері тәуелділігімен байланысты. Ол ең алдымен салмақ пен үстіңгі беттің қатынасымен анықталады: ірі формаларда дененің салыстырмалы үстіңгі беті азаяды, сәйкесінше ол жылуды жоғалту жылдамдығын да төмендетеді. Ол әр түрлі тұқымдастар үшін температурасы белгілі бір қалыпты географиялық аудандарды немесе биотоптарды мекендеу мүмкіндігін анықтағандықтан орасан зор экологиялық мәнге ие. Мысалы, суық суларда ауланған ірі терілі тасбақаларда тұңғиықтағы дене температурасы теріс болған, су температурасынын 180С жоғарырақ; ол тасбақалардың дәл сол үлкен көлемдері мұхиттың ең суық аудандарына енуге мүмкіндік береді, ал ол көлемі кішірек түрлерге тән емес.
Енжар тұрақтылық.Қарастырылып отырған заңдылықтар шеңберінде белсенді тіршілік сақталатын температура өзгерістерінің диапазонын қамтиды. Суыққа төзімді өсімдіктердің «шынығуы» - кезең бойынша жүріп өтетін және ағзадағы біршама күрделі физиологиялық және биохимиялық өзгерістермен байланысты белсенді маусымдық үдеріс. Жануарларда табиғи жағдайда естен тануға өту үдерісі де көптеген жағдайда маусым бойынша жүреді және ағзадағы физиологиялық өзгертулер кешенімен анықалады. Естен тануға өту үдерісі қандай да бір көлденең факторлармен реттелуі мүмкін, осыған байланысты объективтік материал кеңінен тұжырым жасау үшін жеткіліксіз болып табылады.
Температурлық адаптация.Пойкилотермді тірі ағзадер барлық орталарда, температуралық шарттары әртүрлі жерлерде таралған. Барлық жағдайларда температуралық реакцияның принциптерін сақтай отырып, әр түрлі түрлер мен тіпті популяцияның бір түрінің ерекшелігіне сәйкес климатқа өз шыдамдылығын көрсетеді. Атап айтқанда, ол жылу және суық нысандарынан өз көрінісін табады, яғни суық климатта мекендейтін түрлер жоғары температураға қарағанда төмен температураға шыдамды болып келеді, ал жоғары температурада мекендейтін түрлер кері реакцияны көрсетеді.
Артикалық және антрактикалық балықтар керісінше, төмен температураларға жоғары төзімділігін және температура жоғарлағанда өте сезімтал екенін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |